25. Бастауыш сынып оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
-Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.
IV. Жоспардың нақтылы болуы
V. Жұмысты келісіп жоспарлау.
26 Тәрбие жұмысын жоспарлаудың жалпы сипаттамасы
- Тәрбие жұмысын жоспарлау педогог қызметінің маңызды буын болып саналады. Жоспар жасау дегеніміз - Тәрбие жұмысының бүкіл барысын оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ - түйініне дейін ойластырып оны қағаз бетіне түсіріп, нәтижелерін алдын ала көре білу. Жақсы жасалған жооспар педагогтың күнделікті жұмысына жақсы көмек. Мысалы мұғалім бірінші сынып оқушыларына мектептің ережелерін үйрету, олардың жоғары дәрежеде орындай бәлуге баулу деген сияқты күш салады.
Жоспардың формалары; -Класс жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болады. Перспективалық жоспар негәзәнде аптаға, тоқсанға арналған жоспар боып табылады. Мұғалімдердің апталық жоспары тұрақты болады.Мыс:
Дүйсенбі - кітаппен жұмыс
Сейсенбі- жаңалықтар хабарламасы
Сәрсенбі-серуен, ойын, жорық
Мұғалімнің балалардың ата-аналары мен жұмысты жоспарлауға, өткізілетін әңгімелердің тақырыптарын белгілеуге комектеседі.
Бала мектепке бақытты ма? Бұл мектеп туралы?
Мен үй тапсырмасын дайынмын ба?
Үйде үнемі қандай тапсырмаларды орындайсыз?
Баланың достары кім? Сіз үйде және аулада не ойнағанды ұнатасыз?
Теледидарды қанша уақыт көресіз?
Үйде қандай жануарлар бар?
Бала оларға қалай қарайды?
Бала қандай мінез-құлықты көрсетеді: ол көптеген адамдармен тіл табысады ма,Тәкаппар, мейірімді немесе жаман ба?
Саған достарың ұнайды ма?
Сіз балаңызды жазалайсыз ба?
Қаншалықты жиі? Бала үйдегі адамдар мен таныстарды құрметтейді ма?
Достарыңызбен бөлісу: |