1. Жалпы мәлімет



бет32/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Тұрақты эпитет: қыпша бел, бұраң бел, ай қабақ, сүмбіл шаш,т.б.
Тұрақты теңеу : атқан оқтай, иненің жасуындай, көздің қарашығындай,
Тұрақты әсірелеу: көл-көсір, телегей теңіз, көп түкірсе көл болады, әлемде теңі жоқ, қыл өтпестей, ине шаншар жер жоқ, түймедейді түйедей етті т.б.
Тұрақты литота : Әсірелеуде белгілі бір зат не құбылыс шамадан тыс үлкейіп айтылса, литотада, керісінше, өте кішірейтіліп айтылады. Мысалы, тізе бүкпеу, бел жазбау, кірпік қақпау т.б.
Мәселен, фразеологизмдердің көпшілігі шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты поэтикалық синтаксиске құрылған.
Шендестіру (антитеза) жолымен құрылған тұрақты сөз тіркестері: мың асуға бір тосу, бірде бие, бірде түйе т.б.
Антонимге құрылған мақал-мәтелдер: көп тыңда, аз сөйле, бетегеден биік, жусаннан аласа, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, не өліде, не тіріде жоқ .т.б.
Фразеологизмдердің ішінде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы құрылған антонимдік құбылыстарда фразеологиялық антонимдер байқалады: су жүрек, жүрек жұтқан, т.б.
Оксюморон –мағынасы қарама-қарсы антоним сөздер өзара тіркесіп, бір ұғымды білдіреді: тірі өлік, (тірі аруақ), тірі жетім, жаман жақсы көру, ілгері басқан қадамы кері кетті, жіпсіз байланды т.б.
Дамыту: оқу-білім бұлағы, білім өнер шырағы, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер т.б.
Параллелизм : киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі, сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес т.б. бұл құбылыс мақал мен афоризмдерде жиі кездеседі.
Анафора: Сөзді немесе сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды анафора деп атаймыз. Қол – қолды табады, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, ауыздан-ауызға таратады, т.б.
Эпифорада: қайталанатын сөз керісінше сөйлемнің аяғында келеді. Мысалы, жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла, аласаны атқа санама, жақыныңды жатқа санама, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет