1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Информациялық РНҚ, құрамы, құрылысы, қызметі



бет23/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
биохимия ответы

45. Информациялық РНҚ, құрамы, құрылысы, қызметі.
РНҚ – бір полинуклеотидті тізбектен,4 әртүрлі нуклеотидтерден: құрамы қант – рибозадан, фосфаттан және 4-азотты негізден –аденин,гуанин,цитозин және урацилден тұрады.Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) – бұл сызықты тарамдалмаған полирибонуклеотидтер, рибонуклеозид монофосфатрибонуклеин қышқылының (РНҚ-ның) құрылым бiрлiгi болып табылады.Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.
Бактериялар, өсімдіктер және жануарлар жасушаларында құрылымы, метаболизмі және биол. қызметтері әр түрлі РНҚ типтері кездеседі. Мысалы, рРНҚ рибосоманың құрамына еніп, жасушадағы РНҚ-ның негізгі массасын құрайды және көлемі, құрылымы түрлі организмдерде әр түрлі болады. Клеткада негізінен рРНҚ-да ақуыздың биосинтезі жүреді; тРНҚ жасушада амин қышқылдары қалдықтарын жалғастырып алып, оны ақуыз синтезі өтіп жатқан жерге тасымалдайды Әрбір амин қышқылының өзіне сай арнайы тРНҚ (әдетте бірнеше) болады. Барлық тРНҚ жоңышқа жапырағына ұқсас макромолекулалы құрылымға ие. Олардың рибосомаға және аРНҚ-на жабысатын, үш нуклеотидтен тұратын (антикодон) және амин қышқылы қалдығын жалғастыратын аймақтары бар. РНҚ-ның барлық түрлері жасушада ДНҚ матрицасында синтезделеді, соның нәтижесінде ДНҚ-ндағы дезоксирибонуклеотидтер тізбегінде комплементарлы рибонуклеотидтер тізбегі құрастырылады, мұны транскрипция процесі деп атайды. Клетка ядросында матриц. РНҚ-ның (мРНҚ) бастамасы болып келетін алып молекулалар табылған, олардың көп бөлігі ядрода ыдырайды да, аз бөлігі цитоплазмаға өтіп, нағыз мРНҚ-ын құрайды.Тірі клеткаларда РНК-ның бірнеше түрлері бар ақпараттық(а-РНК), тасымалдаушы (транспорттық) (т-РНК), және рибосомалық (р-РНК). Бұлар бір-бірінен құрамы, молекулалық массасы және атқаратын қызметі жағынан әр түрлі. Бұл РНК-ның әрқайсысы белоктар биосинтезінде ерекше роль атқарады.РНК молекуласының біріншілей құрылымы дегеніміз ондағы нуклеотид қалдықтарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуын айтады.
РНК-ның екіншілей құрылымы – оның полинуклеотидтік тізбегінің орамдалған түрі.
РНК-ның үшіншілей құрылымы сыртқы орта жағдайына (тұздар концентрациясы, температура) байланысты бір тізбектің кеңістікте ретсіз немесе доп домалақ болып, не тығыз таяқша тәрізді түрінде орналасуын айтады.
мРНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның белгілі учаскесінде синтезделеді жəне сол геннің көшірмесін дəл түсіріп алады. Осындан кейін мРНҚ ядродан цитоплазмаға шығады да, рибосомалармен қосылады, ақуыз синтезі осылайша басталады.
АҚПАРАТТЫҚ РНҚ
Егер жасушаға бір нәруыз кажет болса, сол сәтте ядродағы ДНК-ның бір тізбегінде аРНҚ синтезделеді де, рибосомаға барады. Нәруыз биосинтезі аяқталғаннан кейін аРНҚ ыдырап кетеді. Сондықтан болу керек — аРНҚ бактерияжасушаларында 5 минут, жануарлар жасушасында 12—16 сағат, ал кейбір жасушаларда бірнеше күнге дейін сақталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет