1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тілдің жүйелік жəне құрылымдық сипаты



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

32. Тілдің жүйелік жəне құрылымдық сипаты.
Тіл өзінің білгілі құрылымы сонымен қатар қызметі қалыптасқан, тұтастай
жүйеленген құбылысы ретінде тіршілік етеді. Жалпылай алғанда, жүйе мен
құрылым секілді ұғымдарға жеке- жеке тоқталар болсақ, бүтіннің
элементтері арасынба болатын қатынастардың сызбасы құрылым болып


саналады, ал жүйе қандайда болсада , айқындалған құрылымның бар
екендігін білдіреді.
Құрылымдылық пен жүйелілік тілге де тəн қасиеттер. Құрылым жəне жүйе
ұғымы тілге байланысты бірнеше мазмұндамаға ие болды: құрылым бір
бүтіннің бойында бар əрекеттегі элементтердегі қарым- қатынасынан
сонымен бірге, тұтастығынан тұрады.Ол элементтерге: фонемалар,
морфемалар, сөздер, яғни кез- келген заттың атауын білдіретін- номинативті
қызметі, жəне сөйлем, сөз номинативті қызметті атқаратын болса, сөйлем
комуникативті қызметті атқаратын болады.Құрылымның бұл элементтері
тілде өзара бірімен- бірі тығыз байланыс үстінде, бірлікте болады.Ал жүйе
болса, өзара шарттасқан , өз арасында байланыстағы бір тектегі
элементтердің бірлігі болып табылады. Егер де тілде белгілі бір жүйе
болмаған жағдайда, ол бір- бірімен байланыспаған, ретке келмеген,
бытыраңқы , шашыраңқы күйде болып, адам жадында, санасында сақталуы
қиын болатын еді. Жүйесіз тіл қарым- қатынас құралы болуға, пікір алмасуға ,
қызмет етуге жарамайды.Сонымен, кез келген тілдің өзіне сай құрылымы
қалыптасқан жүйелі құбылыс болатындығы жайында қағида тіл біліміне
қалыптасқан сонымен бірге ең басты деген қағадаларының бірі болып
есептеледі.
33. Тілдік элементтердің арасындағы байланыстар мен
қатынастар
Тілдің құрылымдық жəне жүйелік сипаты . Тіл білімі дегеніміз, яғни
лингвистика- əлемдегі тілдердің құрылымы мен əлеуметтік қызметін,
сонымен қатар дамуы мен барлық зерттейтін сала болып табылады.Тілдің
білгілі бір өзіне тəн құрылымы ,қызметі мен жүйесі болады. Демек, тілге үш
түрлі сипат тəн : структурасы, системасы жəне функциясы.
Тілдің құрылымы: дыбыс, морфема , сөз ,сөз тіркесі, сөйлем жəне мəтіннен
тұрады. Əр тілде жалпы құрылымы мен жүйесі де болады. Сондай- ақ тілдің
əр деңгейінің де өз құрылымдары мен жүйелері болады. Мысалы: фонетика
жүйесін қарастырсақ: сол жүйедегі барлық элементтер осы жүйенің мүшесі
ретінде қызметін атқарып отырады.
Жүйе деп – өз араларында байланысы бар бір тектегі элементтердің бірллігін
айтамыз. Демек, жүйе- ретімен ұйымдасып орналасқан құбылыс ,яғни, бірлік.
Негізінен жүйе құрылым мен материяның қосылуының негізінде өмір сүріп,
қызмет атқарады. Тілдегі құрылымдардың жеке қабат жүйелері бір-бірімен
тығыз байланыста болы, жалпы жүйені құрайды. Қорыта айтқанда:Тілдік
құрылым дегеніміз- тілдік жүйенің құрамдас бөлігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет