1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Аурудың жалпы патогенетикалық механизмдері. Организмнің ерекше және ерекше емес реакциялары



бет7/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

12.Аурудың жалпы патогенетикалық механизмдері. Организмнің ерекше және ерекше емес реакциялары.
Ауру дамуының себеп-салдарлық қатынастарының күрделі тізбегінде
жергілікті және жалпы өзгерістерді ажыратады. Бірақ біртұтас организмде
абсолютті жергілікті үдерістер болмайтындығын айта кету керек. Кез келген
жергілікті патологияда (фурункул, пульпит, панариций (күбіртке) және т.б.)
патологиялық үдеріске, ауруға тұтас организм катысады. Дегенмен, патогенез-
де жергілікті және жалпы көріністердің рөлі әр түрлі.
Патогенезде жергілікті және жалпы үдерістердің өзара байланыстарының
4 түрін ажыратады.
1. Ағзаның немесе тіннің жергілікті бүліністеріне жауап ретінде, организмнің
жалпы серпілістерінің нәтижесінде, бүлініс ошағын шектеуге бағытталған
тіннің бейімделу механизмдері жұмылдырылады (мысалы, қабыну кезіндегі
грануляциялық тін, лимфа түйіндерінің тосқауылдық қызметі). Осының
нәтижесінде гомеостаздың негізгі параметрлері (дене температурасы,
лейкоциттер саны және лейкоцитарлық формула, эритроциттердің тұну
жылдамдығы - ЭТЖ, заталмасу) өзгермеуі мүмкін.
2. Рецепторлық аппарат пен қан мен лимфаға биологиялық белсенді
заттардың түсуі арқылы жергілікті үдеріс таралған серпілістің дамуын
және гомеостаздың негізгі параметрлерінің кейбір өзгерістерін тудырады.
Бұл жағдайда, организмде жалпы патологиялық өзгерістердің дамуын
алдын алуға бағытталған бейімдеушілік серпілістер іске қосылады.
3. Ауыр жағдайларда жергілікті үдерістің таралуы бейімдеушілік және
корғаныстық серпілістердің бұзылысына, соңынан организмнің жалпы
уыттануына, сепсиске, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін.
4. Ілкі, яғни бастапқы таралған үдерістің негізінде ағзалар мен тіндерде
жергілікті патологиялық өзгерістер екіншілік түрде дамуы мүмкін (мыса-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет