1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық бейнелерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін көрсететін постер құрастыру



бет34/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық бейнелерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін көрсететін постер құрастыру.
Математика негіздері
Жиын
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.
Сан, санау
5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға «Нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.
Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «Қанша болды?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.
Шама
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан-жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.
Геометриялық фигуралар
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
Кеңістікті бағдарлау
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.
ОСЫ ӘДІСТЕР БОЙЫНША ҚҰРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет