1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет10/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
1РК Физио группамен (1)

Унипорт деп – мембранада электр потенциалдарының болуынан зарядталған бөлшектердің потенциалдың аз мәніне қарай тек бір бағыттағы тасымалдануы жүзеге асырылады.
Симпорт деп – қарама қарсы зарядталған иондардың бір бағытқа қарай тасмалдануы.
Антипорт деп- әр типтегі бірдей зарядталған иондардың әр түрлі жаққа қарай тасымалдануы.
Мембрана арқылы зат тасымалының бұзылуы патологиялық процестерге әкеледі. Оны емдеу жасуша мембранасы арқылы өтетін дәрі-дәрмектің енгізілуіне байланысты. Заттың тасымалдануын сипаттау үшін электрохимиялық потенциал түсінігінің маңызы зор.

Мембраналық насостардың жұмыс істеу принциптері.
Ионды заттардың ерекше қуатты пайдаланып электрохимиялық градиентке өтуі белсенді тасымалдау деп аталады. Ол екі түрге бөлінеді: иондар және органикалық заттар (әсіресе қанттар мен аминқышқылдарын) дәртті, яғни күш - қуат жұмсап тасу. Мұндай тасымал катарына пиноцитоздар-жасушаның зат ерiген сұйықты ішу құбылысын да жатқызады. Белсенді тасымал аденозинтрифосфат (АФ) ыдыраған кезде бөлінетін энергиямен қамтамасыз етіледі. Егер тасымалдау кезінде АУФ ыдырау қуаты пайдаланылса, онда бұл белсенді тасымалдауды көрсетеді. Бұл арнайы тасушы нәруыздар Na, K - AТФ азa және Сa - AТФ азaмен қамтамасыз етіледі. Ферменттің пішіделуі (конформация) тасымалданатын иондармен ұқсастыққа байланысты, яғни әр түрлі байланыстырушы қабілеттерге байланысты. Мысал ретінде натрий-калий сорғысы (Na, K-сорғы) деп аталатын құбылысты көрсетуге болады. Na және AТФ иондары мембранаға іштен, ал K иондары - сыртынан өтеді. Жасушаға өтетін екі K ионы үшін үш ион Na шығарылады. Осылайша, жасуша iшi теріс, ал сырты оң заряд боп, мембрананың екі жағында потенциал айырмасы туады. Натрий ионының сыртқа көп ауысуына байланысты шығатын электр тогы пайда болады. Сонымен қатар мембранада екінші белсенді тасымал жүреді. Ол молекула мен иондарды, мөлшерлік градиентке қарсы басқа өтіп жаткан заттардың қуатын пайдаланып тасиды.Мысалы, глюкоза, аминқышқылдары аш ішектің шырышты қабығынан, оның жасушасына Na қатысуымен сіңеді (симпорт). Бұл жасушалардан шығатын осы катиондардың белсенді тасымалы жасайтын электрохимиялық айырмашылықтарға байланысты болады. Мида Na-сорғының жұмысы медиаторлардың кері жұтылуына (реабсорбция) байланысты. Медиаторлар (дәнекерлеушілер) қоздырғыш түркілердің әсерінен жүйке ұшында бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет