Гиподерматоз (сәйгел, оқыра) - Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Бір ұрғашы бөгелек 2-3 аптада 800 дейін жұмыртқа шашып, 30-40 малды ауруға шалдықтырады.
Бір малдың арқасында орта есеппен 50-150 балаң -құрттар болуы мүмкін.
Тері асты бөгелегі Hypodermatidae:
1 Hypoderma bovis
2 Oedemagena tarandi
3 Crivellia silenus
Қой эстрозы (жалған айналма, қойдың кеңсірік құрт ауруы) –жер жүзінің көптеген елдерінде кездеседі. Әсіресе қой шаруашылығы дамыған далалы және шөлейт аудандарда байқалады. Әдетте қой арасына экстенсивті түрде (ауруға шалдыққан малдың пайыз саны) тарап, кейбір алқаптарда 70-90 %, ал кейде тіпті 100 % дейін жетеді.
Ұрғашы бөгелек ұшып жүріп не жерде отырып, 40 см-дей қашықтықтан қойдың танауына балаң құрттарын бүркіп жібереді. Бір ретте ұрғашы бөгелек 8-12, ал кейде 20-29 балаң құрт шашады. Олар қойға 2-4 күндей шабуыл жасайды.
Кейбір зерттеулерге қарағанда (Э.Ган, 1953) маңдай қуысындағы балаң құрттардың әсерінен қан тамырлары қанға толып, алдыңғы ми қабаты аздап ісінеді. Осылардың әсерінен де қойда айналма (тентек) ауруының белгілері байқалады. Аурудың клиникалық белгілері қозыларда айқын болады. Ауру қозы басын көтеріп алып, шыр айналады.
Г.И.Алексеева (1956) эстрозбен ауырған әрбір қой 20%-тей салмағын жоғалтатынын анықтаған. Сондай-ақ эстрозбен ауырған саулықтардың қозысы әлсіз туылады.
Жылқы ринэстрозы - кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы.
Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады: Rhіnoestrus purpureus және Rh latіfrons.
Қазақстанның далалы, шөлейтті, шөлді алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі. Жылқыдан басқа қашыр, құлан, есек те зақымданады. Ауру энзоотия түрінде байқалады.
Түйенің цефалопинозы (құмыр)- ауру Орта Азия республикаларында, Қазақстанның Оңтүстігі және Оңтүстік батыс аймақтарының түйе шаруашылығы дамыған аудандарында кездеседі. Қазақстанның Оңтүстігінде ІІІ сатыдағы балаң құрттардың түйе танауынан түсуі наурыз айында басталып, күз айларына дейін жалғасады. Түйе бөгелегінің ұшуы мамыр айының екінші жартысынан қыркүйек айына дейін созылады. Сондықтан, бұл ауру жыл бойы кездесуі мүмкін.1 аналық бір шашқанда 20-30 балаңқұрттан барлығы 800-900 балаңқұрт шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |