1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет7/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Лекция - Даурен А.

Танымдық функция.Таным – қор­шаған орта мен әлемді қабылдауға бағыт­талған сананың қызметі екендігі аян. Ал, сана – обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. БАҚ-тың туындыларында негізгі тақырыптың дұрыс көрініс табуы сана қызметіне байланысты болатындықтан, БАҚ-тың танымдық функциясының не­гізі дәл осы тұстан қарастырылуға тиіс.
Журналистің әрбір туындысы өз қабыл­даушысын танымдық дұрыс бағытқа же­телеуі қажет. Айталық, елдегі қоғамдық құрылымдағы, өндірістегі, экономикадағы менеджментті белгілі деңгейде, салыстырмалы түрде танып, білмейінше ол туралы мақала жазу, бағдарлама әзірлеу мүмкін емес.
Қазақ БАҚ-дағы ғылыми-танымдық материалдар, ғалымдар мен әртүрлі саланың білікті мамандарымен жүргізілетін сұх­баттар, шет елдерде болып қайтқан жур­­налистердің эсселері, жолжазбалары, очерктері секілді жарияланымдарда та­нымдық мәліметтердің көп кездесетіні белгілі. Мерзімді басылымдар мен телеарналар да аталмыш функцияны басты назарда ұстайды.
Мысалы, Танымдық материалдар әзірлеп ұсыну жағынан келгенде, мемлекеттік БАҚ-тарда қалыптасқан игі дәстүрлер баршылық. Айталық, белгілі журналист Жанболат Аупбаев бас редакторлық еткен тұста «Егемен Қазақстан» газеті ай сайын сәрсенбіде 16 беттік «Етжеңді» деп аталатын арнайы санында «Елдік мінбері», «Зерде», «Ашылмаған аралдар», «Өмір-өзен» атты айдарлары бойынша ондаған танымдық мақалалар жариялап, оқырмандар ықыласына бөленіп келгенін ерекше атап айтуға болады.
Басқарушылық функциясы. Заң шы­ғарушы, атқарушы және сот билігінен кейін журналистиканы «төртінші билік» деп жұрттың айтып, онымен санасатындықтарын білдірсе керек. Қандай бір ақпарат құралының төртінші билік жүргізіп отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, мұндай мүмкіндік өмірде өте сирек. Логикалық заңдылық тұрғысынан келсек, журналистика тура мағынасы бойынша ешқашан билік функциясын атқара алмайды. Сондықтан, Батыс елдерінде журналистика – «төртінші билік» деген атауды жанама түрде қолданады. Кең арнада қарастырар болсақ, билік дегеніміз субьектінің өз құқығын жүзеге асыруы және әртүрлі қоғамдық объектілерді өзінің қарауына алу мүмкіндігін иелену тәсіл.
«Журналистика – төртінші билік» дегенге келсек, оны дербес қоғамдық институт тұрғысынан қарастыруымыз орынды болады. Журналистика қоғам­дық ерекше институт бола отырып, қоғам өмірінің барлық аясында «билік құқын» жүргізуге кең мүмкіндік алады. Себебі, ақпарат болған жерде басқару, үйлестіру қызметтері белгілі дәрежеде жүзеге асырылады және барлық салаға ықпал ете алады.
Сонымен қатар, билік БАҚ-тың нысанына, саясатына сай көрініс табады. Дегенмен де, дербес тәуелсіз қай баспасөздің болсын, артында әртүрлі қоғамдық институттардың, белгілі топтардың немесе ақпаратты тұты­нушылардың пікірлері, көзқарастары мін­­детті түрде тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет