1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


тудырады. Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады



бет9/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

тудырады. Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады.
9000 м биіктікте барометрлік қысым с.б.б. 225,6 мм-ге дейін
төмендейді. Декомпрессияның нәтижесінде азот көпіршіктеніп қанға
түседі, эмболия дамиды. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің ишемиясыболады. Бұл эмболдар ми мен жүрек тамырларына тұрып қалуынан адам-
ның кенеттен естен тануы, жүректін инфаркты дамиды.
19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм-ге дейін азаяды,
организмдегі сұйықтар газдың бөлінуінен сарқылдан, қайнаған су си-
яқты болады. Газдар тері астындағы шелмайға т.б. тіндерге жиналуынан
тіндердің биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды.
Демалатын ауада барометрлік қысым төмендегенде оттегінің үлестік
қысымы азаюдан биіктік ауруы дамиды. Оның негізгі себебі болып орга-
низмге оттегінің жетіспеушілігі, содан қанның оттегіге қанықпауы (ги-
поксемия) есептеледі. Бұндай жағдай биік таулардың шындарына шық-
қан адамдарда да байқалады. Бұл кездегі организмнің дерттік өзгерістерін
таулық ауру дейді. Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Тау-
лық ауру адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен, ол
бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды. Биіктік ауруы өте тез
дамиды және организмнің тым ауыр бүзылыстарына әкеледі. Бұл ауру
кезінде биікке көтерілген адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, ма-
саттанып, ешбір ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы се-
кунд-минуттардың ішінде есінен танып қалады.
Таулық ауру екі сатыда өтеді. Бірінші сатысы теңгерілген, екінші сатысы
теңгерілмеген делінеді. Теңгерілген сатысы 1000-4000 м. биіктікте байқала-
ды. Демалатын ауада оттегінің үлестік қысымы азайғандықтан, артериалық
қанда оттегінің деңгейі төмендеген, ішкі ағзалар мен тіндерге оның тасы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет