6. Сынып жетекшісінің құқығы мен міндетт
Қазақстандағы сынып жетекшілерінің құқықтары мен міндеттері лауазымдық нұсқаулықта жазылған. Оқытушыны жұмысқа қабылдап, сынып жетекшілікке келісім алмас бұрын, басшы жұмыскерд і(сынып жетекшіні) лауазымдық нұсқаулықпен таныстыруға міндетті.
Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:
• тәрбиеленушілердің физикалық және психикалық денсаулығы туралы тұрақты түрде ақпарат алуға;
• артта қалған оқушыларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында сыныптағы әр оқушының оқу нәтижелерін бақылауға;
• мектеп әкімшілігінің, педагогикалық кеңестің, мектептегі өзін-өзі басқару органдарының, ата-аналар комитетінің қарауына сынып ұжымының да, өзінің де атынан ұсыныс, бастама енгізуге;
• мектеп басшылығынан, сондай-ақ өзін-өзі басқару органдарынан уақтылы әдістемелік және ұйымдастырушылық-педагогикалық көмек алуға;
• сынып ұжымымен дербес тәрбие жұмысын жоспарлау, балалармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) мектептің тәрбие бағдарламасынан алшақтамайтын жеке жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, тәрбиенің жаңа әдістерін, нысандарын, тәсілдерін шығармашылық тұрғыда қолдануға;
• оқушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) сынып жетекшісінің қызметімен байланысты проблемалар немесе басқа мәселелер бойынша мектепке шақыруға;
• мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының: педкеңес, кәсіподақ және басқа да қоғамдық органдардың жұмысына қатысуға құқылы.
• тәрбиеленушінің жеке басын қорлауға, жарлық бере отырып оны іспен немесе сөзбен жәбірлеуге, т. б.;
• жазалау үшін ұпай пайдалануға;
• баланың сенімін теріс пайдалануға, оны саналы түрде адасуға жеткізуге;
• жазалау үшін отбасын (ата-аналарын немесе туыстарын) пайдалануға;
• өз әріптестерін сыртынан сөз етуге, мұғалімнің және бүкіл педагогикалық ұжымның беделін түсіре отырып, оларды қолайсыз жағынан көрсетуге құқылы емес.
• балалардың белсенділігін, жауаптылығын мадақтап, өзінің жеке жауаптылық үлгісін көрсете отырып балалармен қарым-қатынас жасауды;
• өзінің тәрбиелік мақсаттарын көруді және тұжырымдауды;
• өз сыныбының тәрбие жұмысынң жоспарын жасауды;
• тәрбиелік іс-шараларды, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыруды;
• психологиялық-диагностикалық тестерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |