19.Тәрбие процесіндегі жұмысының формаларын талдау тиімділігін зерттеу.
Тәрбие тиімділігінің маңызды шарттары мыналар болып табылады:
1. Тәрбие істерінің міндеттерін түсіну. Бұл міндет- оқушылардың оларды өздерінің міндеттеріндей терең сезінуі үшін ой-санасына жеткізілуі керек.
2. Кез келген тәрбие ісі қызметтік және кіріктірмелік негізінде жобалануы.
3. Кез келген істе одан кейінгі міндеттердің бәрі шешімін табатын болу үшін басты буынды бөліп алу керек.
4. Тәрбие ісінің мазмұнын оны жүзеге асырудың міндеттері мен шарттарына байланысты айқындауы
5. Тиімді әдістерді, тәрбие ісінің әр кезеңі үшін жобалау. Мұнда әдістердің әр оқушының белсенділігін,өздігінен жұмыс істеуін молынан қамтамасыз етуін еске салу керек.
6. Төрбие ісін даярлау кезінде ұйымдастырылуы дұрыс жүру керек. Тәрбие ісін жасау ынталықты, талап қоюшылықты, білімділікті, зейінділікті жағдайларға тиімді бағдар таба білушілікті және мұғалімдермен, құрбыларымен өзара қарым-қатынас жасауды қажет етеді.
7. Тәрбие істері бір үлгідегі шаблонға төзбейді, олардың айырмалық белгілері — икемділік және ауқымының кеңдігі.
8. Тәрбие істері түрлі болуы керек.Көнілді істерді оқушылар есінде ұзақ сақтайды,бір істің қайталануы кері әсерін тигізеді.
9. Өткізілетін төрбие ісінің тиімділігінің басты шарты педагогтың оқушылардың әсерленушілігіне, түрлі сезімдеріне сүйене білуі болып табылады.
20.Тәрбие ісі түсінігі. Тәрбие ісі жоспарлаудың кезеңдері
Тәрбиелік іс — тәрбие алушылардың қызмет түрі, үлгі ұйымдастыруы және жүзеге асыруы. Тәрбиелік істің ерекшелігі — қажеттілік,жүзеге асырушылық.Тәрбие істері ұжымдық тәрбие істері немесе ұжымдық шығармашылық істері деп те аталады.Тәрбие ісі құрамына адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады.Сонымен бірге іс~әрекеттік көзқарас тәрбиенің мазмұндық сипатын айқындайды.Тәрбие ісінің басты мақсаты оқушылардың бойында қоғамдық органдарға, құқықтық тәртіпке және т.б. әлеуметтік әрекеттерге қатысуды қалыптастыру. Тәрбие ісі жоспарлаудың кезеңдері-
Қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар
Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмысының бағыты
Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Тәрбие ісін жоспарлауда оқушыларда ат салысып,жоспар жасасады.Егер ұстаз мен оқушы біріге жұмы жасамаса онда жоспар жеке іс емес фориальды жоба болады.
Достарыңызбен бөлісу: |