3-ТАҚЫРЫП. Журналистика тарихына қысқаша шолу: радио, теледидар, интернет
Дәріс жоспары:
1. Алғашқы радио
2. Алғашқы теледидар
XIX-XX ғасырлар тоғысындажаңа бұқаралық ақпарат құралдары радио мен теледидардың негізін қалаған революциялық техникалық ашылулар жасалды. Бұл оқиғалар бірте – бірте ғылыми прогрестің барлық мүмкіндіктерімен дайындалды және іздену процесі өте қызықты болды. (Митчел Уилсонның "Ағайыным, жауым" (“Брат мой, враг мой”) атты керемет романы теледидар өнертабысына арналғаны кездейсоқ емес).
ХІХ ғасырдың ортасында Ирландия корольдігінің астрономы Сэр Уильям Гамильтон екі томдық математикалық еңбек жазып, сол еңбектен 1867 жылы Кембридж профессоры Д.Максвелл электр тогының магниттік күштерге қатынасын сипаттау үшін екі таңбаны қолданды. Екі жолдан тұратын Максвелл теңдеуінде электр мен магнетизмнің барлық теориясы шоғырланған.
1888 жылы неміс ғалымы Г. Герц (оның есін кейіннен радиотолқындардың ұзақтығының техникалық бірлігіне берді), Максвеллдің ашылуын эксперименталды түрде растады, алайда магниттік сәулеленуді іс жүзінде ешқашан қолдану мүмкін емес деп сендірді.
Гамильтонға да, Максвеллге де, Герцке де өздері болжаған (өз кезінде дұрыс қабылданбаса да) радионың (лат. radio-сәулелер шығару) іске қосылуын көзімен көруге жету бұйырмаған екен.
1895 жылы кронштадттық мина сыныптарының оқытушысы А. С. Попов радиоқабылдағыш деп аталатын құрылғыны көпшілікке көрсетті. Оғанқарамастан екі жылдан кейін, итальяндық Г.Маркони радионың өнертапқышы болып шыға келді. Осыған орай ресейлік ғалымдардың бұл өнертабыс авторының қателігі үшін реніштерін осы күнге дейін білдіруде.
1900 жылы, ХХ ғасырдың басында, ресейлік "генерал Апраксин" Гогланд аралының жартасты жағалауына тоқтайды. 3 наурызда А. С. Попов бұл туралы сымсыз телеграф арқылы хабарлама жіберіп, алғаш рет өзінің өнертабысының практикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Радиотолқын алдымен дызылдаған дыбыстан басталды, бірақ көп уақыт өтпей, адамның дауыстары, дыбыстар мен музыка әлемі эфирді толтырды. Ал біздің күнделікті өмірімізге алдымен жетілмеген детекторлық қабылдағыштар, содан кейін лампалық радио аппараттарының үлкен құрылғылары келсе, кейін акустикалық сипаттамалары бойынша ықшамдалған және барған сайын мінсіз болғаныңғайлы портативті транзисторлық қабылдағыштарды қолдандық.
Кескінді (изображение) бөліктерге жүйелі түрде беру идеясы орыс шаруасының ұлы, биолог П. И. Бахметьевқа тиесілі (1880 ж.). 1884 жылы тегі венгр австриялық инженер П.Нипков спиральда орналасқан тесіктері бар айналмалы диск көмегімен кескінді "сканерлеу" процесін патенттеді. Бұл жаңалық практикалық қолдануды ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана алды.
1888-89 жылдары орыс профессоры А. Г. Столетов "Сыртқы Фото эффект" құбылысын ашты.
Санкт-Петербург технологиялық институтының оқытушысы Б.Л. Розинг 1907 жылы катодты сәулелік түтік – қазіргі кинескоптың прототипін жасады. А. С. Поповтан қателігін кетірмей, Розинг өзінің өнертабысын бірден патенттеді және бүгінде ол қазіргі заманғы электронды теледидардың негізін қалаушы ретінде танымал.
Розингтің шәкірті Б.П. Грабовский де Ташкент қаласында 1925 жылы теледидар дамуына түрткі болған өнертабыс жасады. Ол- электронды-сәулелі түтік арқылы қозғалатын бейне. Ұстазының кеңесімен бұл өнертабысын “телефот” деген атаумен патанттесе де, кейбір себептермен бұл оқиға танымалдылыққа ие болмады.
Теңіздің ар жағындағы АҚШ-та да осы саладағы ізденістер белсенді қарқынмен жүріп жатты. АҚШ елінде теледидар атасы деп В.К. Зворыкинді санайды (1917 ж.Ресей эмигранты). Бұл үрдіске қатысы бар ағылшындық В. Крукс, неміс Ф. Браун, американдық Ф. Франсуорт, орыс А.М. Полумордвинов, армян О.А. Адамяна, ағылшындық К. Свинтон мен Л. Бэрд, кеңес ғалымдары С.И. Катаев пен П.В. Шмаков есімдері тарихта қалды.
Теледидардың тарихи алғышаттары туралы айтқанда әлемге кинематограф сыйлаған француздық Луи және Огюст Люмьерлер есімдерінен аттап өтуге де болмайды.
Ресейдегі механикалық теледидардың туған күні 1931 жылдың 1 мамыр күні. 1939 жылдан бастап Мәскеу мен Ленинградта заманалы электрондық схема бойынша тұрақты көрсетілімдер басталады. Ұлы Отан соғысынан кейін Реконструкцияланған телеорталықтар бейнені қазіргі стандарттарға сәйкес беруге көшті.
50-60 жылдары елде жергілікті теледидардың дамуы қарқынды жүреді. Дамудағы келесі қадам – телевизиялық көпбағдарламалылыққа қол жеткізу болды. Түрлі- түсті теледидар техникасы игеріледі. Жасанды Жер серіктерді қолдану мүмкіндіктері шексіз серіктік ТВ-ға қол жеткізді (ғарыштағы теле сигнал әлемнің кез-келген түпкіріне жететін болды). Кабельді теледидар болса, ТВ табиғатын түбегейлі өзгертті. Телеэкран мүмкіндіктерінің компьютерлік жады мен телефон байланысымен (Интернет желісі) қосылуы ақпараттық технологиялар саласында нағыз революциға әкелді. Теледидардың ұрпағы – «виртуалды шындық» әлі толығымен бағаланбаған таңғажайып әлем.
Мінеки, журналистика әлемі даму үстіндегі жіне сол даму көпшілік назарында ашық жүретін әлем. Қоғамға пайдасын тигізетін бұл даму тоқтамай, жалғасын табу үшін бізге өз жұмысын сүйіп істейтін кәсіпқой мамандар қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |