Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Бұқаралық-ақпарат құралдарындағы фразеологизмдер. Бұқаралық газет стильінде фразеология ең маңызды компонент болып табылады. Баспасөз беттерінде фразеологизмдерді қолдану ақиқаттық көзқараста ерекше маңызы бар. Журналистер фразеологизмді кіріспе сөзде тақырыпта назар аудару үшін қолданылады. Мысал жоқшылық, жоқшылыққа жолығу, еңсесі түсу т.б.. Баспасөз тілінде тақырыптың – фразеологизмнің бір компоненті ауысып жаңа түрі кеңінен қолданылады. Мысалы: «Ассистентінің басы-алланың добы» яғни адамның басы-алланың добы, «Қазақтың сары баласы» яғни Қазақтың қара баласы. Варианттардың ауысуы негізгі ойға және фразеологиялық негізге әсер етпейді, осындай өзгерудің нәтижесінде қосымша стилистикалық бояуға ие болады. Газет тақырыптарында қатты әсер беретін фразеологиялық тіркес кеңінен қолданылады: Жол қадырын жүрген білер... сыйға - сый, сыраға –бал. Бұндай құрылымға тек фразеологиялық элементтер әсер етеді. Қорыта айтқанда, жаңа өз бетінше құрылған метафорлық құрылым және фразеологизм жалпы тілдік метафора мен үйреншікті фразеологиялық тіркестің нормативтік реңде қабылданады. Бұл екі жоспарлы ойды және көркемдік мүмкіндікті туғызады. Газет беттерінде фразеологизімдерді қолдану өз ойын, сезімін, сынын, көркемдігін, ана тіліміздің сөз байлығын, мәнерін жеткізе аламыз. Зерттеушілер тілімізде фразеологизмдерді қолданылудың екі тәсілі бар екенін айтады: 1.фразеологизмдердің жалпыхалықтық формада қолданылуы. 2.фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.
Фразеологизмдер ең алғаш ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазу тілінде қолданылып жалпыға танылады. Көптеген ғалымдар фразеологизмдердің өзіне тән негізі мынадай болады дейді: 1.дайын тілдік бірлік ретінде қолданылады; 2.жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3.мағына жағынан бірлігі сақталады; 4.екі сөзден кем болмайды. Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын (идиом, фраза, мақал-мәтелдер) бәрі де ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.
Фразеологизмдер өздерінің бейнелік құрылысы жағынан да әр алуан болады.Онда тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің бәрі де бар:
Достарыңызбен бөлісу: |