42. Көптілділік (полилингвизм), қостілділік(билингвизм)
мəселелерін сипаттау
Жалпы “тіл” ұғымын біз ең алдымен белгілі бір тұлғалармен
коммуникацияға түскенде қолданатын басты құрал жəне ойымыздағы
бейнені тілмен жеткізу үшін қолданатымыз хақ. Белгілі бір тұлғалармен
қарым-қатынасқа түскенде диалог орнайды, екеуара талқыланатын мəселе
“тіл” арқылы жарыққа шығады. Осы мəселені “Жалпы тіл білімі” ғылымы
бойынша, теориялық тұрғыда талқылайтын болсақ, тіл құрал ретінде
көптілділік жəне қостілділік болып бөлінеді.
Яғни, бұл екі ұғым əр тұлғаның, əр аймақтың, əр əлеуметтік ортаның ішінде
жарық көретін құбылыстар. Көптілділікті, яғни полилингвизм терминін екі
салаға бөліп қарастырсақ болады: жеке тұлғаның көптілділігі жəне белгілі бір
мемлекеттің көптілділігі. Жеке тұлғаның көптілділігі ол өзінің ізденуіне,
білім алуына сайып келеді. Жеке тұлға 3 тілден артық тілді жетік меңгерген
болса көптілді тұлға деп саналады. Ал мемлекеттің көптілділігі қазіргі таңда
сирек кездесетін құбылыс. Көбіне дамыған елдердің саясаты бойынша
“көптілділік” ұғымы енген. Мемлекеттегі көптілділік ол сол мемлекет ішінде
3 тілден жоғары тілдерді меңгеру, пайдалану. Бір ғана этнос тіршілік ететін
мемлекетте көптілділік болмайды, себебі көптілділік дамыған мемлекеттер
көбінесе көпұлтты, біршама этнос мекен ететін саяси ортаны қамтиды.
Көптілділікке қарағанда көп елдерде қостілділік жақсы дамыған. Жалпы
қостілділік əр елде тұрып жатқан əр түрлі этностардың тұрмыстық өмірінің
қажеттілігінен туындайтын фактор болып табылады. Əуелгісі əр елдің өзінің
ана тілі болса, екіншісі ұлтаралық қатынастарда, еңбек шаруасында, саяси
мəселелерді шешуде оңтайлы тіл болып табылады.
43. Тіл жəне таңба
Тіл жəне таңба деген екі ұғымды ертеректе философ ғалымдар ара жігін
ажыратып зерттеп кеткен болатын. Аристотельден бастау алған бұл мəселе
көптеген ғалымдардың қалам ұштарын серпіп өткен десем қателеспегенім.
Осыған қатысты ғалымдардың пікірінің желісі негізінен бір. Яғни, тіл-
таңбалар жүйесі дегенге сайып келеді. Таңбаны кіші ұғым деп қарастырсақ,
сол кіші ұғымдар топтасып “тіл” деген үлкен, жүйелі ұғымды жарыққа
шығарады. Демек, тілсіз таңба, таңбасыз тіл болмайды деген тұжырымғп
келуге болады. Ф. Де Соссюр есімді əйгілі философ ғалымның осы мəселені
зерттеуде екі бөліп қарастырған: таңбалаушы жəне таңбаланушы деп.
Таңбалаушы- тілдің сыртқы көрінісі, яғни таңбалардың ұжымдасқан сыртқы
бейнесі, оған дыбыстардың ұжымдасуын, таңбалануын жатқызған. Ал
таңбаланушыға бейнелеген таңбалар жүйесінің ішкі сипатын айтамыз. Демек,
тілдің ішкі көрінісіне оның мағынасын, ұғымын, жеткізгісі келген ойын
қарастырамыз. Осы ішкі мен сыртқы, яғни таңбалаушы мен таңбаланушы
бір-бірінсіз жеке дара ұғым бола алмайды. Екі ұғым бір-бірін толықтыру
арқылы үлкен саланың сипатын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |