1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


Отарлық жүйенің күйреуі. Шығыс елдерінің тәуелсіздік алуы



бет7/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

8. Отарлық жүйенің күйреуі. Шығыс елдерінің тәуелсіздік алуы.
Еуропалық слдердің отаршылдық саясаты бастау алғаннан-ақ қарсылықтар туғызды. Еуропа колонизациясының әр кезеңдерінде Азия және Африка елдерінің жергілікті тұрғындары үнемі қажырлы күрес жүргізіп отырды. Мысалы: Индонезиялық Ява аралындағы Дипонегоро бастаған антиголландиялық көтеріліс (1825-1830), Алжирдағы француздарға қарсы Абд аль-Кадир бастаған көтеріліс (1832-1847) және басқалары.
Бастапқыда бұл көтерілістер кездейсоқ сипатта, ұйымдаспаған күйде және колонизаторлардың белгілі бір жөнсіз қатыгездігіне, озбырлыққа қарсы әрекет болды. Қарсылық көрсеткендердің басында әдетте феодал-ақсүйек өкілдері, тайпа көсемдері, діни қызметкерлер және тағы басқалар тұрды. Сонымен қатар, отар елдердегі ауқатты тұрғындар метрополияларға жер аударып отырды, бірақ барлығы емес. Олардың арасында бөтен этномәдениетке, әлеуметтік ортаға бейімделе алмағандар да болды. Жергілікті тұрғындардың осындай кейбір жас буыны метрополияларға барып, ол жердің өркениетімен араласса да, қайта оралып отырды және өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулігін, кемсітілгендігін сезінді. XIX ғасырдың екінші жартысында жергілікті элиталардың белсенді және оқымысты тобының, интеллигенцияның ықпалымен ұлт-азаттық қозғалыстар ұйымдасқан түрде жүре бастады. Алғашқы қоғамдық-саяси ұйымдар, мәдени-ағартушылық, діни-реформаторлық мінездегі қоғамдар пайда болды. Жалпы ұлттық мүддені қорғайтын саяси партиялар дүниеге келді. Осылай мысалы, 1885 жылы британдықтарға қарсы ұйымдастырылған Үнді Ұлттық Конгресі партиясы пайда болды. Азия және Африка елдерінде дін - мықты жұмылдырушы күш ретінде көрінді.
Ол халықты ортақ идеялық негізге біріктірді. Оған мысал, Судандағы аль-Махди көтерілісі, Ливиядағы сенуситтер, Аравия жартыаралындағы уахабшылар, Бельгиялық Конгодағы кимбангизм қозғалыстары және тағы басқалары.
Тәуелсіздік күрестердің барысына Еуропадағы уақиғалар да ықпал етіп отырды. Қарқынды көтерілістер мен соғыстардың майданына Қытай, Корея, Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Египет, Марокко, Сирия, Түркия, Нигерия, Сьерра-Леоне, Гамбия, Кения, Камерун және тағы басқалары айналды. Азат етуші күштерді ыдырату, жетекшілерінен айыру үшін колониалдық әкімшілік үнемі зорлық-зомбылық, қатыгездік, опасыздық, арандатушылық шараларын ұйымдастырып отырды.
Азия, Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстар біркелкі жүрген жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, саяси даму деңгейінің жоғары болуына байланысты кейбір елдерде бұл үдерістер ерте басталып, тез қарқынмен жүрді. Жалпы алғанда, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін ұлттық тәуелсіздікті көп ел ала алмады: Солтүстік Йемен 1918 ж., Ауғанстан - 1919 ж., Египет - 1922 ж., Ирак - 1930-ыншы жыл, Сирия - 1941 ж., Ливан - 1943 жыл. Тәуелсіздік салыстырмалы шамада, жиі формалды түрде болды және бұл жолдағы барлық күрес алда еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет