1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Тәрбиелік істерді талдау әдістемесі



бет46/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Сессия Теория Айнура

3. Тәрбиелік істерді талдау әдістемесі
Баллар өте таза,ойыншыл болып келеді. Әр баланың өз алдына қойған мақсаты болады. Менің ойымша ата-ана баланың әрбір жасаған жетістігінне қуана білуі тиіс. Мейлі, ол дұрыс шықбай қалсын. Егер баланың жасаған жетістігі қажет болса, оны төмендету керек емес. Бұл арқылы баланың алдына қойған мақсатын тас-талқан етесіз. Бала таза айна сияқты ойы таза, шыншыл келеді. Кейде үлкендер балаға өз ойлары мен өз күштеріне сеніп оны бұрмалап, өз қалауын жасатып баланың психикасына әсер етеді. Керісінше баланың әр істеген шығармашылығы — үлкен жетістік. Сондықтан ұстаз оның көмекшісі, демеушісі болу керек. Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатынасуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Халық педагогикасының бір саласы- ұлттық ойын. Бұл қаншама жылдар бойы ұрпақтың керегіне жарап, сыннан өткен тәрбие құралы десек болады. Бұны біз бала ойнату деп қарамай керісінше жас ерекшелігіне сай олардың мінез-құлқын, қырағылығын, өзіндік қөзқарасын, тапқырлығын қалыптастыру құралы теп ерекше бағалайды халқымыз. Мысалы математика сабағында асық ойыны оқушының тапқырлығын, шапшаңдығын, ой-өрісін жетілдіреді. Ойын арқылы баланың бойында ойлау, тапкырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік іскерлік, шапшаңдық қасиеттер қалыптасады өзі жасаған қимылына сенім артады.
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады : әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырптарға дәрістері,”дөңгелек стол”өткізу, өнер туындалары мен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.
1. тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректер мен мысалдарды келтіруге тартылады.
2. мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады.
3. оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Демек, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады. Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрады т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын – ала анықтау барысында белгілейді. (саулнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қортындысы бойынша т.с.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет