1 геологиялық БӨлім 4 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4


Өндірістік басқарманың объектілерін статикалық электр қуаты мен найзағайдан қорғау



бет10/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#124630
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4.2 Өндірістік басқарманың объектілерін статикалық электр қуаты мен найзағайдан қорғау


Барлық қондырғылар мен объектілерде “химиялық, мұнайхимиялық өндірістерді және мұнай өңдеу өнеркәсібін статикалық электр қуатынан қорғау ережелерімен” қарастырылған талаптар орындалады.

Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы үшін, сонымен қатар жабдықтарды бұзылыстардан, өрттенуден және найзағайдың тура соққыларынан болатын жарылыстардан қорғау үшін “ғимараттар мен жасақтардың найзағайдан қорғанышын орналастыру мен жобалау бойынша нұсқаларға” сәйкес найзағайдан қорғаныш орнатылады:

- жерге қосатын сымдардың жалпы кедергілерін азйту үшін өндірістік құбырларды пайдалануға рұқсат етілмейді;

- ғимараттардың ішінде, сондай-ақ сыртында орналасқан резервуарлар, газ құбырлары, өнім құбырлары, қую-құйып алу қондырғылары, желдеткіш қондырғылар, барлық металл аппараттар статикалық электр қуатының разрядтары мен найзағайдың екінші пайда болуынан қорғалуы үшін жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек;

- жеке орнатылған аппараттар мен резервуарлардың өз жерсіңдіргіштері болуы керек немес жалпы жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек. Бірнеше аппараттар мен резервуарларды жерсіңдіруші өткізгішпен тізбектен қосуға болмайды;

- найзағайдан қорғау мен жерсіңдіруші қондырғылардың журналда жазылған және акт құрылған, қондырғының бастығымен бекітілген графиктер мен нұскауларға сәйкес мерзімі көрсетілуі қажет;

- мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді резервуарлар мен темір жол цистерналарына сорғалатып құюға болмайды.

Резервуарларды толтырғанда сұйықтың деңгейіне мән берілуі қажет. Өнім құйылатын құбыр резервуардағы өлі қалдық деңгейінен төмен болуы керек.

Найзагай ойнағанда мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді құюға, сонымен қатар олардан сынама алуға болмайды.

4.3 Топтап өлшейтін қондырғыларды найзағайдан қорғау


Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы құрамына топтап өлшейтін қондырғы (ГЗУ), өздігінен ағатын жинау коллекторы, бөлімшелік саңылаусыздандырлмаған резервуарлар, сорап, жинау коллекторлары, шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр кіреді. Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы электрлі қондырғылардың құрылғылары ережелерінің (ПУЭ) В-1а және В-1г кластарына жатады.

Өз кезегінде, электрлі қондырғылардың құрылғылары ережеерінің (ПУЭ) В-1 және В-2 кластарына жататын ғимараттар мен жасақтар құрылғыларына қарай найзағайдан қорғаудың 1 категориясына кіреді.

Топтап өлшейтін қондырғылардың объектілері қосылатын, 1 категорияға жататын ғимараттар мен жасақтар Қазақстанның барлық аймағында найзағайдан қорғалуға міндетті деген ұсыныстар йтылған.

Бұл найзағайдан қорғау қондырғысының категориясын дұрыс анықтау қарастыралатын топтап өлшейтін қондырғылардың объектісін пайдалану үшін қажетті шарт болып табылатын туралы айтады.

Ғимараттар мен жасақтар қорғау аймағын қамтамасыз ететін жеке тұрған стерженді немесе арқанды найзағай бағыттауыштармен қорғалады.

Топтап өлшейтін қондырғының найзағайдан қорғанышын жобалау үшін жұмыстағы ұсыныстарды пайдаланамыз. Стерженді найзагай бағыттауыштың қорғау аймағының құрылысы мен есебі Г.М.Кржижановский атындағы энергетикалық институт ұсынған әдіс бойынша жүргізеі.

І құрылысқа топтап өлшейтін қондырғы мен өздігінен ағатын жинау коллекторы жатады. ІІ құрылысқа - бөлімшелік саңылаусыздандырылмаған резервуарлар, сорап пен жинау коллекторы. ІІІ құрылысқа - шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр.

Ұсыныстарға сәйкес берілген жасақ кешенін қорғау үшін 2 стерженді найзағай бағыттауышты қолданған жөн. Ол үшін І құрылысқа жататын 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін (h) табамыз.



(4.1)

Берілген жағдайда 1-2 қос қабат стержньді найзағай бағыттауыштың өсі бойынша жасаққа дейін созылған қашықтық пен найзағай бағыттауыштан жасаққа дейінгі қашықтықтың қосындысы шамасы керек.

ІІ қрылыс бөлігіне қатысты 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін анықтаймыз.

(4.2)

(4.3)

Осылайша 2-найзағай бағыттауыштың және биіктіктерін есептейміз, бұл кезде өрнекке найзйғай бағыттауышқа жақын орналасқан ІІ құрылыс бөлігіне сәйкес және мәндері енгізіледі.



(4.4)

(4.5)

Типтік конструкциясын бағдарлап бірінші және екінші стерженді найзағай бағыттауыштардың биіктіктерін есептеу үшін 25 м және 35 метрге тең деп қабылдаймыз. Кейін найзағай бағыттауыштардың есептеу үшін қабылданған биіктіктерінен шығатын қорғау аймақтары мен тұрғызудың есебіне келеміз.

2-найзағай бағыттауыштың вертикал жазықтығындағы пайда болатын қорғау аймағын тұрғызамыз. Ол үшін найзағай бағыттауыштан 0,75 h және 1,5h қашықтықта орналасқан А және В нүктелерін сәйкесінше найзағай бағыттауыштың төбесі мен 0,8h биіктікте орналасқан В нүктесін түзу сызықпен қосамыз. Екі сызықтың қиылысу нүктесі арқылы өтетін қисық іздеп отырған қоргау аймағының шекарасы береді.

денгейдегі 2-найзағай бағыттауыштың қорғау радиусын аңықтаймыз.

болғандықтан мына өрнекті қолданамыз:

(4.6)

Осы ретпен 1-найзағай бағыттауыштың да қорғау радиусын деңгейде анықтаймыз.



(4.7)

Сосын 1-найзағай бағыттауыштың төбесінен 2-найзағай бағыттауыштың пайда болған қорғау аймағымен қиылысына дейін көлденең сызық жүргіземіз. Қиылыстырудан алынған Г нүктесі 1-найзағай бағыттауыштың биіктігіне сәйкес келеді және алдағы есептеулерде фиктивті найзағай бағыттауыштың төбесі деп қабылданады.

1-найзағай бағыттауыш пен фиктивті найзағай бағыттауыштың қорғау аймағының жоғарғы шекарасын анықтаймыз. Ол үшін центрі 1-найзағай бағыттауыштан L қашықтықта орналасқан І-І өсте - биіктіктен R- радиуспен 0- нүктесі арқылы доға жүргіземіз.

- шамасын мына өрнектен табамыз:

(4.8)

Шеңбердің радиусын мына өрнектен аламыз:



(4.9)

Қорғау аймағының ені деңгейде былай болады:



(4.10)

Сонымен есептеулер көрсеткендей І және ІІ қорғау жасақтарының барлық бөлігі стерженді найзағай бағыттауыштардың қорғау аймағында орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет