5. Ауғанстан Демократиялық Республикасы. 1990-2000 жж. Ауғанстан.
Ауғанстан Демократиялық Республикасы. АХДП жетекшілігі түрмеден босатылған соң, елдегі билікті тез арада өз қолына алды. Нур Мухаммад Тараки елдің жоғары органы болып саналатын Революциялық кеңестің төрағасы және сонымен бір мезетте премьер-министр қызметін қоса атқарды. Оның аталған органдардағы орынбасарлығына Бабрак Кармаль тағайындалды. Ел ресми түрде Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп атала бастады. Жоғары кенес пен ауған қоғамының ұйымдастырушы және бағыттаушы күші деп жарияланған АХДП жерсіз және жері аз шарулардың борыштарын қысқарту, өсімқорлықты жою, бұрынғы король отбасы мүшелерінің, соның ішінде бұрынғы президент М. Дауд пен өзге де ірі жер иелеріне тиесілі болған жерлер мен мүліктерді тәркілеу, бірқатар күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын төмендету, жаңа мектептер, тұрғын үйлер, мешіттер т.б жүзеге асыра бастады. АДР үкіметі осындай жолмен өз жағына революцияшыл шаруаларды, қала еңбекшілерін тарту арқылы өзінің әлеуметтік базасын құрмақ болды. 1979 жылдың басынан дін басылары үкімет тарапынан қысым көріп, олардың құқықтарына нұқсан келтіріле бастады. АДР жетекшілігі тарапынан орын алған бұндай және өзге де өрескел саяси қателіктер, елде халықтың үкіметке деген наразылығын қоздыра түсіп, Ауғанстандағы азамат соғысының бастамасы болды.Алғашқы кезде елдегі жаңаруларға қарсылық стихиялық сипатта болды. Бірақ,1978 жылдың қазанында алғаш рет ірі қарулы көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтеріліске қарсы шараларды жүргізу барысында АХДП жетекшілігі арасында ауызбірліктің болмауы, үкіметтің биліктен тайдырылуында теріс рөл атқарды. 1979 жылдың қыркүйегінде ішкі саяси күрес нәтижесінде АХДП мен Революциялық кеңестің жетекшісі Н. Тараки тақтан тайдырылды.Ауғанстан мен КСРО арасындағы әскери-саяси және экономикалық қатынастар өзінің жаңа даму жолына түсті. Кремльдік мамандар Х. Аминнің әскери, саяси,экономика салалардағы мәселелер бойынша кеңесшілері болды. Х. Амин КСРО-мен тығыз қатынастар орната отырып, батыспен, әсіресе, АҚШ-пен жақындасуға барды. КСРО құпия барлау орындарына Х. Аминнің АҚШ жетекшілігімен астыртын келіссөз жүргізгендігі белгілі болған соң, Кремль оны тақтан тайдыру операциясын жүзеге асырды. Ауғанстанда соғыс оты тұтанып, ол осы күнге дейін жалғасуда. Ауғанстанға кеңес әскерлерінің енгізілуі үлкен саяси қателік болды. Ауғанстанда кеңінен Кеңес әскерлеріне қарсы моджахедтік қозғалыс басталды. АҚШ, Ұлыбритания ГФР, Франция, Италия сияқты батыс елдері және Қытайдың қолдауымен моджахедтер Кеңес әскерлері мен ресми Кабул әскерлеріне қарсы 10 жыл бойы партизандық күрес жүргізді. Ауғанстаннан босқан халық Пакистанға қарай бет түзеді. Ауған-пакистан шекарасындағы Пешавар деген жерде босқындар лагері пайда болды. Бұл лагерлерде батыстық әскери нұсқаушылардың басшылығы-
мен ауған моджахедтері әскери даярлықтан өткен соң, толық қару-жарақтарымен Ауғанстан территориясына жөнелтіліп отырды.
1985 жылы КСРО-да билікке М.С. Горбачевтың келуі Ауғанстандағы жағдайға қатысты позицияның түбірлі өзгеруіне алып келді. Батыстың Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару талабымен келісе отырып, М. Горбачев кезең-кезеңмен Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығара бастады. Ауғанстанда ұзаққа созылған соғыс халыққа ауыртпалықтар алып келді. Соғыс ке- зінде Ауғанстан халқы (5 млн. жуық адам) Пакистан, Иран және басқа да елдерге босып кетті. Кеңес әскерлері мен ресми Кабул әскерлеріне қарсы Ауғанстанда өмір сүретін барлық этникалық топтар қарсы соғысты. Соғыс кезінде көптеген қалалар мен қыстақтар қиратылды. Бұл онсыз да әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр ауған халқына қосымша қиындықтар тудырды. 1989 жылдың 15 ақпанында ең соңғы кеңес әскерле-
рінің бөлімдері Ауғанстаннан шығарылды. Кеңес әскерлері шығарылған соң,Ауғанстанда ресми Кабулға қарсы моджахедтердің бірлескен әскери қимылдары басталды. 1992 жылы сырттан еш қолдау алмаған Наджибулла үкіметі жойылды.Наджибулла өзінің қайын інісімен бірге дарға асып өлтірілді.
1990-2000 жылдардағы Ауғанстан. 1992 жылдың сәуірінде Ауғанстанда уақытша үкімет орнады. Ауғанстан ислам мемлекеті ретінде жарияланды. Ал 1992 жылдың желтоқсанында мұсылмандық идеялардың байырғы жақтаушысы Бурхануддин Раббани Ауғанстан Ислам Республикасының басшылығына сайланды. Үлты тәжік Раббани президент мансабын иелене отырып, негізінен тәжіктерден құралған «Ауғанстан ислам қоғамы» партиясына жетекшілік етуін жалғастыра берді.Мемлекет басшысын ұлты тәжік, бір кездері әйгілі дала командирі болған Шах Масуд қолдады. Бұрынғы коалициялық үкіметтің басшысы, әрі пуштундардың жетекшісі Г. Хекматьяр Ауғанстан ислам партиясын басқарды. Бұл партияның мақсаты көршілес Ирандағы сияқты исламдық мемлекет құру болды.
1995 жылы Ауғанстанның саяси сахнасында пуштундардан тұратын М. Омар бастаған Талибан қозғалысы пайда болды. Бұл қозғалыс АҚШ пен Пакистанның қолдауымен осы елдің территориясында құрылған болатын. Талибтер «ислам дінінің тазалығы» үшін күрес ұранын көтере отырып, ресми Кабулге қарсы шықты. 1997 жылдың маусымында талибтердің қарсыластары «Ауғанстанды азат сту біріккен ислам майданын» құрды. 1997 жылдың 28 қазанында талибтер қозғалысының Кеңесі («Шура») Ауғанстанды әмірлік деп жариялап, елде монархияны қайтадан жандандырды.
2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ, талибтер үкіметі мен әмір Омардың жеке басын, Нью-Йорктегі террорлық актілерге қатысы бар және Усама бен-Ладенді жасырып отыр деп айыптады. 2001 жылдың соңына таман Ауғанстанның басым бөлігін АҚШ бастаған көпжақты антитеррористік күштер «Мұқалмайтын жігер» операциясын жүзеге асыру барысында басып алды. Осылай, талибтердің Ауғанстандағы билігі жойылды. Сонымен қатар талибтер Ауғанстанның Пакистанмен шекаралас Қандағар, Гильменд, Заболь, Урузган және Нангархар, Хост провинцияларында өз бақылауын қолдан шығармай отыр. 2004 жылдың көктемінде талибтердің әскери бөлімдері шоғырланған және олардың ықтималды базаларры мен лагерлері орналасқан аудандарда АҚШ бастаған көп жақты күштердің Таудағы дауыл» атты антитеррористік операциясы іске асырылды. Екі тарапта әскери қимылдар барысында айтарлықтай шығынға ұшырады.2009 жылғы президенттік сайлаулардан кейін президент Хамид Карзай өз билігін Ауғанстанның өзге аудандарында нығайтуға кірісіп кетті. Оның басты мақсаты аймақтық жетекшілердің астамшыл билігін тежеп, олардың барлық әрекетінің заңдылығын қамтамасыз ету және талибтер мен «Әл-Каиданың» әскери ұйымдарын жою болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |