1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет6/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Эпизоотологиялық деректер. Инвазия көзі- маллофогозбен ауру мал мен құс. Маллофагтар немесе осы аурудың қоздырғыштары ауру мал сау малмен жанасқанда жəне басқа да заттар арқылы жұғады. Малды ылғалды қораларға тығыз қамау, нашар азықтандыру жəне мал күтімі жоқтығы-маллофагтардың таралауына мүмкіндік туғызады.
Патогенезі. Жануарлар денесінде маллофагтар теріні қышытады, сондықтан дерматит дамиды. Ауруға шалдыққан мал қасынады, мазасы кетеді. Мал терісінің физиологиялық қызметі бұзылып, мал арықтайды, төлдің өсіп-өнуі тежеліп, жұқпалы ауруларға төтеп беру қасиеті төмендейді. Маллофагтардың кейбір түрлері ішқұрттардың аралық иесі немесе кейбір індет ауруларының тасымалдаушысы болып табылады. (тауықтың азия обасы жəне т.б.).
Сырт белгілері. Жүнжегіштермен зақымданған сүтқоректілердің жүні үрпиеді, олар қышынады, тынышсызданады, қасыған жерлерінің жүні түседі жəне мойын, иық, əуке, құйрық түптері дерматитке шалдығады. Маллофагоз əсіресе тауықта ауыр өтеді. Қышыну қатты болғандықтан, тұмсығымен терісін жəне қауырсындарын сағаттап шоқиды, құс бірте-бірте арықтайды, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Қауырсындары мен мамығы көп түскендіктен, олардың денесі, əсіресе қарын тұсы, арқасы, мойны жартылай жалаңаштанады.
Диагнозы. Ауруды анықтауда мал денесіндегі жəндіктің əрбір даму сатысын табудың маңызы зор. Жүнжегіштерді жануарлар денесінен табу үшін оларды 10-15 минут күншуаққа шығарып байлап қою керек немесе денесінің əр жерін “солюкс” шамымен 500С-қа дейін қыздыру да жақсы нəтиже береді. Мұндайда жылы сүйгіш жүнжегіштер мал түгінің үстіне шығады. Сондай-ақ малдың үстіне 10-15 минутқа жылы ақ мата жабу да ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Жылы ақ матаға жабысқан қоңыр не сұр түсті жүнжегіштер жай көзге көрініп қозғалып жүреді. Құс денесіндегі мамықжегіштер де жай көзбен қарағанда жақсы көрінеді. Құстардың қауырсындары мен терісі тексеріледі. Сүтқоректілерде жүнжегіштерді биттерден ажырата білу керек. Биттердің басынан кеуде бөлімі жалпақ, ауыз мүшелері тікенді-сорғыш түрлі, себебі олар қанмен қоректенеді. Маллофагтардың басы кеуде бөлімінен 225 жалпақ, аузы кеміруге бейім, себебі олар малдың түгі, құстың қауырсыны сияқты қатты заттармен қоректенеді.
Күресу жолдары. Жануарлар денесіндегі сыртқы жəндіктерді жою үшін əртүрлі инсектицидтерді ерітінді, эмульсия, ұнтақ дəрі немесе аэрозоль түрінде қолданып, ем шаралары жүргізіледі. Маллофагтардың жұмыртқалары инсектицидтердің əсеріне өте төзімді. Сондықтан ем шаралары жылдың жылы уақытында 8-12 тəуліктен соң, суық кезеңде 12-16 тəуліктен соң қайталанып екінші рет жүргізіледі. Севин дəрісінің қалдық əсері ұзаққа созылатындықтан бір рет қана қолданады. Маллофагтарға қарсы жылдың қай мезгілі болса да, пиретрум ұнтағы жылқы мен ірі қараны емдеуге 75-100 г жəне құсқа 3- 4 г мөлшерінде қолданылады. Хлорофостың 3-5 % немесе 2-5 % дустары жылқы мен ірі қараға 100-150 г, құсқа 3-5 г, мысық пен итке 10-30 г мөлшерінде қолданылады. Сондай-ақ жүнжегіштерге қарсы малдың сыртқы жамылғысын 1 % бор қышқылы немесе бура ерітіндісімен шылау да жақсы нəтиже береді. Малды емдегенде сақтық шараларын қолдану қажет, ол үшін арнайы киім, қорғаныш көз əйнегі, алжапқыш, дəкеден жасалған ауыз жапқыш жəне т.б. болуы қажет. Сүтқоректілерге бүрку əдісімен 0,75 % хлорофос ерітіндісін, 0,5 % карбофос немесе үшхлорметафос-3, 0,15 % циодрин эмульсиясын, 0,05 % перметрин жəне 2 % оксомат эмульсиясын қолдануға болады. Зақымданған құстарды оксоматтың 2 % эмульсиясымен 20-50 мл мөлшерінде бүрку əдісімен емдейді. Оксомат мамық жегіштерге қарсы өте тиімді, малға, құсқа уытты емес, дəріленген құстардың жұмыртқасымен шықпайды. Басқа инсектицидтерден 0,5 % хлорофостың судағы ерітіндісі, 0,2 % карбофос эмульсиясы да мамық жегіштерге қарсы өте тиімді. Бірақ бұларды жұмыртқа салатын құстарға қолдануға болмайды. Сондай-ақ дəрі қолданған соң 30 тəуліктен кейін ғана құсты союға болады. Бұл дəрілердің де қолданылатын мөлшері бір құсқа 25-50 мл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет