1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Амин қышқылдарының қайта аминдену, карбоксилсіздену және аминсіздену реакциялары. Олардың маңызы



бет26/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
биохимия ответы

50. Амин қышқылдарының қайта аминдену, карбоксилсіздену және аминсіздену реакциялары. Олардың маңызы.
Аминқышқылдар (аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) — молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин)) Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.Құрамында әртүрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Ақуыз биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі.
51. Аммиактың тканьдердегі залалсыздануы.Мочевинаның Кребс теориясы бойынша түзілуі.
Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Альфа-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминдеуі-аммиакты байланыстырудың өте тиімсіз процесі,өйткені бұл реакция аминқышқылдадың тотығып дезаминденуіне кері процесс болып табылады.
Бауырда аммиак мочевина түзу арқылы толық залалсызданып, организмнен бөлінеді Организмде аммикты залалсыздандырудың негізгі жолы мочевина синтезі болып табылады. Мочевина бауырда смнтезделеді. Мочевина синтезін 1932 ж. Г. Кребс және К. Гензеляйт ашқан. Аммиактан мочевина түзілу циклді процесс, оны орнитин циклі немесе цитруллин теориясы деп атайды
Мочевина синтезі 5 тұрады:
1.Макроэргиялық қосылыс карбамоидфосфаттың түзілуі. Бұл энергия қажет ететін процесс, 2 молекула АТФ жұмсалады. Процесс бауыр митахондриясында жүреді, карбамоидфосфатсинтаза ферментті катализдейді.
2.Цитрулиннің түзілуі. Карбамоилфосфат орнитинмен конденсацияланып цитруллин түзіледі. Рефкцияны орнтин-карбамоилтрансфераза катализдейді.
3. Аргинин-янтарь қышқылының (аргининосукцинат) түзілуі. Бұл реакцияны арининосукцинатсинтетаза катализдейді және тағы бір молекула АТФ жұмсалады. Цитруллин аспарагин қышқылымен конденсацияланып аргининосукцинат түзеді.
4. Аргининнің түзілуі. Аргинин-янтарь қышқылы аргининосукцинат лиазаның қатысуымен аргинин мен фумаратқа ыдырайды.
5. Мочевинаның түзілуі. Аргинин аргиназа әсерінен мочевина мен орнитинге ыдырап, цикл тұйықталады. Оргинин катализатор сияқты циклге қайта түседі. Мочевина усыз, суда еритін қосылыс, зәрмен шығарылады.
Қорытынды теңдеуі:
СО 2+NH2+2H2O+ Аспартат Мочевина+ +2АДФ+АМФ+Фумарат+2Рi+PiPi
Мочевина синтезі көп энергия қажет ететін процесс. Бір молекула мочевина түзу үшін 3АТФ (2 молекула АТФ карбамоилфосфаттың және 1 АТФ аргинин –янтарь қышқылы синтезіне) жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет