Артқа өте жоғары сермеу (ең төменгі биіктік —
иық осінің деңгейі, ең
жоғарғы — шектелмейді) орындап, гимнастшы денені оң жаққа қарай
ығыстырады, сол қолды оң қолдың алдында оң ағаштан ұстап, оң қолды оң
жаққа созамыз, сол қолға тіреліп шалқайып сол қолмен ағаштан ұстап секіріп
түсу.
Оқыту реті:
1. Төменгі брусьның шетінен ішке қарай тіреуден, жіптен немесе гимнастика
таяқшасынан сермеп секріп түсу;
2. Төменгі брусьядан көмекпен артқа сермеп секіріп түсу;
3. Төменгі брусьядан өз бетімен артқа сермеп секіріп түсу;
4. Жоғары брусьяда көмекпен артқа сермеп секіру.
5. Жоғары брусьяда өз бетімен артқа сермеп секіру.
Сақтандыру және көмек. Сақтандыру және көмек брусьяның алдында
жанына
тұрып көрсетіледі, аяқты ағашқа соғуды болдырмайды.
Сыртқа қарай ағаштың шетіне тірелуден аяқты ашып секріп түсу (68
сурет
).
Техника. Ағаштың шетінен аяқты ашып секріп түсу, бетпен сыртқа қарай
сермеуден орындалады.
Сермеудің артқа шеткі нүктесінде (көлденеңінен бірнеше жоғары) шалқайып
иықты алға жылжыту, содан кейін жамбас буындарында сәл бүгілу, қолмен
итерумен
бір уақытта аяқтарын ашып, ұшу фазасында шалқаю және секріп
түсу.
Оқыту реті:
1. Еденге тіреп жатудан бүгіліп аяқты ашып треп тұруға көшу, (аяқты бүгуге
болмайды);
2. Брусьяның ағашында тіреп жатудан бүгіліп аяқты ашып треп тұруға көшу,
(аяқты бүгуге болмайды);
3. Төменгі брусьяның ұшынан алға қарай бір аяқты
сермеп өткізіп секіріп
түсу;
4. Көмекпен төменгі брусьяның ұшынан алға
қарай екі аяқты екі ағаштан
сермеп өткізіп секіріп түсу;
5.Оз бетімен төменгі брусьяның ұшынан алға қарай екі аяқты екі ағаштан
сермеп өткізіп секіріп түсу;
Сақтандыру және көмек. Сақтандыру және көмек жанында және сәл алда
тұрып.
68 сурет.