1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


ХХ ғ. 20 жж. Жапонияның саяси өміріндегі өзгерістер және «партиялық кабинеттердің» қызметі



бет6/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

7. ХХ ғ. 20 жж. Жапонияның саяси өміріндегі өзгерістер және «партиялық кабинеттердің» қызметі.
Вашингтон конференциясының Жапония үшін негативті нәтижелері мемлекеттің әскери топтары мен саяси партияларын жақындасуға итермеледі. Осы кезде Жапонияны батыстық мемлекеттердің саяси өмірінің нормалары мен ережелеріне жақындата түскен саяси партиялардың тәжірибесі қалыптаса бастады. Конституцияны қорғау күресінің кезекті бір барысында - Сэйюкай (Саяси достар қоғамы), Кэнсэйто (Конституциялық партия) және Какусии курабу (Өзгерістер клубы) сияқты үш партия Киехара басқарған кезекті бюрократиялық үкіметті биліктен тайдыру үшін бірікті. Біріккен коалиция 1924 жылғы парламенттік сайлауларда парламенттің төменгі палатасында көпшілік дауысқа ие болған соң,
коалициялық кабинетті Кито Такааки басқарды. Осы сәттен 1932 жылға дейін елді тек партиялық кабинеттер басқарды.
Партиялық кабинеттерді құрудағы маңызды кезең Құпия кеңесті бейтараптандыру болды. Жапонияда Құпия кеңестің мақұлдауынсыз ешқандай шешім қабылданбайтын болды. Сонымен бір мезетте партиялар мен бюрократияның бірігуі жүзеге асырылды. Бұл құбылыс Жапонияда бұрындары демалысқа шыққан жоғары лауазымды шенеуніктердің партия жетекшілігіне өту тәжірибесінің пайда болуына әкелді.
1927 жылы Жапонияда агрессияшыл сыртқы саясат пен реакцияшыл ішкі саясатты жақтаушылардан кұрылған генерал Танака басқарған кабинет билікке келді. Танака сыртқы саясаттың жаңа ұстанымдарын жариялады. Жаңа ұстанымның мәні - Жапонияның өкілдеріне әлемнің қай бөлігінде болмасын қатер төнсе, сол жерге жапон әскерлерін жөнелту және Қытай революциясының Маньчжурия мен Монғолияға таралмауы үшін оларды Қытайдан бөліп алу болды. Осы жылдары әлемге әйгілі «Танака меморандумы» деген құжат өмірге келді. «Танака меморандумында» Қытай, Үндіқытай, Бирма, Үндістан, оңтүстік шығыс Азия елдерін, сонан соң, КСРО мен Еуропаның кейбір бөлігін жаулап алу жоспары көрініс тапты.
Агрессияшыл кабинеттің авантюралық мақсаты және төніп келе жатқан әлемдік экономикалық дағдарыс ел ішінде толқулар мен наразылықтар тудырды. Танака кабинеті ел ішіндегі жағдайды тұрақтандыру үшін 1928 жылдың ақпан айында жазалау шараларына кірісті. Жапониядағы жазалау кезеңі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде жалғаса берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет