Көңіл көтеру функциясы. Соңғы кезде журналистика саласын ғылыми-зерттеуде БАҚ-тың гедонистік, яғни, көңіл көтеру функциясы туралы жиі әңгіме қозғалып жүр.
Айталық, Югославия ғалымы П. Матюшевич оны журналистиканың басты функцияларының бірі десе Ресей ғалымдары Г.И. Хмара мен Е.Ф. Губский көңіл көтеру функциясын атқаратынын мойындаған екен.
Гедонизм – рахаттанып, көңіл көтеру дегенді білдіретін ұғым екендігі белгілі. Оны кең мағынада қарастырар болсақ, адамдардың демалысын, бос уақыттарын тиімді әрі мәнді өткізулеріне, эстетикалық танымдық-тағылымдық мағлұмат алуларына, рухани-мәдени көкжиектерін кеңейтулеріне журналистика көмектеседі.
Телевизия және радио арқылы күнделікті берілетін әдеби-көркем бағдарламалар, кинолар, концерттер және мерзімді баспасөзде жарияланатын әдеби-көркем шығармалар, танымдық материалдарды тыңдаушы, көрермен, оқырман қауым ерекше ықыласпен қабылдайтыны зерттеулердің нәтижесінде мәлім болып отыр. Сауалнамаға қатысушылардың 46,9 пайызы жас айырмашылықтарына қарамастан, көңіл көтеретін материалдарға құштарлығын білдірген. Олардың қызықтайтын тақырыптарының ішінде ел өмірінің жаңалықтары, ақпараттық жарияланымдар екінші орынға ығыстырылған. Сондай-ақ, адамдар жарнамалық материалдарға, әртүрлі хабарландыруға аса зейін қоятыны белгілі болып отыр. Мұның өзі жұртшылықтың бос уақыттарында кейбір тұрмыстық дүниелерге мән беретіндігін, оның жалпы БАҚ үшін маңыздылығы зор екендігін аңғартады.
5- ТАҚЫРЫП. Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері
Дәріс жоспары:
1. Журналист жауапкершілігі
2. Журналисттің құқықтық-этикалық принциптері
3. Қазақстандағы журналистік кәсіби ұйымдар
Журналистік әдеп (этика) журналист қызметінің ең басты шарттарының бірі болып табылады. Мұнсыз баспасөздің де, журналистің де беделі болмас еді. Журналистің кэсіптік эдебін терең біліп, жан-жақты түсіну, оны зерттеу, эсіресе, біздің Қазақстан журналистикасы үшін зэру мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, бүл енді ғана назар аударыла бастағаны болмаса, элі ғылыми тұрғыдан да, кэсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгермеген тың да күрделі мәселе. Сондықтан, этика мэселесі - журналистердің басты назарында болатын тақырыптардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |