1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —


 Биореактор(ферментер,ферментатор):биореактор түрлері, биореактор құрылымы



бет6/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Биотех читать

5. Биореактор(ферментер,ферментатор):биореактор түрлері, биореактор құрылымы.
Биореактор – бұл микробиологиялық синтез процесінде культуралық сұйықтықты араластырып тұратын құрал. Биотехнологиялық өндірісте дəрілік жəне ветеринарлық, вакцин, метан, тағам өнімдерін (ферменттер, тағамдық қоспалар, глюказалық сироптар) өндіруде, сонымен қатар крахмал биоконсервілері жəне полисахаридтік жəне мұнай ыдыратқыштар өндірісінде қолданылады.Биореакторларды өте жоғары сапалы болаттардан немесе кейбір кездері титаннан жасайды.Биореактордың ішкі жағы жылтырланған тегісті болуы қажет.
Оның құрылысында контейнер болады оның сыйымдылығы қондырғының мақсатына, бағасына және технологиялық функцияларына байланысты: кішігірім көлемі 1 — ден 10 литрге дейін, ірі өнеркәсіптік-1000 литрге дейін. Резервуардан басқа, ферментерлер араластырғыштармен, бу көйлегімен, көпіршіктермен және сүзгілермен,қыздыру және салқындату аппаратымен,термостатикалық ванналар,тығыздайтын жинақ(уплотнительный узел).
Механикалық, аэролифттық жəне газ құйынды биореактор түрлеріне бөлінеді.
Биореактордың жұмыс істеу принципі. 
Кез келген биореактор микроорагизмдер жəне олардың клеткалары үшін оптималды жағдайлар жасауға арналған, соның ішінде олардың тыныс алуын қамтамасыз етеді, қоректі енгізеді, биореактордың газ жəне сұйық бөліктерін бір келкі араластыру арқылы метоболиттерді шығарады. Бұл жағдайда клеткаларға жылулық немесе механикалық əсерлер жасамағандұрыс.
Механикалық биореакторда араласу механикалық араластырғышпен өтеді. Бұл бір жағынан бірқалыпты араластырмайды жəне екіші жағынан микроарганизмдердің өлуіне алып келеді.
Аэролифті биораекторда газдың фазасын сұйықтық арқылы (барботажды араластыру), үрлеу арқылы орындалады. Бірақ бұл жағдайда нəтижелі араласуды болдырмайды, қажетсіз көбіктенуге əкеліп соғады.
Газ-құйынды биореактор түрінде араластыру квазистационарлы ағыстың осьтік қарсы тогымен араластырылады, беттің үстінде қысымның төмендеуінің нəтижесінде пайда болған газдың аэрациялағыш құйынымен жəне ауа ағысының суспензия бетіне үйкелісі нəтижесінде пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет