17. Құс қауырсын-мамық жегіштері және олармен күрес шаралар.
18. Жануарлар маллофагозы және олармен күрес шаралар.
17-18 бірдей
Маллофагоз - Mallophaga тегіне, Trіchodectіdae тұқымына жататын, мамық түкжегіштер деп аталатын қанатсыз жәндіктер тудыратын энтомоз. Бұл жалпы сүтқоректілердің (шошқадан басқа) паразиттері. Өздерінің иелеріне байланысты олар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, ірі қараның паразитін Bovіcola bovіs, жылқыныкін - B.equі, ешкінікін - B.caprae, иттікін - Trіchodectes canіs, т.с.с. атайды. Құстар паразитіне Menoponіdae тұқымдасындағы түрлері (Menopon gallіnae, Menacanthus stromіneus т.б.) және Phіlopterіdae тұқымдасындағы түрлері (Lіpeurus caponіs, т.б.) жатады.
Морфологиясы. Аталған тектегі жәндіктер ұсақ, сары немесе ашық қоңыр түсті қанатсыз жәндіктер. Денесі жалпақ (1,5-5 мм шамасы), сырт пішіні битке ұқсас, бірақ бастың ені кеудесінен артықтау болып келеді. Тұмсығы кеміргіш пішінді. Қысқа мұртшалары 4-5 бунақтан тұрады. Ауыз мүшелері жоғарғы және астыңғы еріннен, астыңғы және үстіңгі жақтан құралған. Олардың сыртында ұсақ тістері бар. Көздері жақсы жетілмеген. Кеудесі үш буылтықтан тұрады. Үш жұп аяқтары бір немесе екі тырнақшалармен аяқталған. Құрсағы сопақтау, 8-9 буылтыққа бөлінген.
Анықтау тәсілдері. Малмен құстың маллофагозы күз, қыс айларында жиі кездеседі. Мамық-түкжегіштер құрал-сайман, ер-тоқым, қамыт және басқа заттар арқылы тарайды. Сыртқы ортада паразиттер ұзақ өмір сүре алмайды (8 күн шамасы). Паразит құстарға жүздеп, мыңдап, тіпті он мыңдан жабылғанда, олардың мамығы түсіп, терісі қызарып, ашық денеге айналады. Мұндайға ұшыраған құстар азып, тозып, өнімдері азаяды. Паразиттермен зақымданған мал, құстан түк-мамық жегіштерді оңай табуға болады. Бұлар құс пен малдың жұқпалы ауруларын да таратушы ретінде белгілі.
Өсіп-өнуі. Жыныстық түрмен ұрықтанған ұрғашылары 20-60 жұмыртқа салады. Жұмыртқалары ақшыл түсті, сопақ пішінді, тұрқы 0,5-1 мм, олар түктің тамыр жағына, ал құстарда қауырсынның пəріне немесе теріге жыныс мүшелерінен шыққан желіммен жапсырылады. Кейбір мамық жегіштердің жұмыртқаларының қармақ тəрізді ілмектері болады, олар құс денесіне мықтап жабысуына мүмкіндік береді. Жұмыртқалардан 7-12 тəуліктен соң балаң сатысы шығады, олар сырттай қарағанда ересектеріне ұқсас, бірақ тұрқы кішірек. Балаң сатысы 12-20 тəулікте үш рет түлеуден кейін ересек имагоға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |