1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


эвристикалық оқыту технологиясына тоқталайық



бет38/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

эвристикалық оқыту технологиясына тоқталайық. Эвристика – жаңа ғылыми пән. Философия, кибернетика, психология және педагогика ғылымдар мамандары эвристиканы әрқайсысы өз тұрғысынан анықтайды. Кибернетиктер эвристиканы есеп шығаратын машинаның не адамның жұмысының тиімділігін жақсартуға байланысты әдістер мен тәсілдер деп санайды.
Психологтар эвристиканы шығармашылық ойлануды зерттейтін психологияның бір бөлімі деп анықтайды. Педагогтар эвристиканы есеп шығарудың тәсілдері мен әдістері туралы ғылым саласы деп түсінеді.
Америка математигі Д.Пойа «эвристиканың мақсаты жаңалық ашуға әкелетін ережелер мен әдістерді зеттеу» . Жаңалық ашу үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында ойыңа жаңа идея келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет. Д.Пойа есеп шығарудың төмендегідей схемасын береді:
Есептің берілуін түсіну.
Есеп шығарудың жоспарын құру.
В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясын қарастырайық.
XX ғасырдың 70-жылдарында СССР дің халық мұғалімі Виктор Федорович Шаталов оқушыларды оқыту және тәрбиелеудің жетілген тамаша жүйесін құрды. Ол әлемнің көптеген мемлекеттеріне әйгілі болды. Мысалы, Шаталов технологиясы Қытайда тек мектепте ғана емес, сонымен қатар кәсіби және әскери училищелерде қолданылады.
В. Ф.Шаталов өзінің әдістемелік жүйесінде 7 қағидаға сүйенген. Бұл қағидалардың кейбірін Л.В.Занковтан алған. Олар:
1) Жоғары күрделі деңгейде оқыту;
2) Конфликтсіздік;
3) Жоспардан озық ілгері жүру;
4) Ашық перспективалар;
5) Бірнеше рет қайталау;
6) Теориялық білімге үлкен мән беру;
7) Ашықтық.

В.Ф.Шаталовтың жүйесінде: а) өтілген материал бірнеше рет қайталанады; ә) білім қабылданғаны тексеріледі; б) білім бағаланады; в) есеп шығару әдістемесі бар; г) тірек конспектілері қолданылады; д) балалармен спорттық жұмыс жүргізіледі. Сабақты жоспардан озық ілгері жүру қағидасы, оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға және басқа оқушылармен ынтымақтастықта өздігімен білім алу қабілетін қалыптастыруға бағытталған .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет