37. Майлардың қорытылуы және сіңуі. Майлардын қорытылуы мен сіңірілуі Майлардың қорытылуы бұл панкреаттық липаза ферменті әсерінен майлардын гидролиздену процесі. Ересек адамдарда майлардың қорытылуы тек Матема Медиц ішекте келесі схема бойынша өтеді: өттің бөлінуі майлардың Mestes эмульгирленуі панкреаттық липазаның әсері. Бұл ферменттің әсері үшін келесі жағдайлар қажет: бейтарапқа жақын рН мәні, колипаза белогы. Менед Мунай Колипаза панкреаттық липазамен бірге, ұйқы безінде синтезделіп, Myparat секреттеледі. Қажетті рН мәні (асқазаннан түскен қышқылдың құрамы) ұйқы безінен бөлінетін бикарбонатпен бейтараптанады. Липидтердің ыдырауы 12 елі ішекте өтеді. Ол ұйқы безі сөлінен түсетін липаза және өт құрамындағы коньюгирленген өт қышқылдары қатысуымен атқарылады
38. Фосфолипидтердің.қорытылуы, олардың ыдырау өнімдерінің сіңуі. Фосфолипидтер (немесе фосфатидтер) негізінен жогары май қышқылдарының қалдықтарынан, глицеринен не басқа да түрлі көп атомды спирттерден, фосфор қышқылынан және азотты негіздерден қүралады.
Фосфолипидтер — майларға жатады. Майдың бір шетіндегі орналасқан май қышқылының орнына фосфор қышқылының қалдығы арқылы фосфолипидті радикал байланысқан. Фосфолипидті радикал ретінде холин, серин, инозитол немесе этаноламин болуы мүмкін. Фосфолипидтер биомембрананың маңызды құрамдас бөлігі.Фосфолипидтер күрделі липидтер,эфирлі көпатомды спирт және майлылығы жоғары қышқылдар болып табылады.Құрамында фосфор қышқылының қалдығын және оған қосымша әртүрлі химиялық атомдардан тұрады.Фосфолипидтер құрамына байланысты 3 топқа бөлінеді:
глицерофосфолипидтер (глицерофосфатидтер)- глицерин қалдығынан тұрады.
фосфосфинголипидтер
фосфоинозитидтер
Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуі жасуша тіршілігінде маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Осы молекулалар жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды.Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады
Фосфатидилхолин (лецитин) - негізгі фосфолипидтердің біреуі, ол екі жолмен түзіледі. Оның бір жолын de novo («басынан бастап»), екіншісін «құтқарушы» деп атайды. (А. Ленинджер, 1985). Фосфолипидтердің анаболалық реакцияларына цитидинтрифосфат (ЦТФ) қатысады. Оның көмегімен фосфохолин мен фосфоэтаноламин активтенеді. Бұл екі жағдайда да синтез диацилглицерол арқылы жүреді. Диацилглицеролдың түзілу механизмі жоғарыда қарастырылды.
39. Үшглицеридтердің синтезі. Май кышқылдары мен глицериннің активтену процесі. Май кышқылдары: қаныққан және қанықпаған больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин, стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал қанықпаған май қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т.б қышқылдар жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майының құрамында глицерин, пальмитин және стеарин қышқылдары бар. Пальмитин қышқылы 43°С-та, ал стеарин қышқылы 60°С-та ғана ериді. Яғни, су қайнағанда глицерин су молекуласымен байланыс түзеді де, ал май қышқылдары сұйықтықтың беткі қабатында қалықтап, гидрофобты қасиет керсететіндігін күнделікті түрмыстан аңғаруға болады. Өсімдік майының құрамында канықпаған май қышқылдары көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында сұйык күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының қалдығынан тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5—-10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин сүтінің 40%-ы майдан тұрады. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады.