1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Белоктардың ткандердегі биосинтезі. Оның реттелуі



бет25/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
биохимия ответы

48. Белоктардың ткандердегі биосинтезі. Оның реттелуі.
Белоктар бүкіл тірі организмдер құрамына кіретін заттардың ішіндегі ең маңыздысы және олар клетка протоплазмасының негізгі бөлігі.
Белоктық заттар өсімдікте түзіледі. Ол үшін азот қосылыстары пайдаланылады. Ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа құрамындағы азотты пайдаланып, белок түзе алады. Жануарлар дүниесі және адам белокты аминқышқылдарынанжәне басқа да азоты бар органикалық заттардан синтездейді. Олар ондай заттарды өсімдіктерден және басқа өздері қорек үшін пайдаланатын жануарлардан алады.
Белоктардың ең қарапайым құрамына мынадай элементтер кіреді. (%, есебімен): С 50-54; Оттегі 21,5-23,5; сутегі 6,5-7,3; азот 150-176; күкірт 0,3-2,5.
Белоктар құрамында темір, фосфор, цинк, кобальт, марганец, молибден, йод, мыс жәнет.б. элементтер шағын мөлшерде кездеседі.
Белоктар үлкен молекулалы зат, ол жартылай өткізгіш мембранадан өте алмайды. Ерітіндінің түбіне шөгу уақытына, еріткіштің температурасына, тығыздығына және тұтқырлығына байланысты есептеу жолымен белоктың массасын анықтайды (Т. Сведберг әдісі). Белоктардың молекулалық массасы дальтон (Д) өлшемі бойынша беріледі. Кейде молекулалық массаны килодальтон (КД) өлшемімен де береді. 1Д сутегі атомының массасына тең болады (1,6∙10-24 г.)
49. Белоктардың асқазан мен ішектерде қорытылуы. Ыдырау өнімдерінің сіңу
1838 жылы голланд оқымыстысы Мульдер алғашқы рет барлық тірі ағзада кездесетін күрделі органикалық зат «протеин» (белок) терминінің атауын қолданды.Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos — бірінші, алғашқы деген грек сөзінен алынған) органикалық қосылыстардың 50%-85%-ын құрайды. 1871 жылы орыс химигі Н. Н. Любавин (1845-1918) белоктар амин кышқылдарынан тұратынын анықтады.Белоктық заттар көбінесе өсімдіктерде түзіледі. Ол үшін топырақ қүрамындағы азотты косылыстары пайдаланылады. Бұл құбылыс, әсіресе, бұршақ түқымдастары мен майлы дақылдар (бұршақ, берібұршақ, күнбағыс) тарапынан жиі байкалады, олар белокты заттарға бай келеді.Олардың тұкымдарынан әр түрлі еріткіштермен (су, түз ерітінділері, сулы-спиртті немесе әлсіз сілтілі ерітінділер) экстракциялау арқылы белоктарды оңай бөліп алып, химиялық құрамы мен құрылысын анықтауға болады. Жануарлар дүниесі мен адам белокты амин қышқылдарынан және басқа да азоты бар органикалық заттардан синтездейді. Олар, ондай заттарды өсімдіктерден және өздері қорек үшін пайдаланатын жануарлар етінен алады.Мәселен, миксомицет клеткасы протоплазмасыньщ химиялық құрамына анализ жасағанда белоктар — 20,15%, пластидтер — 8,42%, нуклеин қышқылдары — 3,68%, азотты экстракт заттар — 12,00%, майлар — 17,85%, лецитиндер — 4,67%, холестерин — 0,58%, микоглюкозан — 1,78% және анықталмаған белгісіз заттар — 5,87% болатыны анықталды.Сайып келгенде, өсімдіктер протоплазмасындағы ен негізгі химиялык зат — белок клеткада болатын тіршілік қасиеттерінің материялық негізі. Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, емір дегеніміз белоктік заттардың тіршілік ету формасы. Протоплазмадағы белок ыдырайтын болса тіршілік жойылады. Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі. Белоктардын ең қарапайым құрамына мынадай элементтер кіреді:
Көміртегі — 50-55%
Оттегі — 21-24%
Азот — 15-18%
Сутегі — 6-7%
Күкірт — 0,3-2,5%
Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, сондай-ақ аз молшерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жэне т.б. элементтер де кездеседі.
Белоктардын баска полимерлерден өзгешелігі — олар кұрылысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен мүлдем басқа, мономерлерден құралған. Белоктарға тірі ағзадағы жүретін коптеген негізгі функциялар бағынышты. Мысалы: клетканың өсуі мен дамуы, ас корыту, кобею, нәсілдік немесе тұкым қуалаушылық қасиеттердің берілуі, тітіркенгіштік, бұлшықеттердің жиырылуы, антигендер мен антиденешіктердің пайда болуы, қайтадан байланыстыру мен тіршілікке қажетті заттарды алып жүру және т.б.
Белоктар — құрамында коп молшерде амин қышқылдары бар, өте күрделі жоғары молекулалы органикалык қосылыстар қатарына жатады. Белоктың молекулалык салмағы оте жоғары болады.
Мысалы: альбуминнің молекулалык салмағы — 17400, ал гемоглобиннің — 68000 болса, белоктардың молекулалық салмағы — 15 000 000-ға дейін жетеді.
Ағзалардағы зат алмасу, кобею, ағзаның өсуі, тітіркенгіштігі, бұлшық еттің жиырылуы, бездердің жұмысы белоктармен тығыз байланысты. Белок жок жерде тіршілік те жоқ. Белоктар барлык тірі зат атаулының негізі, құрамды бөлігі болады. Ағзада белоктар алуан түрлі қызметтерді аткарады. Белоктар клеткалар мен ұлпадан кұрылған пластикалык құраушы материал. Құрылымдық белоктар клетканың сыртқы кабығының клетка ішіндегі мембраналардың кұрылысына катысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет