Алға
және артқа аунау жеке, жұп және үлкен топтармен орындалады.
Алға аунау – аяқты бүгіп тіреуден, адымдан, аяқты ашып тұрудан, қолмен
тіреуден және тіреусіз, қолға треп жатудан ұмтылудан және тепетеңдік
сақтаудан, қолға тұрудан
алға аунап аяқты тіреп отыруға, отыруға, ұзын,
секріп аунау.
Артқа аунау – отырудан, аяқты бүгіп тіреуден, тік аяқпен отырудан бір
аяққа, екі аяққа тіреп, жартылай шпагатқа,
аяқты ашып треп тұруға; қолға
тұрудан, бір иықтан.
Сальто сыяқты күрделі акробатикалық жаттығуларды үйретуге
дайындайды және өзін-өзі сақтандыру дағдыларын қалыптастырады.
Алға аунау
Техника. Аяқты бүгіп, қолды алға қою (аяқты толығымен түзету). Басты
кеудеге еңкейтіп,
тізенің астынан ұстап топтану, жауырынды тигзіп аунап
аяқты бүгіп треп отыру.
Оқыту реті.
1.
Негізгі тұрудан, отырудан, арқаға жатып топтану..с. топтау, түстен,
арқаға жатып.
2. Топтауда отырып, артқа және кері қарай шайқалу.
3. Аяқтың кең ашып тіреуден аунап аяқты ашып отыру
4. Аяқты бүгіп треп отырудан аунап аяқты бүгіп треп отыру
Сақтандыру және көмек. Бір қолмен іш
және жамбас астында ұстап
тұру, екінші қолды қажет болған жағдайда оқушының басын алға еңкейту
мүмкіндігі болу үшін мойын аймағында ұстап тұру.
Артқа аунау
Техника. Аяқты бүгіп отырудан топтасып артқа шайкалу кезнде матқа
алақанмен иықтың қасына бас сызығына тіреп және қолды тез жазып бастан
тоңқалаң асып аяқты бүгіп треп отыруға келу.
Оқыту реті.
1. Негізгі тұрудан, отырудан, арқаға жатып топтану..с. топтау, түстен,
арқаға жатып.
2. Аяқты тіреп отырудан артқа шайқалып жауырынға тұру аяқты бүгіп
бастан жоғары еденге тигзу.
3. Аяқты тіреп отырудан артқа шайқалып қолмен бастың тұсына
алақанмен тіреу.
4. Сол сияқты, бірақ қолға тіреліп денені комекпен көтеру.
Сақтандыру және көмек. Бүйірімен арқаға және төменнен иықтың
астына көмек көрсету, Бас арқылы бұруды жеңілдету.
Достарыңызбен бөлісу: