1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тілдің фонетикалық жағынан дамуы



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

36. Тілдің фонетикалық жағынан дамуы
Тіл- өте күрделі құбылыс жəне жан-жақты ерттеуді қажет етеді. Фонетика-
тіл білімінің маңызды саласы. Ол тілдің дыбыстық құрылымын зерттейді.
Тілдегі дыбыстық құрылым баяу дамиды, өзгереді.
Ең алдымен, қазақ тілінің фонетикалық дамуын қарастырайық. Қазақ тілінің
даму барысында біршама артикуляциялық өзгерістер кездеседі. Мысалы,
тіліміздегі дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке сыңарлары бар. Бірақ,
жіңішке «Е» дыбысының сыңары жоқ. Өйткені, бұл дыбыс А мен Ə-нің
аралығынан жасалған.
Сонымен қатар, тіліміздің фонетикалық базасына өзге тілден енген
сөздердегі дыбыстар да өзгеріс алып келді. Мысалы, араб тілінен енген Ф, Х
дыбыстары (Фатима, хал-ахуал), орыс тілінен енген В, Ю, Г, т.б. дыбыстар
еніп, артикуляциялық базадан орын алды.
Қазіргі таңда қазақтың сөздері мен сөйлемдерін орысша екпінмен айту
мəселесі бар. Бұл- тілдің дыбыстық құрылымының дамуы емес, керісінше
бүлдіру.
Дүние жүзі тілдерінде фонетикалық даму екі түрлі болады. Бірінші-
конвергенция. Ол алғашында өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі
айырмашылықтары бар екі фонеманы қосып, бір дыбыс ретінде қолдану.
Яғни, тілдің даму барысында бұрын жеке болған екі дыбысты бір дыбысқа
айналдыру. Мысалы, көне орыс тіліндегі «оухо» сөзі кейіннен «ухо» болып
өзгерді. «оу» екі фонемасы «у» фонемасына айналды.
Екінші- дивергенция. Бұл алғашындағы бір фонеманың кейіннен жеке
бірнеше фонемаларға ажырауы. Орыс тіліндегі тіл арты «к», «г», «х»
дауыссыз дыбыстарының жұмсаруы нəтижесінде «ж», «ч», «ш» дыбыстары
пайда болды. Яғни 3 дыбыс 6 дыбысқа өзгерді.
37. Тілдің лексикалық жағынан дамуы
Тіл білімінің лексика саласы сөздің қор мен құрамды зерттейді. Фонетикалық
құрам баяу өзгеретін болса, лексикалық құрам өзгеріске бейім. Себебі,
лексика қоғаммен тығыз байланысты. Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі


өзгеріп тұрады. Сəйкесінше, лексика да жаңа болған құбылыстарға атау беріп,
сөздік құрам дамиды. Алайда, көбіне зат есімдер жиі толығады, ал сын есім,
сан есім, етістік, үстеулер баяу дамиды.
Тіл лексикалық жағынан 2 жолмен дамиды. Бірінші- əр тілдің өзіне тəн
бұрынғы элементтер арқылы. Яғни, түбір сөздерге жұрнақтар жалғану, екі
сөздің бірігуі немесе қосарлануы, ескі сөздерге жаңаша мағына немесе
үстеме мағына беру арқылы дамиды.
Екінші- басқа тілден енген сөздер арқылы. Мысалы, тілімізге енген орыс,
моңғол, араб-парсы сөздері сөздік құрамды біршама байытты. Алайда, бұл
тəсілде барлық кезде өнімді бола бермейді. Орыс тілінен қазан төңкерісіне
дейін енген сөздер тіліміздің ішкі заңына бағына еніп, байытты. Ал
төңкерістен кейін енген сөздер, керісінше, шұбарлады да «варваризмдер»
пайда болды: эффект, скетч, абстракт, т.б.
Тілдегі лексикалық құрамның дамуы сөздің сан жағынан өсуімен ғана емес,
мағыналық жағынан толығуымен де өлшенеді. Мысалы, орыс тілінің 17 том
түсіндірме сөздігінде 120 мың сөздің 1-2 мағынасы ғана бар, ал қазақ тіліндегі
10 томдық түсіндірме сөздіктегі 67 мың сөздің 1-7 мағынасы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет