1. Парафармацевтикалық өнімдердің түсінігі және классификациясы Парафармацевтикалық өнім


ББҚ қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата15.02.2024
өлшемі348.35 Kb.
#491795
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Парафарм сессия-1

9.ББҚ қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. 


Биологиялық белсенді қоспалар – бұл өсімдік, жануар немесе минералды тектес табиғи 
шикізат негізінде жасалған препарат. Биологиялық белсенді қоспаларды тамақпен тікелей 
қабылдауға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге болады. Олардың қызметі адам 
ағзасын пайдалы компоненттермен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен,диеталық 
қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға тоқталып өтетін болсақ: 
-ҚР тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық белсенді 
қоспаларға:денденсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен адам денсаулығына 
кауіп 
тудыратын 
уытты 
заттардың 
және 
олардың 
қосындыларының,антибиотиктердің,пестицидтердің,микроорганизмдердің рұқсат етілген 
құрамы бойынша;қолданылу аясына,барынша көп дозалауға,құрамдауыштардың массалық 
үлесіне;қолданылатын шикізатқа,таңбалауға талаптар қойылады. 
-Жаңа биологиялық белсенді қоспаларды,дайындаудың ораудың,сақтаудың жаңа 
технологиялық процесстерін әзірлеу,жарамдылық мерзімдерін белгілеу,сынау қауіпсіздігі 
мен әдістерін өндірістік бақылаудың бағдарламаларын әзірлеу кезінде әзірлеушілер осы 
техникалық регламенттің талаптарын басшылыққа алады.
*Өндіру кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар 
Биологиялық белсенді қоспаларды өндіру Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің 
қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін 12 айдан аспаған, ауырмаған ауыл 
шаруашылығы малының мүшелері мен тіндері, дақылдық өсімдіктер, сондай-ақ 
санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен бактериялар мен жетілмеген 
саңырауқұлақтардың микроорганизмдерінің патогенді емес және уытты емес арнайы 
штаммдары пайдаланылады. 
Биологиялық белсенді қоспаларды дайындау үшін адам денсаулығына зиянды әсер етуі 
мүмкін мынадай заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді: 1) құрамында қатты әсер 
ететін,есірткілік немесе улы заттар бар өсімдіктер; 2) тағамға, тағамдық немесе дәрілік 
өсімдіктерге тән емес заттар; 3) табиғи емес синтетикалық заттар - дәрілік өсімдіктердің 
қатты әсер ететін бастауларына ұқсастар (тамақтанудың эссенциалдық факторлары болып 
табылмайтын); 4) антибиотиктер; 5) гармондар; 6) жануарлардың ықтимал қауіпті тіндері, 
олардың сығындылары мен олардың қайта өңделген өнімдері. 
*Орауға және таңбалауға қойылатын талаптар если керек болса ғана 
1. 1.Биологиялық белсенді қоспаларды орау және таңбалау "Тамақ өнімдерінің 
қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының , "Буып-түюге, таңбалауға, 
затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық 
регламентінің талаптарына жауап беруі тиіс. 
2. Биологиялық 
белсенді қоспалардың орамы зақымдануларды болдырмау, 
контаминацияны (ластануды) азайту және таңбалауды орналастыру үшін барабар 
қорғанышты қамтамасыз етуі тиіс. 
3. Орау материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген 
материалдардан жасалуы тиіс. 
4. Биологиялық белсенді қоспалардың тұтыну ыдысында, затбелгілерінде, тұтыну 
ыдысының әрбір бірлігіне қоса ұсынылатын қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда немесе 
ұсынымдарда мынадай: 


• өнімнің атауы, шығару нысаны; 
• олардың салмақтық немесе пайыздық көрсеткіштерінің кемуіне сәйкес 
келетін тәртіппен олардың дәл санын көрсете отырып ингредиенттік құрам 
туралы мәліметтер; 
• биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттері, олардың қолданылу мақсаты 
туралы мәліметтер, қолдану жөніндегі ұсынымдар, егер тәуліктік 
физиологиялық қажеттілік белгіленген болса, оның пайызы
• биологиялық белсенді қоспалар олардың талаптарына сәйкес келуі тиіс 
нормативтік құжаттың атауы; 
• дайындаушының, бөлшектеп өлшеушінің және буып-түюшінің атауы, 
орналасқан жері; 
• орау бірлігінің номиналды саны, дозалар көлемі мен олардың номиналды 
саны; 
• партия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет