Жылқы гастрофилезі - тақ тұяқтылардың асқазан жолдарын, таз қарнын мекендейтін Gastrophіlіdae тұқымдасының Gastrophylus туысына жататын бөгелек балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы.
Қазақстанда тақ тұяқтылардың гастрофилезін тудыратын бөгелектердің түрлері: Gastrophylus іntestіnalіs - қарынның үлкен бөгелегі.
G.haemorroіdalіs- қызыл құйрық бөгелек
G.pecorum- шөп
Gastrophіlus іntestіnalіs- қарынның үлкен бөгелегі және G. haemorroіdalіs қызыл құйрық бөгелек Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ал G. pecorum шөп бөгелегі еліміздің Оңтүстік пен Оңтүстік шығыс аймақтарында мекендейді.
11. Ірі қара гиподерматозы
Hypoderma bovis және Hypoderma lineatum (Гиподерматоз,
Подкожный овод, пысқырық, маңқа, танау құрт, кеңсірік құрты, cattle grub,
Hypodermatosis) – ірі қарада паразиттік тіршілік ететін, жүйке жүйесінің
бұзылуымен, өңештің бітелуімен, терінің зақымдалуымен және малдың
қоңдылығының төмендеуімен сипатталатын бөгелектің балаң құрттары
тудыратын энтомоз ауру.
Экономикалық шығыны: ірі қарада cүт, ет және тері өнімін беру
қасиеті төмендейді. Г.И. Куничкинаның айтуы бойынша, Алматы облысында
әр сиырдан 90-92 л сүт жоғалтады екенбіз. Мал арықтап, әр бас мал 5-25 кг
дейін ет өнімін жоғалтады. Малды сойған кезде, зақымдалған ұшаларды
тазалайды, сонда 200 кг-нан 7 кг – ға дейін салмақты жоғалтады.
Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар),
Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы:
Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы:
Hypoderma, Түрлері: Hypoderma bovis (Linnaeus, 1758) және Hypoderma
lineatum (Viller, 1789).
Морфологиясы: Имаго (ересек сатысы) - ол қос қанатты шыбын.
Тұрқы 13-20 см. Денесі 3 бөліктен құралған (бас, кеуде және құрсақ), сырты
хитинмен қапталған. Хитинде қара, қоңыр, сары түсті түгі бар. Басы үлкен,
басында екі күрделі және үш нүкте тәріздес жай көздері бар. Мұртшалары
(антенна) қысқа, үш мүшеден құралған. Ауыз ағзалары жетілмеген (44,45 -
сурет).
Даму айналымы: Осы бөгелектер даму айналымы толық өтетін
жәндіктер тобына жатады. Бір жылға жуық созылады. Жұмыртқалары балаң
құрттардың үш сатысы болады: (Б1, Б2, Б3), қуыршақ, имаго сатылардан
өтеді.
Індеттік деректері: Аурудың негізгі көзі – ауру ірі қара мал. Ауруға жас
төлдер сезімтал келеді. Ауру Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.
Әсіресе Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде кең таралған. Ересек
жәндіктер сәуір – шілде, кейбір аймақтарда қыркүйек айларына дейін
байқалады. Ал, малдың терісінде, денесінде бөгелектердің балаң құрттарын
желтоқсан - наурыз айларында да табуға болады.
Патогенезі және сырт белгілері: Денедегі жүзіп жүрген балаң құрттар
ағзаға механикалық, токсикалық, трофикалық әсерін тигізеді, қан тамырын,
жүйке жүйесін зақымдайды ісіндіреді, қанның құрамын өзгертеді. Ұрықтар
біріншіден тері астына кіреді де, сол орындарды қышытып, ісіндіреді.
Ал, олар жұлынға жеткенде малдың ақсап, сал болып қалуы мүмкін.
Ұрықтар екінші және үшінші сатысына жетіп, жота терінің астына
орналасқанда ет ұлпасы ісінеді де, әр ұрықты айнала қоршап өсіп,
қалталанады. Мал жүні ұйпаланып, жабысып қалады. Төмпешік
айналасындағы мал терісі қалыңдап ісінеді.
Өлекседегі өзгерістер: Ауру басталған кезде тері астынан бірінші
сатыдағы 1-5 мм ұрықтар көрінеді. Кейін олардың жылжыған жолдарында
ашық жасылдау із қалады. Ал, екінші және үшінші сатыдағы ұрықтар кезінде
мал денесінің арқасы мен белінде, ортасында көптеген ұрықтары бар ақ
немесе қызғылт түсті сұйықпен қоршалған қалташалар көрінеді. Ұрықтар өте
көбейген жағдайда мал жотасының еттері ісініп жалқаяқтанады.
Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз:
1) Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, клиникалық белгілеріне,
Визуалды әдістерге
Зертханалық зерттеулерге Серологиялық: ИФТ, ПТР
2) Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық сойып зерттеулерге
сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге сүйене отырып,
диагноз қояды.
Алдын-алу: Жотасында төмпешіктері бар малды емдеу керек. Ең
бастысы алдымен емдеместен малды жайылымға шығармайды. Күзді күні
жәндіктердің ұшуы тоқтаған кезде бірінші сатыдағы ұрықтарды
фосфорорганикалық препараттармен қыру керек. Көктемде бір рет бүкіл
малды тексеру керек. Ауру байқалса аталған дәрілермен дәрілейді.
12. Қой эстрозы және олармен күрес шаралар.
Oestrus ovis (Эстроз, Oestrosis, nasal bots) – қойда және ешкіде
паразиттік тіршілік ететін, жүйке жүйесінің бұзылуымен, ринитпен және
тыныстың тарылуымен сипатталатын бөгелектің балаң құрттары тудыратын
энтомоз ауру.
Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар),
Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы:
Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы:
Oestrus (қойдың танау қуысының бөгелектері), Түрлері: Oestrus ovis (Linnaeus
1758).
Морфология: Қой бөгелегінің ересек шыбындарының (имаго) пішіні үй
шыбындарына ұқсас. Денесінің ұзындығы 10-12 мм, түсі сарғыш-сұрдан
сарғыш-қоңырға дейін өзгереді. 3 сатыдағы балаң құрттың (Б3) ұзындығы 10-
16,30 мм, олардың артқы жағы енділеу болады. Арқа жағында қоңыр сызықтарыбайқалады.
Даму айналымы: Аналығы қойдың танау қуысына бірінші сатыдағы
балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Танау қуысының кілегейлі қабатында
екінші сатыдағы балаң құртқа одан кейін үшінші сатыдағы балаң құртқа
айналады, қуыршақ сатысына айналады 46 күннен кейін қуыршақтан ересек
сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға созылады.
Індеттік деректері: Эстроз Қазақстанның барлық аймақтарында
кездеседі. Ауруға жас төлдер мен ересек қойлар шалдығады.
Аурудың сырт белгілері: Ауырған қойлардың танауынан сора ағып,
үшкіреді. Эстрозбен ауырған малдың күйі нашарлайды, тынысы тарылады,
танауынан сора ағады, аузымен дем алады, өкпенің абсцессі дамып, кахексия
кесірінен өлімге ұшырайды.
Өлекседегі өзгерістер: Cойып зерттеу барысында қойдың кеңсірігі мен
маңдай қуысында синусит, ринит, катаральді, іріңді экссудат және әр түрлі
сатыдағы балаң құрттар байқалады.
Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз:
1) Antemortem/Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне,
Клиникалық белгілеріне, Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне
және Зертханалық зерттеулерге сүйенеміз: Серологиялық: ИФТ.
2) Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық сойып зерттеулерге
сүйенеміз.
Емі.Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен ешкіні күзде
химиялықтерапия әдісін қолданып, ДДВФ және хлорофос аэрозольдері-мен
дауалайды. Инсектицид аэрозольдері жабық қора ішінде, 16-250 жылылықта,
1 м2аумаққа тығыздығы 1-2 жануар келетіндей етіп жүргізіледі.
Өндірісте құрамында 12,5 % ДДВФ бар эстрозоль аэрозольді
баллондары шығарылады. Бір отар қойға 2-3 баллон жұмсалады. Сондай-ақ,
ДДВФ-ның майлы ерітіндісін, сулы эмульсиясын немесе 10-24 % хлорофос
ерітіндісін генераторлардың көмегімен аэрозоль түрінде қолданады. Дәрі
мөлшері: ДДВФ 60 мг м3, хлорофос 4 г м3, ем уақыты 1 сағат.
Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м3, 1% неоцидол
120мг/ м3, 5%-ті колорцид 100мг/м3, 16,7% циодрин 3,0г/м3 мөлшерінде бір
сағат аралығында (экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек,
фасковерм, перметрин, циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер
пайдаланылады.
Қой бөгелегі жылына екі ұрпақ беретін оңтүстік аймақтарына мал басы
жазда (август) және күзде инсектоцидтермен 2 рет дәріленеді. Эстроздың
анық белгілері бар, ІІ және ІІ сатыдағы балаң құрттармен зақымданған
қойларды жазғытұрым 4 % хлорофос ерітіндісімен шайып емдеуге болады.
Дәріні арнаулы ирригатор арқылы қолданады.
Эстрозды қойға жұқтырмау үшін, әрбір 25-30 күнде жайылымды
ауыстырып отыру шарт. Пайдаланылған жайылымға қойды 2,5 айдан ерте
әкеліп жаюға болмайды.
Жазда шарбақ ішінде қойлардың танауынан ІІІ сатыдағы балаң құрттар
түсіп қалуы мүкін. Сондықтан мезгіл-мезгіл оларды сыпырып, жинап, өртеп
жіберу қажет.
Сондай-ақ қой бөгелегін малға дарытпау үшін тау жайылымы қолайлы.
Өйткені қоңыр салқын жауынды жайылымда бөгелектер сирек кездеседі.
13. Жылқы ринэстрозы және олармен күрес шаралар.
Жылқы ринэстрозы: Rhinoestrus рurpureus, Rhinoestrus latifrons және
Rhinoestrus usbekistanicus (Ринэстроз) – жылқының танау, маңдай
қуыстарында паразиттік тіршілік ететін көбінесе созылмалы түрде өтетін,
бөгелектердің балаңдары қоздыратын, тыныс алу жүйесінің қабынуымен,
тыныстың тарылуымен сипатталатын энтомоз ауру.
Морфология: Rhinoestrus spp. ұзындығы 8-12 мм жететін қызыл-қоңыр
түсті бөгелектер. Басы үлкен, ақ түсті. Дене бөлігінде төрт қара ұзын
жолақтар бар. Құрсағы сопақ, түксіз. Аяқтары қысқа. Қанаттарында үш дақ
орналасқан. Бірінші сатыдағы балаң құрттың (Б1) ұзындығы 1мм, түсі қоңыр
және басында ілмекшелері бар. Үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3)
ұзындығы 17 мм, түсі қызыл (46 -сурет).
Даму айналымы: 1,2,3 сатыдағы балаңқұрттар, қуыршақ және имаг
сатыларынан дмиды. Даму айналымы 12 айға созылады.
Індеттік деректері: Бөгелектер шілде-қазан айларында ұшады және
бөгелектердің ұшуы 16-400С жүреді. Ауруға құлындар мен ересек жылқылар
бейім келеді.
Аурудың сырт белгілері: Ауру жылқыларда демікпе (dyspnea),
пысқыру (sneezing) және жөтелу (cough) байқалады.
Өлекседегі өзгерістер: Сойып зерттеу барысында танау қуысында
ринит, экссудативті қабынуы, балаң құрттар жұтқыншақта, кеңсірікте
байқалады.
Ауруды балау: Диагнозды кешенді түрде қоямыз:
1) Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне,
Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық
зерттеулерге сүйенеміз: (а) Серологиялық:
2) Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық сойып зерттеулерге
сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық,
ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гистопатологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз
қояды.
Алдын-алу: Жылқыларды таңертең және кешке жаю. Қора жайды
жәндіктерге қарсы өңдеу күзде жүргізіледі. Қаңтар-Ақпан айларында
жылқыларды ауруды анықтау үшін диагностикалық шаралар жүргізіледі.
Аурудың алдын алу үшін Эквисект пастасымен («Фармбиомедсервис»,
Ресей) 2 айда бір рет жылқылар дәріленеді. Ауру анықталса жылқылар
емделеді. Қора-жайдағы қиды өз кезегінде жинаған жөн.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады.
Əр малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дəрісін де
қолдануға болады. Əрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин
майындағы сүртпесін 3-5 тəулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет)
қажет.
Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы
нəтиже береді. Емдеу уақыты-бір сағат. Бұл дəрілердің 40-60 мг əр 1 м3
жерге шашады.
Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда əр жерден
еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен
ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа
жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Əрбір жылқыны
бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған
жұмсақ тері тігіледі.
Шаруашылыққа тыстан əкелінген жылқыны карантинде ұстап,
ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға
қосуға болады.
14. Түйе цефалопинозы және олармен күрес шаралар.
Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің иірлерінде өмір сүретін Оеstrіdae тұқымдасына жататын Cephalopіna tіtіllator деп аталынатын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздыратын
созылмалы ауру. Қазақша аты - құмыр. Бұл ауру Қазақстанның Оңтүстігінде жəне Оңтүстік батысында түйелі аймақтарда кездеседі.
Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар жəндіктер тобына (Іnsecta) қосқанаттылар тегіне жатады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі - бас, кеуде жəне құрсақ бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық-қоңыр түсті. Басы ірі, сары түсті, маңдайы сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар. Аяқтары сарғыш, қанаттары қоңыр. Құрсақ бөлімі ақ күміс түсті бозамықпен жабылған. Құрсақ бөлімінің арқа жағы түбінде трапеция тəрізді қара дағы бар.
І сатыдағы балаң құрттарының дене тұрқы –0,72 мм. Бас тұсында аузы жəне нашар дамыған екі ауыз ілгектері бар. Əр буылтықтың астыңғы жағы тікенекті. Олар мұрын қуысы иірлерін мекендейді.
ІІ сатыдағы балаң құрттар ақ түсті. Денесі ұршық тəрізді, арт жағы сүйірлеу. Дене тұрқы 0,8-1,7 см, ені 2-3,5 мм. Перитремалары дөңгелек, сары түсті. Жаңа жетіліп келе жатқан ауыз ілгегі жəне тікендері бар.
ІІІ-сатыдағы балаң құрттардың ұзындығы 32 мм, ені 9 мм, денесі 12 буылтықтан құралған. Пішіні цилиндр тəрізді, алдыңғы жағы кішкене кеңірек, сары-сұр түсті. Бас буылтығы қысқа, онда орақ тəрізді иірілген екі ірі, қара түсті ауыз ілгектері бар. Əр буылтық тікендері жақсы дамыған. Ең соңғы буылтығында перитремалары, яғни тыныс алаңы бар, олардың түсі қара-қоңыр, пішіні бүйрек тəрізді. (қараңыз: XII - сурет).
Түйе бөгелегінің өсіп-өнуі. Түйе бөгелегінің қанаттанып ұшуы жəне жануарларға шабуылы мамыр-маусым айларында басталады. Бөгелектік ұрғашылары жыныстық түрмен ұрықтанғаннан кейін балапан-құрттары жетілу үшін бірнеше күн қозғалмай отырады. Əр аналығы 800-900 дана І сатыдағы балапан-құрт шығарады. Бөгелектің аналығы ұшып жүріп, түйе танауына 20-30 балапан-құрт бүркіп жібреді. Алғашқыда олар мұрын қуысында, кеңсірікте дамып, одан əрі бастың жоғарғы қуыстарына жылжиды. Бас қуысында 5-9 ай бойы балапан- құрттардың ІІ жəне ІІІ сатылары өсіп жетіледі. Өсіп жетілген ІІІ сатыдағы балаң құрттар қозғалғыш келеді. Тікендері жəне ілгектерімен кілегей қабықтарды тітіркендіріп жəне жарақаттайды. Түйе пысқырады жəне жөтеледі. Жетілген ІІІ сатыдағы балаң құрттар танауға жақындап жерге түседі. Жерге түскен балаң құрттар топырақтың үстіңгі жағына көміліп, 5-6 сағаттан соң қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңі 14-41 тəулік. Тіршілігіне қолайлы жылдары түйе бөгелегі жылына екі рет ұрпақ береді.
Эпизоотологиялық деректер. Ауру Орта Азия республикала- рында,Қазақстанның Оңтүстігі жəне Оңтүстік батыс аймақтарының түйе шаруашылығы дамыған аудандарында кездеседі. Қазақстанның Оңтүсті-гінде ІІІ сатыдағы балаң құрттардың түйе танауынан түсуі наурыз айында басталып, күз айларына дейін жалғасады. Түйебөгелегінің ұшуы мамыр айының екінші жартысынан қыркүйек айына дейін созылады. Сондықтан, бұл ауру жыл бойы кездесуі мүмкін.
Патогенезі. Бұл аурудың түйе организміне патогендік əсері басқа да эстридоз ауруларына өте ұқсас. Түйе бөгелегінің механикалық əсері басымдау келеді. Оның себебі: ІІІ сатыдағы балаң құрттары өте ірі, тікендері мен ауыз ілгектері жақсы дамыған, сондықтан бас қуыстарының кілегей қабықтарын қатты зақымдайды.
Ауру белгілері. Егер түйе кеңсірігінде бірен-саран ғана бөгелек құрттары болса, цефалопиноз (құмыр) жөнді байқалмайды. Балаң құрттар саны көп болса, түйе тынысы тарылып, демін аузынан алады. Ауру түйе басын көтеріп ұстап, жатқанда мойнын алға қарай созады, жемін өте баяу шайнайды. Танауларынан кілегейлі-іріңді, ал ауыр жағдайларда қан аралас жалқаяқ ағады. Демікпе жəне ұстама жөтел пайда болады, мал танышсызданады жəне пысқырынады. Түйе ариды, жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Тыныс жолдары өте ірі ІІІ сатыдағы балаң құрттармен жəне қабыну жалқаяқтарымен бітеліп қалуынан ауру түйе тыныс ала алмай, тұншығып өліп кетуі де мүмкін.
Өлекседегі өзгерістер. Цефалопиноздан өлген түйелер өте арық, өркештері тері қатпары тəрізді. Кеңсірік иірлері мен мұрын-жұтқыншақ жолдарының кілегей қабықтары қабынған. Мұрын қуысы жараланған, ішінде көптеген бөгелек құрттары кездеседі.
Диагнозы. Ауруды анықтағанда эпизоотологиялық деректерді жəне клиникалық белгілерін ескеру керек. Түйенің кеңсірігі мен көмейіндегі бөгелек балаң құрттарын табу диагнозды айқындай түседі.
Емі. Цефалопинозбен күрестің негізгі əдісі түйе бөгелегінің І сатыдағы балаң құрттарын жою. Ол үшін күзде түйе бөгелегінің ұшуы тоқталған соң, қазан жəне қараша айларында хлорофос, эстразоль, сульфидофос –20, диоксофос жəне этацид дəрілерінің біреуімен емдеу шараларын жүргізеді. Хлорофостың 0,03 % судағы ерітіндісі 2 күн бойы су орнына еркін ішкізіледі. Құрамында ДДВФ бар эстрозоль дəрісін түйені жабық қораға қамаған соң 60 мг м3 мөлшерінде бүркіп, малды 1 сағат ұстайды. Диоксофос пен сульфидофос – 20 дəрілерімен 20 мг/кг мөлшерде желке тұсынан өркешке дейінгі аралыққа сорғалатып тамызу əдісімен емдейді. Этацид 10 мг/кг мөлшерінде 1 мл əр 50 кг салмаққа бұлшық ет ішіне егіледі.
Мал танауына 2 % ДДВФ бар вазелин сүртпе майын арасына 3-5 тəулік салып 2 рет жағу да жақсы нəтиже береді. Аурудың сырт белгілері білінген кезеңде, яғни жазда танау жолдарын 4 % хлорофос
ерітіндісімен шаю арқылы да емдеуге болады. Дəрі мөлшері əр мал басына 50 мл-ден.
Кейбір жағдайларда түйенің тынысы тарылып, кеңсірік құрттары сыртқа шығу үшін танау қуыстарына жақындағанда танауы бітеліп қалады. Мұндайда түйе танауындағы балаң құрттарды майысқақ түтікпен шұқып, сыртқа шығаруға болады. Сыртқа түскен балаң құрттарды жинап алып, өртеп жіберген абзал, себебі жерде олар қуыршақтанып, 4-5 аптадан соң ересек бөгелекке айналады.
Ерте кездерде құмыр ауруын емдеу үшін халықтық емдеу əдісі қолданылды. Түйені шөктіргеннен кейін, мойнын көк жиекке қарай создырып, басын көтеріңкіреп, танауына 0,5-1 л өсімдік майы құйылады. Мұндайда балапан-құрттардың тыныс тесіктері маймен бітеледі де, олар жабысқан жерлерінен ажырап қалады. Түйе пысқырғанда маймен бірге балапан-құрттар да сыртқа шығады.
Дауа шаралары. Ауру түйелер арқылы қоздырғыштың таралуына жол бермеуге көңіл бөлінеді. Ол үшін құмыр бар шаруашылықтан əкелінген түйелерді хлорофоспен, ДДВФ немесе т.б. тиімді препарат- тармен дəрілейді.
Сондай-ақ, түйе бөгелегінің ересектерін жою үшін А.И.Порчинский əдісімен жайылымдарға еліктіргіш қалқандар қойылады. Мезгіл-мезгіл оларға қонып отырған бөгелектерді жинап қырып тастау шарт. Ал бөгелек өздігінен жойылу үшін қалқандардың бетіне 0,5% циодрин, 0,2-0,3% неоцидол, 0.04% цимбуш, 0,05% сумицидин, 0,1% стомазан ертінділерін 100 мл/м2 көлемінде қолданады.
15. Жылқы гастрофилезі және олармен күрес шаралар.
Жылқы гастрофиллезі: Gastrophilus spp. (Гастрофилез, Gastrophilosis)
– жылқының, сонымен қатар қашырдың және т.б тақтұяқтылардың ас қорыту
жолдарында паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары қоздыратын,
стоматитпен, анорексиямен, фарингитпен, қоңдылығының төмендеуімен, іш
өтумен, коликпен және атаксиямен сипатталатын энтомоз ауру. [
Морфология: Ұзындығы 9-16 мм жететін cары-қоңыр, қара-қоңыр,
сарғыш-қызыл және қара түсті бөгелектер (horse botfly, жылқының қарын
бөгелегі). G. intestinalis түр бөгелегінің түсі сарғыш түсті бөгелек, басы
үлкен, аяқтары ұзын және құрсағы сарғыш-қоңыр түсті. G. intestinalis түрінің
балаң құртының үшінші сатысының (Б3) тұрқы 20 мм, цилиндр тәрізді, ауыз
ілмекшелері бар, денесінде екі қатар орналасқан тікенектері бар.
Даму айналымы: Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып,
жұмыртқадан бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) теріні тітіркендіреді,
бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) түлеп, екінші сатыдағы балаң құрттарға
айналып (Б2), қарынға түсіп, үшінші сатыдағы балаң құрттарға (Б3)
айналады. Үшінші сатыдағы балаң құрттар (Б3) жылқының ас қорыту
жолында 8-10 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. Нәжіспен бірге түсіп,
қуыршақтанып, 1-1,5 айдан кейін ересек сатыға айналады.
Індеттік деректері: Гастрофилездің бөгелектерінің Қазақстанның
өңірлерінде (Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік және Орталық
Қазақстан) төрт түрі анықталды: G. intestinalis (экстенсивтілігі:100%), G.
haemorrhoidalis (100%), G. nasalis (100%) and G. pecorum (91.2%) [Ibrayev B
et al., 2015]. Гастрофилез ауруына 2 жастан асқан жылқылар бейім келеді.
Аурудың сырт белгілері: G. intestinalis түрінің балаң құрттары
қоздыратын ауруы кезінде жылқыларда анорексия, қоңдылығының
төмендеуі, іш өту, колик және атаксия байқалады.
Патолого-анатомиялық сойып зерттеу: Сойып зерттеу барысында
қарын мен ішек жолдарында балаң құрттар байқалады және қарынның
кілегейлі қабығында кратер тәрізді өзгерістер байқалады.
Гистопатологиялық сойып зерттеу: Ас қорыту жолдары қызарған
(геморрагия) және экзоцитоз эритроцитозды қосу арқылы макрофагтардан,
лимфоциттерден және эозинофильдерден түрады.
Диагнозды кешенді түрде қоямыз:
1) Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне,
Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық
зерттеулерге сүйенеміз: (а) Серологиялық: ИФТ (ELISA) әдісін қолдану.
2) Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық және
гистопатологиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері
барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық,
қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу
қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.
Емі. Гастрофилездің емі І сатыдағы балаң құрттарды жоюдан
басталады. Бөгелектердің көптеген түрлері жұмыртқаларын теріге
салатын болғандықтан жылқыны 1 % хлорофос ерітіндісімен əрбір 20
тəулік сайын бүрку əдісімен емдеу жақсы нəтиже береді. Əр малға 1,5-2
л есебімен хлорофос ерітіндісін ДУК, ЛСД машиналары жəне т.б.
себелеу қондырғылары көмегімен шашады.
Сонда-ақ, І сатыдағы балаң құрттар 3-4 аптадай ауыз ішін
мекендейтінін ескере отырып, оларды жою үшін ауыз қуысын 2 %
хлорофос ерітіндісімен шаяды.
Ішек-қарынға түскен ІІ жəне ІІІ сатыдағы балапан-құрттарға қарсы
зонд арқылы жылқыға мынадай дəрілер беріледі: тролен 90 мг/кг
мөлшерінде, амидофос - 48 мг/кг мөлшерінде, үшхлорметафос-3 48
мг/кг, мөлшерінде немесе хлорофосты 40 мг/кг мөлшерінде жемге
қосып, 3 тəулік ұдайы береді. Сонымен бірге балаңқұрттарға қарсы
эквален жəне ивермектин дəрілері қолданылады. Гастрофилезді күзде
емдеген тиімді, себебі бұл əлі аурудың асқынбаған кезі.
Жылқыны тобымен емдеу үшін арнайы жем түйіршіктері қолданылады. 1 кг жем түйіршігі құрамында 10-12 г хлорофос бар. Бір жылқыға
1 кг жем түйіршігі беріледі.
Қыста хлорофосты жылқыға қарға қосып беруге болады.
Жылқының жасына қарай хлорофос мына мөлшерде беріледі: 1 жасқа
дейінгі құлынға-15 г, 2 жасқа дейінгілерге 20 г, 3 жасқа дейінгілерге- 25
г, 3 жастан асқандарына- 30 г. Ол үшін хлорофосты ыстық суға ерітіп
астаудағы қарға шашады. Сонан соң қарды араластыру керек. Мұның
алдында тəулік бойы малға не су, не қар бермеу шарт. Хлорофосы бар
қарды 10-12 сағаттай жылқыға жегізеді.
Дауа шаралары. Жаздың ыстық күндері жылқыны ат қорада ұстап,
түнде жаю керек. Терідегі бөгелектің жұмыртқалары мен жаңа шыққан І
сатыдағы балаң құрттарын жою үшін жылқыны аптасына бір рет 2 %
хлорофос ерітіндісімен бүрку қажет.
Мезгіл-мезгіл жылқының үстін тазалап, түгіне жабысып тұрған
бөгелек жұмыртқаларын өткір пышақтың жүзімен, түктің жығылған
жағына қарай қозғап, қырып тастау керек. Мұндайда желімді затпен
жабысып тұрған жұмыртқалар жерге түсіп қалады.
Абайламаған жағдайда жұмыртқадан шыққан І - сатыдағы балаң
құрттар тазалаушы адамның қолындағы сызаты арқылы, тері астына
еніп, тері гастрофилезін тудыруы мүмкін. Адам терісінің астымен балаң
құрттар жылжыған сайын қоңыр жіп тəрізді із қалады, сондықтан бұл
ауруды орысша “волосатик” дейді.
16. Қой мелафагозы және олармен күрес шаралар.
Мелофагоз-қой денесінде өмір сүретін Melaphagus ovіnus қансорғыш-тары қоздыратын ауру. Бұл ауруға терінің қышынуы, дерматит, жүннің біртіндеп түсуі, арықтау, қозылардың кейде өлім- жітімге ұшырауы тəн.
Қоздырғышы - сары-қоңыр түсті қанатсыз жəндіктер. Қуыршақтан жаңа шыққан ұрғашыларының дене тұрқы-4,4 мм. Осы кезден-ақ олардың жыныс бездерінде балапан-құрттар дамиды. Жəндіктің денесі арқадан-құрсаққа қарай аздап жалпиған, үсті түкпен жəне қылмен жабылған. Басы аса үлкен емес, кеуде бөлімімен тығыз біріккен, күрделі көздері бар. Тұмсығы жіңішке жəне ұзын, тікенді-бұрғылаулы сипатты, теріні тесуге жəне қан соруға бейімделген. Оның екі жағында қармалауыштары бар, олар тұмсықты жан-жағынан қоршап сауыт сияқтанып тұрады. Мұртшалары қысқа екі буылтықтан құралған. Аяқ табандарында орақ тəрізді екі тырнақшалары бар. Құрсағы жалпақ, буылтықтары нашар көрінеді. Ұрғашыларының арт жағында ойығы бар, ал еркек қансорғыштардың арт жағы дөңгеленіп келеді. Балапан-құрттары туғанда ақ түсті, дөңгеленген , ұзындығы 3,5 мм. Олар жатыр шырынымен жүннің (түктің) астыңғы жағына жапсырылады. Арт жағында нашар көрінетін екі тыныс тесігі орналасқан.
Қоздырғыштардың өсіп-өнуі. Түкке жабысқан балапан- құрттардың сыртқы хитинді жамылғысы бірте-бірте қатайып, 4-6 сағаттан соң қуыршаққа айналады. Қуыршақ сатысы 3-4 аптаға
созылады. Қуыршақтан шыққандары 5-10 тəуліктен соң толық жетіліп, жынысты ересек түріне айналады.
Ұрғашылары ұрықтанған соң келесі ұрпақтың балаң құрттарын туады. Ұрғашыларының өмірі 225 тəулік, осы мерзімде олар 15-20 балапан-құрт туады. Қой денесінен түсіп қалған паразиттер 16-200С жылылықта тіршілігін 7 тəулікке дейін сақтайды, 00-тан төмен суықтықта бірнеше минутта-ақ жансызданады.
Эпизоотологиялық деректер. Қой мелофагозы малды қорада ұстау кезеңінде көптеп кездеседі. Отарға басқа жақтан енген паразит 2-3 ай ішінде ондағы мал басына түгелдей тарайды. Қырықтықтан кейінгі жаз айларында қой үстіндегі паразит саны 80-90 % -ке дейін кемиді, ал қалғандары алқымда, мойынның төменгі жағында жəне мүйіз түптерінде тығылып қалады.
Зияндылығы. Паразит өткір тұмсықтарымен қойды шағып, терідегі жүйке тамыр ұштарын қоздырады жəне жануарларды беймазалайды. Қой қышыған терісін қасып, сызат түсіреді, теріде дерматит дамиды, жүннің сапасы төмендейді. Қозылар қышыған терісін тісімен жəне еріндерімен қасып, түскен тіктерін жұтып қояды, ол жүн ұлтабарда жəне ащы ішектерде жиналып, шумақталады да, қатты тас тəрізді безоарларға айналады. Осыдан қозылар өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Сондай-ақ, Melaphagus ovіnus Trypanosoma melophagіum жəне кейбір рикетсийлердің, бруцеллез жəне т.б. ауру қоздырғыштардың тасымал-даушысы.
Диагнозы. Мелофагозды анықтау клиникалық белгілеріне жəне қой денесінде паразитті табуға негізделеді. Мелофагозды псороптоздан, бовиколезден жəне т.б. зат алмасуға байланысты аурулардан ажырата білу қажет.
Емі. Мелофагозға шалдыққан қойды, қотыр ауруларын емдеген тəрізді, акарацид ертінділерімен тоғытып емдейді. Бұл жəндіктерге қарсы 1 %-ті креолин эмульсиясы, 0,75 %-ті лизол, 1,5 %-ті хлорофос, 0,04 %-ті циодрин жəне т.б. жақсы əсер етеді.
Суық кездерде құрамында 2 % хлорофосы немесе севині бар дуст қолданылады. Қуыршақтарының дəрі əсеріне төзімділігіне байланысты екінші рет дəрілеуді 25-30 тəуліктен соң жүргізу керек.
Басқа шаруашылықтардан əкелінген мал денесінде жəндіктер бар- жоғын тексеру қажет. Бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген дəрі- дəрмектермен дəрілейді. Жəндіктер шыққан отардағы қойды жазғытұрым жəне күзде дезинсекциялық ерітінділер мен эмульсияларда тоғытады. Керек болған жағдайларда дезинсекциялық дустарды да
пайдалануға болады. Сондай-ақ қойды дəрілеумен қатар қора-жайды, қой қотандарын да креолин, лизол, ксилонафт, хлорофос жəне т.б. ерітінділер жəне эмульсиялармен дезинсекциялау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |