1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Соқыр сенім және айналмалы ойлау



бет15/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
Фил емтихан

Соқыр сенім және айналмалы ойлау.Поппердің айтуы бойынша, психоанализ аргументтер мен сұрақ қоюдың жаңсақтықтарының араласуы болды: ол әрқашан алдын-ала кейбір жайларды қабылдауды сұрайды, керісінше дәлел жоқ болғандықтан, олар шындыққа сәйкес келуі керек. Сондықтан ол психоанализді діндермен салыстыруға болатындығын түсінді: екеуі де өзін-өзі растайтын және фактілермен кез-келген қарама-қайшылықтан шығу үшін дөңгелек ойға негізделген.
Поппер «үш әлемі»туралы. Адам білімінің объективтілігін негіздеуде Поппер өзінің даму концепциясын онтологиялық дәлелдермен толықтыруға тырысты. Ол үш әлемнің бар екендігі туралы айтады: 
бірінші әлем-физикалық заттар мен физикалық күйлер әлемі; 
екінші әлем-сана күйлерінің әлемі;
үшінші әлем-ойлаудың, ғылыми идеялардың, көркемдік бейнелердің объективті әлемі.
Бірақ,үшінші әлем абсолютті және өзгермейтін субъектілер әлемі емес. Ол адам рухының жаратылысы, сондықтан ол өзгермелі. Үшінші әлемді құрайтын ғылыми болжамдар, гипотезалар, теориялар мен тұжырымдар шынайы да, жалған да болуы мүмкін. Барлық осы идеялар бір-бірімен бәсекелесіп,бір-біріне ғылыми өсуге мүмкіндік береді.
Әленуметтану ХІХ ғасырдың 30 - 40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыдағы көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюс Конт (1978-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Коттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеялистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмысын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі ол қандай да бір затты, құбылыстарды, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауға қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәтіндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.

Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.


Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретнен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарй даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды-А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, эксперимент, т.б. арқылы алынған эпидемиялық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол о. Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс дағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкеледі, сөйтіп қанаушылыққа жол береді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О. Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О. Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статска және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік-материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын «формация» яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырлды;
2) К. Марке қоғамның даму заңдарын түсіндірегнде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде) өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3) қоғамның дамуын ( детерминизм) бір формацияның оған тән өндірістік тәсілдің екінші бір формациямен ауыл суымен байланыстырды.
4) К. Маркетің әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар:
а) органикалық, б) механикалық.
Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5) К. Марке әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторлардың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К. Маркс қоғамның әлеуметті құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетеді. Осыған орай К. Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушылары қоғам дамуының бірден-бір қозхғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К. Маркс қоғамның рухани-мәдени факторының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра-бағалап қараудың нәтижесінде жікте теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-саймандар болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т.б. есепке алмады. К. Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргілер әлеуметтану ғылымында ең бір көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстің әлдеуметтену терреториясының таға бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардаң бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көне елдерге тарап дамыды. (әсіресе КСРО-да).
Егемен, Маркстік әлеуметтану теориясы ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдағы әлеметтанушыларға - әсіресе Э. Дюргеймге, М. Веберге, Г. Зиммельге, т.б. зор әсер етті. Олар Маркстік теорияның көптеген бағалы, құнды идеяларын өз тұжырымдамаларында кең қолданды.
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі. Әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж.ж.).
Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюргеймімнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңңіл аударды. Ал, бұл методология «социолизм» деп аталады. Социолизмнің мәні мен мазмұны әдлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша атйқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процессті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғамдық ерекше құбылыс, оны табиғатпен психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану құрылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәнімен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше , әлеуметтану әлеуметтік нақты мәне бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі - әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болытын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Э. Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті жатқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің маральдық, басқаша айқанда әдеп-ғұрып, дәстүр тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э. Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып, түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасады. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әр-бір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатта (яғни, ешқандай дәлелді керек етпейтін жорамалдардың) Э. Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғит құбылыстары сияқты, бірақ олыр адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді. Онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам) эксперимент т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдеп ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.
Сөйтіп, әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болыды. Мысалы, адамның құқықтық және адмгшершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдығы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығының туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет