4- ТАҚЫРЫП. БАҚ-тың қоғамдық функциялары
Дәріс жоспары:
1. Функция ұғымына түсінік
2. Кеңестік журналистика міндеттері
3. Ақпараттық функция
4. Танымдық функция
5. Басқару, бақылау функциясы
6. Ұйымдастырушылық функция
7. Қарым-қатынастық функция
8. Көңіл көтеру функциясы
«Функция» - латын сөзі «жетілдіру» деген мағынаны білдіреді.
Баспаның әлеуметтік сипаты оның функциясын анықтауға тікелей қатысты. Ең алдымен журналистика өз әрекетінде ақпарат тарату функциясын атқарады. Рухани салада баспасөз барлық идеологиялық институттарға тән және ол танымдық, білімділік, тәрбиелілік функцияларды атқарады.
Журналистиканың рөлдік қатынасы мен әрекеті БАҚ функциясын көтеру кешенін сипаттайды. БАҚ функциясы туралы түрлі пікірлер қалыптасқан, ол функцияларды анықтаудың методологиясына байланысты. 1960 жылы социологтар ақпараттық, ағартушылық, тәрбиелік, реттеушілік функцияларды ұсынды. Енді бір топ ғалымдар ақпараттық және тәрбиелік функцияларын баса атап көрсеткен.
Ол мәселе төңірегінде ЕП.Прохоровтың жіктемесін де атауға болады. Ол - идеологиялық, мәдени-ұйымдастырушылық функциялары.
Ғалым Г. В. Кузнецов функция ұғымын мақсат ұғымымен тығыз байланыста қарайды, журналистік жұмыстың басты мақсаты - халықтың, құлағы, һәм үні болу.
Ғалым журналистиканың төмендегідей функцияларын атайды:
1. Ақпараттық функциясы.
2. Мәдени-ағартушылық функциясы.
3. Интегративті функциясы.
4. Әлеуметтік-педагогикалық функциясы.
5. Ұйымдастырушылық функциясы.
6. Білім берушілік функциясы.
7. Рекреативтік (қалпына келтіру) функциясы.
Бұл тәрізді жіктемелердің санын көптеп келтіруге болады. Бірақ соның ішінде бастыларына тоқталамыз.
Қазіргі заманғы БАҚ-тың функциялары
Қазіргі заманғы БАҚ-тың ақпараттық функциясынбірінші деп атаған жөн. Әрбір адам жеке-жеке және жалпы қоғам қандай да бір шектеусіз (жеке өмірге қатысты мәліметтерді қоспағанда) өздерін қызықтыратын ақпаратты алуға егеменді құқығы бар. Бұл жан-жақты құқық адам құқықтары жайлы декларацияда анықталып, барлық демократиялық мемлекеттердің конституцияларында жазылған. Адамдар фактілерді білгісі келеді, ал журналистер бұл фактілер туралы өз пікірлерін емес, нақты деректерді ғана жеткізуге міндетті.
Мысал ретінде біз бұл жағдайды теледидарлық компаниялардың қызметінде көрсетеміз. Хабардағы, КТК-дағы, Евразия 1-арнасындағы «Жаңалықтар», «Қорытынды жаңалықтар», 31 АРНАдағы «Информбюро» -бұл ең көп аудиторияға арналған ақпараттық бюллетеньдердің бір түрі. Осы бағдарламаларда біздің отандастарымыздың басым көпшілігі ағымдағы күннің оқиғалары туралы ақпарат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |