1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

25. Қазақ тіл білімі
Қазақ тіл білімі – қазақ тілінің құрылымы жəне қызметінің жалпы
аспектілерін зерттеу жүргізілетін ғылым саласы. Қазақ тілінің білім беру
тарихы 2 кезеңге бөлінген болатын: 1.тіл білімі қалыптасқанға дейінгі 2. Тіл
білімі қалыптақан кезең. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін дамытуға зор
үлес қосқан тұлға. Оның қалдырып кеткен еңбектерінде тіл білімінің негізгі
салалары : фонетика, грамматика, түркология, оқу-əдістемелік əдебиет, т.б.
қамтылған. 1924 жылдары Қазақ тіл білімінің өзекті мəселелеріне арналған
съездер, конференциялар ұйымдастырылды. 1924 жылы Орынборда қазақ
ғалымдарының бірінші съезі өтіп, онда қазақ тілінің жазу мəдениеті, əліпбиі
жəне оқу пəндерінің атаулары мəселелері қаралды. Орфография, əліпби жəне
емле мəселелері талқыланды. Сөздер мен терминдердің емлесі, ережелері
жəне дұрыс атауларының жобасы 1929 жылы 2-4 маусымда Қызылорда
қаласында өткен ғылыми-практикалық конференцияда қаралды. Қазақ тілі
қазіргі таңға дейін түрлі бағытты дамыды.
Ал, осы қазақ тіл білімінің салаларына тоқталсақ, ең алдымен əліппе мен
еміле, бұл саласы Ы.Алтынсариннің орыс графикасының негізінде
жасалынған болатын. Келесі бір саласы, ол грамматика, байтұрсынұлының
жазған оқулықтарынан негіз алған болатын.


26. Дыбыс тілінің пайда болуы
Дыбыс тілінің пайда болуы адам қоғамының тарихы үшін де, лингвистика
үшін де сондай маңызды болса да, ғалымдар оның қай уақытты пайда
болғанын, неден басталғанын, ол туралы ешкім де нақты жауап бере алмаған
болатын. Бірақ та ғалымдардың пайымдауынша, дыбыс тіл ол жеке
дыбыстарға сараланатын сөз ретінде дүниге біден пайда бола салмаған, ең
алдымен адам тектес маймылдардың шығарған бір мағынаны хабарлау
мақсатында қолданылған диффузды, яғни оны материалдық жағынан алғанда
да, мағыналық жағынанда бөлшектеп қарауға болмайтын одағай
дыбыстардың пайда болуымен, дабыс тілінің ең алғашқы бастамасы осыдан
пайда болған болатын.
Марксизм классиктерінің пайымдаулары бойынша, дыбыс тілінің пайда
болуын екі түрлі алғы шарттарына байланысты жіктеген болатын. Соның
біріншісі- биологиялық, екіншісі- əлеуметтік. Яғни жоғары да айтылып
кеткен, адам тектес маймылдарда бастау алып, екі аяқтап тік жүргені келген
кезінде, адам баласының дене пітімі жағынан болсын, санасымен, органдары
да үлкен өзгеріске ұшырап, адамдық қалпына келе бастаған болатын.
Солардың ішінде сөйлеу қызметінің дамуы дыбыс тілінің шығуына қажет
ететін биологиялық алғы шарттары болып есептелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет