1-дәріс. Гляциологияның мазмұны мен негізгі бағыттары


-дәріс. Мұздықтардың мониторингі және гляциологиялық болжаулар



бет13/15
Дата16.11.2022
өлшемі246.15 Kb.
#464962
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дәрістер ГН

13-дәріс. Мұздықтардың мониторингі және гляциологиялық болжаулар
"Мониторинг" сөзі латынның "монитор"сөзінен шыққан, ол "бақылаушы", "ескерту"деп аударылады. Заманауи мониторинг тұжырымдамасына сәйкес табиғи жүйелердің жай-күйін бақылау, оларды тіркеу, олардың динамикасын бақылау және оларды өзгерістерден болжау. Эталонды мұздықтардың фотогеодезиялық мониторингінің принциптері мен әдістерін фотограмметриялық түсірімдер негізінде Д.Г. Цветков нақты өңдеген. Өзгерістерді дұрыс және объективті бағалау үшін
Уақыт өте келе гляциологиялық объектілерді бақылау кезінде мұздықтар мен мұздықты жүйелердің "жай-күйі" ұғымын қолдану пайдалы. Жай күйі дегеніміз оның белгілі бір уақыт аралығындағы негізгі сипаттамаларының (мұздықтардың саны, морфологиялық көрсеткіштері, ауданы мен көлемі, режимі мен балансы, мұздық ағыны және т.б.) жиынтығы.
Қазіргі уақытта глчциологиялық мониторинг дегеніміз қайталанбалы бақылау, барлау және болжау, бағалау жүйесі және осы өзгерістердің табиғи ортаға және жалпы өзен ағысына әсерін талдау. Мониторингтің үш деңгейге бөлінеді: глобалды-бүкіл планетаның мұздықтарын қамтиды, аймақтық –мұздықты жүйені қамтитын, локалды- жеке бір мұздықты қамтитын. Кейбір авторлар гляциалды мониторингтің басқа деңгейлерін бөледі.
Қазіргі кезде Бүкіл Дүние жүзілік мониторингтік қызмет мұздықтардың таралуы, олардың уақыт ішіндегі массасының, көлемінің, ауданы мен ұзындығының өзгерісін стандартты түрде жинақтайды.
Жердегі мұздықтарды бақылаудың негізгі түрлерін келесі суреттермен сипаттауға болады. 1. Ең көп таралғаны тау мұздықтарының шеттерінің орналасуын геодезиялық немесе барометрлік нивелирлеу, сондай-ақ мұздық жағалауларының орналасуын картаға түсіру. 2. Мұздықтардың шеттері және олардың бетінің рельефін, уақыттағы өзгерісін ("мұздықтардың тербелісі") анықтау үшін, қайталап геодезиялық түсірілім жасау, жер үсті фототеодолиттік өлшеулер жүргізу. 3. Мұздың қалыңдығын, оның көлемін есептеу ұшін жердегі гравиметриялық және радио- локациялық өлшеулер жүргізу. Радиолакация арқылы сондай-ақ мұздың қалыңдығы және ондағы судың бар жоғы анықталады. 4. Мұздықтардағы аккумуляция және абляцияны мұздыққа бекітілген баған бойынша өлшеу. Бір жыл ішінде аккумуляция және абляция айырмашылығы мұздық балансы деп аталады. 5. Мұздық бетін стандартты метеорологиялық-бақылау. 6. Мұздықтаңы жылу балансын орындау, оның ішінде мұзға актинометриялық бақылаулар жүргізу. 7. Мұздық қозғалысының жылдамдығын өлшеу. 8. Қардың мұзға айналуын (жинақтау аймақтарындағы шурфтар мен ұңғымалардағы байқаулар бойынша) және еріген су инфильтрациясын зерттеу. 9. Су қоймасының соңындағы мұздықтардан ағынын өлшеу.10. Керн арқылы мұздықтарды бұрғылау және мұздың, судың изотоптық құрамын анықтау. 11. Мұздықтардың тектоникалық құрылымды зерттеу. 12. Бұрғыдағы және мұз жарықтардағы ұңғымалар, үңгірлер мен каналдардағы мұздың температурасын өлшеу. 13. Мұздықтардағы қауіпті қозғалыстарды бақылау. 14. Жаңа мұздық шөгінділер моренаны зерттеу. 15. Мұздың және мұздық ағынның химиялық құрамын зерттеу.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметі- (WORMS, World Glacier Monitoring Service, www.wgms.ch) мұздықтардың таралуы, және уақыт бойынша олардың массасының, көлемінің, ұзындықтарының өзгеруі туралы стандартталған ақпараттарды жинайды. WGMS халықаралық криосфералық ғылымдар ассоциация, халықаралық-геодезия және геофизика қызметі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет