1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Жануарлар сифункулятоздары және олармен күрес шаралар



бет7/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98
паразит экзамен ответ 1

19.Жануарлар сифункулятоздары және олармен күрес шаралар.
Сифункулятоздар (биттеу) - Sіphunculata тегіне жататын биттер қоздыратын аурулар тобы. Бұл ауруларға қатты қышыну, дерматит (терінің қабынуы), тынышсыздану, мал өнімдерінің төмендеуі тəн. Биттердің 300-дей түрлері белгілі болса, олардың 19 түрі біздің елімізде əртүрлі сүтқоректілерге тəн, ал құстарда бит атауы болмайды. Биттердің Haematopіnіdae тұқымдасына жататын түрлері: Haematopіnus eurysternus- ірі қарада, H. suіs- шошқада, H. asіnі - тақ тұяқтыларда. Сондықтан, бұл малдардағы биттеуді-гематопиноз деп те атайды. Биттердің Lіnognathіdae тұқымдасынан ірі қараның көбінесе төлінде кездесетін Lіnognathus vіtulі, қойда-L.ovіllus жəне L.pedalіs, итте - L.setosus бен түйеде - Mіcrothoracіus түрлері бар. Бұл биттер қоздыратын ауруды линогнатоз деп те атайды. Үй қоянының Hoplopeurіdae тұқымдасына, Haemodіpsus venthrіcosus түріне жататын биттері болады. Морфологиялық құрылысы. Биттер қанатсыз қансорғыш жəндіктер. Дене тұрқы 1-5 мм, ең ірі биттер шошқа мен түйеде болады. Денесі ұзынша-сопақ, арқадан қарын жағына қарай жалпайған. Бас жағы кеудесінен гөрі сүйірлеу, осы белгісімен мамық жегіштерден ажыратылады. Ауыз мүшелері тікенді-сорғыш түрлі қан соруға бейімделген, 227 көздері жоқ. Жалғыз-ақ түйе битінде ғана көз болады. Мұртшалары көпбуылтықты, оларда иіс сезім мүшелері орналасқан. 3 жұп аяқтарының тырнақшалары бар. Құрсағы сопақ пішінді, 9 буылтықтан құралған. Арт жағы еркектерінде дөңгеленіп бітеді, ал ұрғашыларының құрсақ бөлімінің арт жағында үшбұрышты ойығы бар.
Патогенезі жəне ауру белгілері. Биттер мал денесінде жорғалап, оларды үнемі беймаза етеді, қан сорғанда денеге уытты сілекей енеді. Ол терідегі жүйке рецепторларын (сезімтал жүйке ұштарын) қоздырады. Қатты қышынғандықтан жануарлар үнемі қабырғаға, оттықтарға, бағаналарға жəне т.б. қасынады. Теріде үнемі қасынудан сызаттар пайда болады. Тері жұмсақтығын жоғалтып, қайызғақтанады, əр жерінің жүні түсіп қасқаланады. Малда биттердің саны көп болса, жануарлардың қаны азаяды, олардың сілекейі мен енген улы заттар организмді уландырады. Мұндайда жануарлар арықтайды, өнімі төмендейді.
Диагнозы. Ауруды клиникалық байқаудан өткізу нəтижесінде жəне мал денесінен биттер мен олардың сіркелерін табу ауруды дəл анықтауға негіз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет