10-дәріс. Мәңгі тоң және таулардағы криогенді құбылыстардың
таралуы және белдеулілігі
Қыстық температурасы төмен елдерде жер бетінің топырағы мұзданып қатып қалады. Бүл құбылыс мерзімдік немесе маусымдық тоң деп аталады. Алайда, жердің кең аумағын (құрлықтың 25%) мəңгі тоң басып жатыр. Тау жыныстарының температура мөлшері ұзақ уақыт теріс күйде болуын мəңгі тоң дейді. Тоңмен байланысты жүретін геологиялық үдерістерді криогенді деп атайды. Мəңгі тоң ғасырлар бойына тіпті мыңдаған жылдар бойына сақталуы мүмкін. Жоғары ендіктерде мəңгі тоң дамыған аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешқашан да ерімейді. Мəңгі тоңның едəуір аумағы Канада да жəне Ресейде кездеседі. Ал, Ресейдің 50%-дан аса аумағын мəңгі тоң алып жатыр. Тоң қабаттарының қалыңдығы бірнеше метрден жүздеген, ал кейбір өлкелерде, мысалы, Якутияда мыңдаған метрге дейін жетеді.
Жаз мезгілінде мəңгі тоңның ең жоғарғы қабаты ериді де, қыс кезінде қайтадан қатып тоңға айналады. Судың бір тарамнан (фазадан) екінші фазаға бірнеше рет өтуі, мəңгі тоңның беткі қабатына тұрақсыздық, құбылмалық жəне жылжымалық қасиет береді. Нəтижесінде тек мəңгі тоң аймақтарына тəн топырақ қозғалысының жəне бедердің əр пішіндері пайда болады. Қалыңдығы 1-ден 4 м-ге дейін жететін ұдайы өзгеріп тұратын мерзімді мұзданып жəне еритін қабатты-құбылмалы қабат (деятельный слой) деп аталған. Одан төмен жатқан қабат нағыз мəңгі тоң қабаты. Жаз мезгілінде осы қабаттар бір-бірінен ерекшеленеді, ал қыста қабат шекарасы айқын ажыратылмайды. Тоң аймағында пайда болған мұздар, қатқан грунтқа əсер етіп, олар жаңа қасиеттерге ие болады: 1) тау жыныстары ішіндегі кеуекті жəне капилляр суларының қатысуына байланысты, грунт бөлшектерінің жəне агрегаттарының арасындағы ілінісі өсіп, грунттың керіштенуі (цементация); 2) судың сұйық күйден қатты күйге ауысуына байланысты ылғал грунттардың көлемі едəуір өсуі, 3) тоң грунттарының құрамында мұздың кірікпелерінің (ледяные включения) жəне əр көлемді мұз линзалары мен желілерінің дамуы.
Мəңгі тоң бүкіл табиғат құрамбөліктерінің сипатына ықпал жасайды. Мəңгі тоң таралған аймақтарда ерекше бедер пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу процесі баяу жүреді, ағаш өсімдігі тамырын тереңге жая алмайтындықтан орман сирек өседі. Мəңгі тоңның əсерін үй құрылысында, жол салуда, пайдалы қазбалар, əсіресе мұнай мен газ өндіруде, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге, егін егуде есепке алу тиіс. Сондықтан мəңгі тоң аймақтарында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманда ең маңызды проблемалардың бірі болып тұр.
Тоңның грунттарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың ұлғаюы, немесе бұдырлануы, бөртуі (пучение). Мұндай судың сұйық түрінен қатты түріне айналуына, топырақтың суға қанығып, көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болады. Осындай жолмен пайда болған ықшамды келген жеке-дара пішіндерді бұдырлану төбекшіктері (бугры пучения) деп атайды. Олардың биіктігі 2 м-ден аспайды, төбелерінде аяз əрекетінің əсерінен радиалдық жарықшақтар (морозобойные трещины) түзіледі. Егер осы төбешіктер шымтезекті тундраның шегінде болса, онда шымтезектің (торфтың) өсуіне қолайлы жағдай туады. Шымтезекті төбешіктердің биіктігі 3-м шамасында.
Көп жылдық тоң аймағының жерасты сулары тоң үстіндегі, тоң арасындағы жəне тоң астындағы суларға бөлінеді. Егер тоң арасындағы немесе тоң астындағы сулары бір жерге жиналса, онда мұз өзегі бар жер бетінде ірі төбешіктер қалыптасады, мұңдай төбешіктерді гидролаколиттер деп атайды. Бұлардың биіктігі 70-80 м-ге дейін жетеді, диаметрі 200 м шамасында, жергілікті халық мұны "булгунях" дейді. Гидролаколиттерді зерттеудің зор практикалық мəні бар, өйткені олар алдымен су көзі болып саналады жəне мəңгі тоңда сулы қабаттың немесе сулы жарықтардың бар екендігін көрсетеді. Əдетте төбешіктер бетіндегі жарықшақтардан жаз айларында су шығып тұрады.
Егер жерасты тоңаралық немесе тоңасты сулар тікелей жер бетіне шықса, онда олар қызылсу (наледи) дейтін ерекше мұзды пішіндерді құрайды.
Сұрақтар:
Криогенді жыныстардың түрлері: криолиттер, криолитттер, криоэлювииттер
Криолитогенез түрлері және оларға сәйкес криогенді құрылым түрлері
Криогенді беткейлік процестер
Достарыңызбен бөлісу: |