1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —


Клондау терминіне анықтама беріңіз,Клондау механизмін ашыңыз



бет9/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Биотех читать

8. Клондау терминіне анықтама беріңіз,Клондау механизмін ашыңыз.
Клондау дегеніміз — жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі. Клондау жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тараған ағзалар және ұрпақтар 1985 ж Мюллис клондаудың полимеразалық реакция әдісін ұсынды. Сөйтіп қажет ДНҚ ферменттерін синтездеуге және олардың көшірмелерін бірнеше есе көбейтуге жол ашты. Клондау туралы алғашқы
мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген
тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен
гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру
арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның
Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет
жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Неміс
эмбриологы Г.Дриш ең алғашқы болып жасанды жолмен егіздерді алуға
болатынын дәлелдеді.Теңіз кірпісінің клеткасын екіге бөліп,екі біртипті ағза алды.
Адамды клондау дегеніміз — бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс.
Ағзаларды толығымен және жартылай клондау деп екіге бөледі:
Жартылай клондауда ағзаның белгілі бір бөлігі ғана қалыптасады, яғни қандай да бір ұлпалар.
Толығымен клондауда ағза толығымен қалыптасады.
Репродуктивті клондау нәтижесінде жалпы бүтін ағза пайда болады.Ғылыми мақсаттар бойынша мұндай әдіс бұрын жойылып кеткен,зерттелмеген немесе сирек кездесетін ағзаларды қайта қалпына келтіруде қолданылған
Терапевтикалық клондау-Алынған жасушалар керекті ұлпалар мен биологиялық құрылымдар алуда қолданады. Жүргізілген тәжірибелер кезінде жазылмайтын ауру деп
есептелген аурулардың терапевтикалық клондаудың нәтижесінде емдеуге болатындығын
көрсетті.
Механизмі: Клондау кезінде генетикалық материал бір тірі жануардың жасушасынан алынады. Бұл келесідей жасалады: бір ұрықтандырылған жасушадан (зиготадан) ядро алынып тасталады (онда ДНҚ орналасқан). Содан кейін ядро сол түрдегіжануардың жасушасынан алынады және оны ядросыз зиготаға имплантациялайды. Бұл жұмыртқа осы түрдің аналықтарының жатырына имплантацияланады және босану уақыты келгенше өсуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет