1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет3/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

2. Салыстырмалы патология әдісі - әр түрлі патологиялык үдерістердің
(қабыну, гипоксия, қызба және т.б.) дамуы мен ағымының ерекшеліктерін
салыстырмалы (эволюциялық) аспектіде зерттеу. Салыстырмалы патологияның
негізін қалаушы И.И. Мечников деп есептеледі. Ол өзінің алдындағы
зерттеушілерден (К. Линней, Р. Вирхов және т.б.) өзгеше, алғашқы болып, бұл
әдісті эволюциялық теориямен байланыстырды. И.И. Мечников қабынуды
зерттеуде салыстырмалы патология әдісін қолданып, оны жоғары организмдер
мен адамдарда эволюция үдерісі барысында калыптаскан физиологиялық және патологиялық серпілістер мен үдерістерді түсіну үшін қолдану мүмкіндігін
көрсетті.
3. Клиникалық зерттеу. Тәжірибелік медицинада жаңа жоғары ақпараттық
инвазивті емес (ішке енусіз, залалсыз) биофизикалық, биохимиялық,
электрофизиологиялық және басқа зерттеу әдістерін кеңінен ендіру,
патологиялық үдерістердің барысын тікелей науқастың төсегі маңында зерттеу-
ге мүмкіндік берді. «Адамға жасалатын тәжірибелік патофизиология» -
клиникалық патофизиология пайда болып, қарқынды дамып келеді.

Патофизиология оку пәні ретінде 3 негізгі бөлімнен тұрады.


1. Нозология (грек тілінен nosos - ауру, дерт және logos - ілім) - аурудың
мәні туралы ілім, патологияның негізгі түсініктері мен категорияларын
қалыптастырады, жалпы этиология мен жалпы патогенезден тұрады.
2. Біртектес патологиялық үдерістер - бірқатар аурулардың негізінде жататын
үдерістер (қабыну, ісіну, қызба, аллергия және т.б.).
3. Ағзалар мен жүйелердің патофизиологиясы (жүйелік патофизиология).


3. Патологикалық физиологияның клиникалық медицинадағы орны.
Кітапта жоооқ интернетте тоже таппадым((((
4. Этиология туралы түсінік.


Этиология (гректің aitia - себеп, logos - ілім деген сөздерінен тұрады)-аурудың пайда болуындағы себептік байланыстарды зерттейтін ілім.
Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. Бұл ықпалдар бір-бірімен және адам тәнімен өзара әсерлерде, арақатынастарда болады
Мәселен, іш сүзегі, тырысқақ, оба, сатқақ (дизентерия) т.б. аурулардың
індеттері тек жазғы ыстық айларда, ал түмау, бөртпе сүзек т.с.с. аурулардың індеттері тек жылдың салқын айларында кездеседі.
Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы септік жағдайлар деп ажырату өте маңызды. Себепкер ықпал - деп ауру дамуына міндетті болатын және сол ауруға ғана тән арнайы айқ-
ындайтын ықпалды айтады. Мәселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен дамиды және сол туберкулезге ғана тән симптомдар болады. (ағзаның созылмалы қабынуы, дене қызымының шамалы көтерілуі, организмнің уыттануы т.с.с




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет