7. Биотехнологиялық өндіріс кезеңдері. Оларды атаңыз және олардағы үрдістерді сипаттаңыз.
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғилим) - тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды затарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы. Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Биотехнология өндірісінің 5 кезеңі бар. Екібастапқы кезең шикізат дайындау және биологиялық белсенді ингредиент жатады. Инженерлі эхнимологияда процестер әдетте қажетті ферменттерді берілген қасиеттерімен (рН, температура, концентрациясы)субстрат ерітіндісін дайындау және осы ферментті немесе иммобилизденген препараттар дайындау.Микробиологиялық синтезді жүзеге асыруда тұрақты қоректік орта мен таза культураны пайдалану қажет.
Штамм-продуцентті таза культурада ұстау – кез келген микробиологиялық өндірісітің басты міндеті, қажетті қасиеттері бар өнім алуда бұл өзгертулер кепілдік бола
алады.
Ферментация кезеңі-Үшінші кезеңі - ферментация кезеңі,бұнда дайын өнім қалыптасады. Бұл кезеңде, микробиологиялық өзгерістер жүреді, яғни қоректік ортаның компоненттері алдымен биомассаға, қажет болған жағдайда, дайын метаболитке
айналады.
Дайын өнім сатысы-Төртінші кезеңде культуралы сұйықтықтан дайын өнімдерді бөледі жәнетазартады. Өнеркәсіптік микробиологиялық процестерде әдетте, дайын өніммен қатар,басқа да заттардың үлкен мөлшерін қамтиды. Осылайша, бұл заттардың
қоспасын салыстырмалы концентрация ерітіндісінде өте оңай бөліп алады.
Экспорттау-Биотехнологиялық өндірістің соңғы сатысы тамақ өнімдерінің тауарлы пішіндерін дайындау.Көптеген өнімдердің жалпы ерекшелігі, олар іріуге бейім, сақтауға тиімсіз, сондай-ақ бөгде микрофлораның дамуы үшін тамаша орта болып табылады. Бұл технологтарға өнеркәсіптік биотехнология өнімдерінің қауіпсіздігін жақсарту үшін ерекше шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық мақсат үшін қолданылатын препараттар орау мен тасымалдауда герметизациялау үшін арнайы шешімдерді талап етеді, сондықтан стерильді болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |