1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

29. Тіл жəне ойлау
Тіл жəне ойлау жылпы тіл білімі сонымен қатар философия, логика тағы да
психология сияқты салалардың ауқымды мəселерлерінің бірі. Тіл де, ойлау
да – адамдарға байланысты құбылыстар. Екеуі, тіл жəне ойлау өзара
қарқынды байланыстағы құбылыстар. Ой тілдің арқасында айтылатын
мазмұнның негізгі тамыры болып есептелед. Кез келген адам өзінің ойын
өзгелерге тіл арқылы білдіреді. Ойдағы нəрсенің пайда болуы үшін тілдік
материалдарға қатыстылығы, сөздер сонымен қатар сөйлемдедер де
қолданылуы қажет . Яғни, тілдегі барлық единицалар- сөз,сөз тіркесі, сөйлем
барлығы да қажетті бір ұғымды, пікірді, ойды білдіреді. Ұғым жəне ой
тілдегі единицалардың негізі болып келеді.
30. Тіл жəне сөйлеу
Тіл мен сөйлеу екеуі бір ұғым емес екендігін жəне бұл ұғымдардың арасында
үлкен айырмашылықтың бар екенін ғалымдар ертеден анықтаған. Олардың


қатарына он тоғызыншы ғасырдың көрнекті ғалымдары- В. Гумбольд,
Г.Шухард, Г.Штейнтальды жатқыза аламыз. Сонымен қатар осы тіл жəне
сөйлеу ұғымдарын бөлек- бөлек қарастыру керектігін алғаш дəлелдеп
көрсеткен- Ферденанд де Соссюр болды.
Сөйлеу деп
отырғанымыз- қарым-қатынас процесі кезінде жеке өзінің ойын, сезімін, көз-
қарасын өзгелерге жеткізу, өзгенің ойын білдіру мақсатында тілді пайдалану
болып табылады. Ал, тіл дегеніміз- элементтер жуйелігі, нақтылай өтсек,
əртүрлі қабаттардың бірлігі сонымен қатар сол элементтердің қызмет ететін
ережелер жүйесі, жəне де сол тілдерді қолданушылардың баршасына ортақ
əлеуметтік құбылыс.Яғни, Сөйлеу деп отырғанымыз- тілдің өмір сүрудегі
формасы, ал тіл болса тікелей сол сөйлеуде қызмет атқарады.
31. Тілдің таңбалық, мағыналық, функциялық сипаты
Тілдің таңбалық сипаты оның ең басты қасиеттернің бірі болып есептеледі.
Тілідң таңбалық сипаты тақырыбында ең алғаш Бодуэн де Куртенэ сонымен
қатар Фердинанд де Соссюр секілгі шет ел ғалымдардың еңбектерінде сөз
болған. Ф. Де Соссюрдің өз пікірінде: «Тіл деп отырғанымыз идеяларды
айқындайтын таңбалардың жүйесі, сонымен, біз оларды жазумен, əртүрлі
əліппелермен, символ мəндегі əдеп- ғұрыптар, сыпайылық формаларымен
жəне тағы да басқаларымен салыстыруға болады» - деп көрсеткен болатын.
Тілдің таңбалық сипаты жайында сөз болған сəтте, бір бүтін тілдің сонымен
қатар оның элементтернің объективті болмысындағы құбылыстарға қатысы
жəне де солардың жанама түрде байланысуының дəрежесі сипатталады. Тіл
біліміндегі тілдік таңбалардың түрлерін аңықтау кезінде таңба қызметінің
сипаты басты негіз болады. Сол себепті, тілдік таңба типтерін анықтар
көрсетуге болады. Олар:
Бірінші, дифферренциялауға бейімділік қасиеті басым тілдік таңбалар-
фонемалар.
Екіншіден, дифферрациялау қызметіне қарағанда, теңдесіру қызметтері
басым болып келетін таңбалар.
Үшінші, дифферрациялау қызметіне де, жалпылаушы қызметтеріне ие
болатын таңбалар- сөздерді, сөйлемдерді, сөз тіркестерін айта аламыз.
Барша таңбалар жүйесі нақтылай келгенде дыбыстық тілге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет