1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Нуклепротеидтердің асқазан мен ішектерде ыдырауы. Ыдырау өнімдерінің сіңуі



бет27/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
биохимия ответы

52. Нуклепротеидтердің асқазан мен ішектерде ыдырауы. Ыдырау өнімдерінің сіңуі.
Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.
Қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
Азык-түлік өсімдіктер мен жануарлардан алынып, өңдеу нәтижесіндегі адам керегіне айналатын заттар.
Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі.
53. Хромопротеидтердің алмасуы,олардың тканьдердегі өзгерістері
Хромопротеидтер (хромо… және протеид — күрделі белок) — түсі күрделі белоктар. Хромопротеидтердің құрамында хромопротеидтердің спектрін және оның түсін анықтайтын простетиктік топтар болады. Простетиктік топтардың құрылымының байланысына қарай хромопротеидтер: гемопротеидтер, флавопротеидтер, ретинилиденпротеидтер, фикобилиндер, т.б. болып бөлінеді. Хромопротеидтер энергияның түрленуімен, тасымалдануымен байланысты процестерге (мысалы, тыныс алу, фотосинтез, көру, т.б.) қатысады.Хромопротеидтер (хромопротеиды); (грек, chroma — түс, бояу және протеидтер — күрделі ақуыз) — құрамында ақуызсыз боялған заттар болатын күрделі протеиндер. Бұларға организмдегі тыныс алу процесін іс жүзіне асыратын эритроциттер құрамындағы гемоглобин, бұлшық еттердің түсін анықтап, олардағы тыныс алуды қамтамасыз ететін миоглобин, кейбір фе;.:чснттер, мысалы, каталаза және т.б. ферменттер жатады.
5. Хромопротеидтер (гректің chroma – түс, бояу және протеидтер деген екі сөзінен тұрады) – боялған күрделі белкотар. Оған гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза флавиндік ферменттер жатады.
Гемоглобин (гректің haima – қан деген сөзінен шыққан) глобин белогының және простетикалық топ гемнен тұрады. Гемоглобин молекуласы Hb таңбасымен қысқаша таңбасымен белгіленеді.
Адам ішіндегі нәрестенің гемоглобині феталь (латынның – іштегі нәресте деген сөзінен шыққан) деп аталады. Қысқаша атауы – HbF.
Суббөліктің молекулалық массасы 16 000, гемогелобин молекуласынікі (16 000 ∙ 4) = 64 000.
Суббөліктің әрқайсысында 1 гем бар. Гем дегеніміз – күрделі қосылыс. Ол екі валентті темірмен байланысқан порфириннен құралады. Порфириннің 15 изомері бар. Оның бір изомері – протопорфирин IX гемнің құрамына кіреді. Протопорфирин IX қосылысының қаңқасы 4 пиррольдық сақинадан құралған. Ол сақиналар өзара метин тобы (= СН - ) арқылы байланысқан.
Гемоглобиндер қан эритроциттерінің құрамына кіреді. Бір эритроцитте 400 млн шамасына дейін гемоглобин молекулалары болады. Гемоглобиннің әр молекуласы оттегінің төрт молекуласымен байланыса алады. Гемоглобин құрамында оттегі гемдегі екі валентті темірге қосылады, бұл процесті оксигенация деп атайды. Оттегімен байланысқан гемоглобинді оксигемоглобин, оттегімен байланыспаған бос гемоглобинді дезоксигемоглобин деп атайды.
Гемоглобин молекуласы әртүрлі қосылыстармен өзара әрекеттесе алады. Көміртегі (II) тотығының организмге улы әсер етіп уландыруы гемоглобиннің көміртегі тотығымен СО көп жағынан өте ұқсас және ол тотықтың оттегімен салыстырғанда 300 еседей активті болуына байланысты.Осының нәтижесінде ол эритроцитпен кездескен кезде оның құрамындағы оксигемоглобиннен оттегін ығыстырып шығарады да, карбоксигемоглобин түзеді.
Бұл реакция қайтымды. Иіс тиіп уланған адамды таза ауаға шығарған жағдайда көміртегінің тотығы СО ығыстырылып шығарылады да, гемоглобин қайтадан әрекеттесіп, оксигемоглобин түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет