1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар



жүктеу 2.59 Mb.
бет3/13
Дата09.06.2016
өлшемі2.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. Жөндеу жұмыстары
158. Технологиялық жабдықты жөндеу бекітілген жоспарлы алдын ала жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Жылдық және айлық жөндеу кестелерін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

159. Жөндеу жұмыстары рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

160. Карьер жабдығын, экскаваторлар мен бұрғылау станоктарын жөндеуді, олар құлауы ықтимал және жарылыс жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс орналасқан жағдайда кемерлердің жұмыс алаңдарында жүргізуге болады. Алаңдар жоспарланады және кіреберіс жолдары болады.

161. Негізгі технологиялық жабдықты жөндеудің барлық түрлеріне технологиялық регламенттер әзірленеді, онда қажетті құрал-саймандар мен аспаптар көрсетіледі, жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстың тәртібі мен реті анықталады. Бұл ретте жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібі оны қолданудың жергілікті жағдайларын ескере отырып, дайындаушының техникалық құжаттамасы негізінде белгіленеді.

Мердігер ұйымның жөндеу жұмыстарын орындауы рұқсат наряды бойынша жүзеге асырылады.

162. Тетіктердің бөлшектерін жөндеуді және ауыстыруды машина әбден тоқтағаннан, гидравликалық және пневматикалық жүйелердегі қысым алынғаннан, жөндеу жүргізілетін тетіктердің қозғалуына әкелетін іске қосу аппараттарын бұғаттағаннан кейін жүргізуге болады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде электр энергиясын жұмысты ұйымдастыру жобасында қарастырған жағдайда рұқсат наряды бойынша беруге болады.

163. Жөндеу жұмыстарын ашық қозғалып тұрған механикалық қондырғылардың бөлшектеріне тікелей жақын, электр жетектері мен кернеумен жұмыс істейтін ток өткізу бөлшектерінің жанында тиісті түрде қоршалмаған жағдайда жүргізуге болмайды.

164. Негізгі технологиялық жабдықтың көтергіш металл құрылымдарын қайта қалпына келтірумен немесе өзгертумен байланысты жөндеулер дайындаушы зауыттың келісімімен, атқарылған жұмыс актісін құрып, жоба бойынша жүргізіледі.

165. Машиналарды, жетек қозғалтқыштары мен жетек агрегаттарындағы немесе электровоздардағы аппаратураларды деподан тыс тексеру және жөндеу мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

1) жетек агрегаты немесе электровоз тоқтатылып, қолмен басқарылатын тежегішпен тежеледі және тежегіш башмактар орнатылады;

2) қосалқы машиналар мен аппаратура ажыратылады;

3) жетек агрегатындағы қосымша секциядағы дизель тоқтатылады;

4) ток түсіргіштер төмен түсіріліп жерге қосылады, ток түсіру жетектеріне ауа беретін крандар жабылады;

5) реверсивті тұтқа мен басқару қалқанының кілті алынады;

6) қосалқы машиналар мен ток түсіргіштердің қалқаншалары бұғатталады;

7) тез әсер ететін ажыратқыштар ажыратылады.

166. Жөндеу жұмыстары кезінде жүктерді асуды орындайтын жұмысшылардың жүк асқыш жұмысы құқығын беретін куәлігі болады.

167. Механикаландырылған аспап пайдаланылатын жұмыстар дайындаушылардың техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.



4-тарау. Пайдалы қазбалардың кен орындарын аралас тәсілмен қазу кезіндегі қосымша қауіпсіздік талаптары
168. Кен орындарын бір мезгілде ашық және жерасты тәсілдерімен қатар қазу кезінде, жерасты дренаждық қазбаларын өткізу және пайдалану кезінде мыналарды қолданады:

1) тау-кен және жару жұмыстарын жүргізу жоспарлары мен кестелерін келісуді;

2) жерасты кеніштерін желдетудің ауаны қысып топтау кестесін қолдануды;

3) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері өкілдерінің ашық тау-кен жұмыстары объектісінде (карьерде) жаппай жару жұмысынан кейін жерасты қазбаларындағы атмосфераның жай-күйін тексеруді;

4) ашық тау-кен жұмыстары объектісінен жерасты тау-кен қазбаларына судың өту қаупін болдырмауды;

5) атмосферада улы жарылыс өнімінің болуын ауысым сайын бақылауды қамтамасыз етеді.

Көрсетілген шараларды орындауды ашық тау-кен жұмыстары мен жерасты кенішінің бақылау тұлғасы қамтамасыз етеді.

Көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік тәртібі мен шаралары жобада қарастырылады.

169. Кен орындарын аралас тәсілмен қазу кезінде тау-кен жұмыстары өзара келісілген карьер жобасы мен жерасты кеніші жобалары және тиісті жылдық ашық және жерасты өндіру жоспарлары бойынша жүргізіледі.

170. Кен орындарын аралас қазу кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:

1) жыныстар мен жер бетінің сырғу және өзгеру ерекшеліктерімен танысу және тау-кен қазбаларының әсер ету саласын болжау;

2) карьер мен жерасты тау-кен жұмыстары арасындағы сақтандырғыш (табиғи немесе жасанды) кентіректің өлшемдерін анықтау;

3) қазылған кеңістіктің кейбір учаскелер (камералар) үстіндегі төбенің қалыңдығын анықтау;

4) тірек кентіректердің параметрлерін есептеу;

5) тазартылатын кеңістіктің жабындарын алудың шекті алаңын анықтау;

6) карьер ернеуіне қорларды шығару кезінде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін төсем беріктігін есептеу;

7) қазылған кеңістікті толтыру толықтығын қамтамасыз ету.

171. Карьерден күрделі және дайындық қазбаларын жүргізу кезінде ауа құрамын бақылау қамтамасыз етілген жағдайда карьер кеңістігінен желдету ағысын алуға болады.

172. Кен орындарын аралас қазу кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу фронты:

1) ашық жұмыстарда – жерасты тазарту жұмыстарын дамыту фронтына қарсы;

2) жерасты тазарту жұмыстарында – қазындыдан карьерге (тілікке);

3) сілтілеу кезінде – қазындыдан карьерге қарай немесе жерасты тазарту жұмыстарын дамыту фронтына қарсы бағытта орналасады.

173. Кен орындарын ашық және жерасты тәсілдерімен аралас қазу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар авариялық-құтқару қызметімен бірге газдың өтуі, судың жаруы, тау-кен қазындысының өзгеруі ықтимал, қауіпті аймақтар шегіндегі тау-кен жұмыстарының учаскелерін анықтайды және көрсетілген учаскелердегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.

174. Жерасты қазбаларының немесе карсттардың болуы салдарынан ықтимал құлау немесе қирау аймақтарында жұмыс істеген кезде карьердің ернеулері мен топырағының жай-күйін аспаппен маркшейдерлік бақылау жүргізіледі. Жыныстардың сырғу белгілері байқалған кезде жұмыс тоқтатылады.

175. Тау-кен жұмыстарын карьерде және жерасты кенішінде бір тік жазықтықта бір мезгілде жүргізген кезде мынадай шарттар сақталады:

1) қазынды мен карьер ернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сақтандырғыш кентіректі қалдыру;

2) сақтандырғыш кентіректегі қазындының сырғуын (бұзылуын) болдырмайтын қазу жүйесін пайдалану;

3) жаппай жарылыстардың қуаты мен олардың кентірекке сейсмикалық әсерін шектеу, төбелер мен ернеулердің кемерлері;

4) жару жұмыстарынан болатын газдардың жерасты қазбаларына өтуін немесе оны желдету жүйесінің тартуын болдырмау, осы газдарды карьерге жіберу;

5) жерасты қазбаларындағы ауаны қысып топтап желдету тәсілін немесе ашық жұмыс учаскесіне ауа беруді қамтамасыз ете отырып, аралас желдету тәсілін пайдалану;

6) карьерден жерасты қазбаларына нөсер және жер бетіндегі сулардың өтуін болдырмау.

176. Карьерде жаппай жару жұмысын жүргізу кезінде адамдар жерасты қазбаларынан шығарылады.

Кеніш (шахта) жұмысшыларын жерасты қазбаларына жіберу авариялық-құтқару қызметін құрып, қазбаның жай-күйін тексергеннен және қалыпты кеніш атмосферасы түзілгеннен кейін жүзеге асырылады.

177. Ашық тау-кен жұмыстарын бұрын жерасты жұмыстары жүргізілген және бос кеңістігі (камера орнатылмаған және басқалары) бар аймақтарда, құлау аймақтарында жоба бойынша жүргізіледі.

178. Карьер ернеулерінде кен қорын жерасты тәсілмен қазып шығару ашық жұмыстар аяқталғаннан және ернеулер шекті орынға қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

179. Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары арасында сақтандырғыш кентіректерді қазу кентірек пен карьердің ернеулерінің бұзылуын болдырмайтын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды орындаған кезде жоба бойынша жүзеге асырылады.

180. Ескі және су басқан қазбалар мен беткі су айдындары тау-кен жұмыстарының жоспарларында көрсетіледі.

Су басқан қазбаларға немесе су айдындарына жақын тау-кен жұмыстары судың жарылуын болдырмас үшін кентіректерді қалдыруды көздейтін жоба бойынша жүргізіледі.

Жұмыс істеп жатқан адамдар мен жабдыққа қауіп келтіретін орындарда (су айдындары, су басқан қазбалар және сол сияқтылар) ескерту белгілері орнатылады.

181. Ерітінділерді пайдалана отырып, қатты тау-кен қазындыларын экскавациялауға дайындаудың аралас технологиясы бойынша тау-кен жұмыстарын жүргізу еріткіштерді қолдану және дайындау кезіндегі қауіпсіздік, бұрғылау, жару, құю және тау-кен жұмыстарының параметрлері бойынша іс-шараларды қарастыратын техникалық регламент бойынша жүргізіледі.



5-тарау. Пайдалы қазбалардың кен орындарын драгалармен және балшық сорғыштармен қазу кезіндегі қосымша қауіпсіздік талаптары
182. Драгалар мен балшық сорғыштарды монтаждау және қайта жаңғырту, ашық тау-кен жұмыстарының объектілерінің гидротехникалық құрылыстарын (бұдан әрі – ГТҚ) салу, жуу картасын ұйымдастыру, тау-кен дайындық жұмыстары жоба бойынша жүргізіледі.

Драга мен балшық сорғышта жобада қарастырылмаған жабдық пен материалдарды орналастыруға болмайды.

183. Әрбір драга (балшық сорғыш) бойынша жұмыс маусымы басталғанға дейін 15 күннен кешіктірілмей аварияларды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) бекітіледі.

184. Қысқы маусымда драгалар мен балшық сорғыштарды қою үшін барлық гидротехникалық құрылыстар (плотиналар, бөгеттер, су құйғыштар және басқалары) алдын ала дайындалады. Көктемгі маусымда драгалар мен балшық сорғыштар тұратын орындарда тасқын суын ағызу науалары қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген жұмыстар ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша орындалады.

Драгалар мен балшық сорғыш жұмысының әрбір полигонында (драже тілігінде) ұйымның техникалық басшысы жыл сайын бекітетін тізбе бойынша қажетті аварияға қарсы жабдықтың, материалдардың, керек-жарақ пен құрал-саймандардың қоры құрылады.

185. Өнеркәсіптік бөлімнің контурлары шегінде қазылатын полигон ағаштан, бұтадан, томарлардан алдын ала тазартылады.

Драга (балшық сорғыш) жұмысының жазғы маусымы басталар алдында драже тілігі мұздан тазартылады.

Драга (балшық сорғыш) жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс арқандарының қауіпті аймақтарында полигонды тазартуға және ол жерде адамдардың болуына жол берілмейді. Қауіпті аймақтың өлшемдерін драга (балшық сорғыш) бастығы белгілейді.

186. Пайдалы қазбаларды драгамен (балшық сорғышпен) қазу кенжар паспортына сәйкес жүргізіледі.

Понтон түбі мен тілік негізіндегі қашықтығы жобамен анықталған драже тілігінің су үстіндегі ернеудің шекті рұқсат етілген биіктігінен ауытқушылығы бар драганы немесе балшық сорғышты пайдалануға болмайды.

187. Понтонның жоғарғы палубасының барлық люктерінің герметикалық жабылатын қақпақтары бар биіктігі кемінде 400 мм судан қорғағыш ернеулері болады.

Ашық люктері немесе тесілген жерлері, понтонда сызаттары бар драгалардың (балшық сорғыштардың) понтонды мұздатып қатырған жағдайдан басқа, жұмыс істеуіне жол берілмейді.

188. Палуба, басқыштар, көпіршелер, өту жолдары мен драганың (балшық сорғыштың) сатылары риф темірінен немесе балқытылған жолақты темірден орнатылып, қоршаулары болады және таза күйде ұсталады.

189. Драгалардағы (балшық сорғыштардағы) бу өткізгіштердің қол жетімді орындары оқшауланады және қоршалады.

190. Драгада (балшық сорғышта) қолданылатын арқандар драганың (балшық сорғыштың) паспортына сәйкес болады. Шөмішті раманың ажыратылған арқанын, ширатылған жіптері үзілген арқанды пайдалануға болмайды.

191. Драганың (балшық сорғыштың) палубадан жоғары бөлігінің жұмыс орындарын жарықтандыру үшін 220 В аспайтын, понтонды (ішінен) жарықтандыру үшін 12 В аспайтын кернеу пайдаланылады. Понтонның барлық бөліктерінің электрлік жарықтандырғышы болуы қажет. Шамдар понтон түбінен кемінде 2,5 м биіктікте ілінген жағдайда 127 В кернеуді пайдалануға болады.

Тасымал шамдар мен электрлік қол аспапты қоректендіру үшін кернеу 36 В аспауы тиіс. Драгаларда (балшық сорғыштарда) авариялық жарықтандырғыш (электрлік шамдар, аккумуляторлар және басқалары) қарастырылады. Жарық болмаған жағдайда понтонға түсуге болмайды.

192. Әрбір драга мен балшық сорғышта бөліктер, су өткізбейтін қалқалар көрсетілген, палубадағы люктер орналасқан понтонның сызбасы болады.

193. Драгалар мен балшық сорғыштар драгер үй-жайы (бөлмесі) мен тетік арасындағы екі жақты дабылмен жабдықталады. Драгердің (багермейстердің) тетіктерге (шағын көлемді драгалардан басқа) қызмет көрсететін жұмысшылармен байланыстыру үшін дыбыс дабылынан басқа дауыс зорайтқыш байланыс қарастырылады.

194. Шөмішті шынжыр тоқтағаннан және қарпығыштың жоғарғы қарпу барабанындағы қалпын алдын ала тексергеннен кейін адамдардың үйінді люгіне түсіне болады. Сақтандыру белбеуісіз адамдардың үйінді люгіне түсіне болмайды. Үйінді люгінде жұмыс технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

195. Жұмыс істеп тұрған драгалар мен балшық сорғыштардың полигондарындағы жолдар мен сүрлемдер жабылады, ал жұмыс арқандарының қауіпті аймағындағы сұлба бойымен ескерту белгілері қойылады.

Жұмыс арқаны арқылы жаяу немесе көлікпен ауысым драгерінің рұқсатымен өтуге болады.

196. Драгердің рұқсатынсыз маневр арқаны мен кабеліне қарай жүзуге немесе жүзу құралдарымен жақындауға болмайды.

197. Понтон ернеуі бойымен және палуба үстіндегі құрылыс сыртынан драганың (балшық сорғыштың) көрінетін және қол жетімді орындарында палуба ұзындығымен әрбір 20 м сайын кемінде екі құтқару бұйымдарының (шеңберлер, шарлар, құтқару жилеттері) кешені орналастырылады. Құтқару шеңберлері ұзындығы кемінде 30 м желілермен жабдықталады. Құтқару құралдарына шығу жолдары белгіленеді.

Ықтимал мұз басумен байланысты қолайсыз метеожағдайлар кезінде құтқару құралдарын драганың (балшық сорғыштың) ішінде сақтауға болады.

198. Әрбір драганың (балшық сорғыштың) понтон жанында судың үстіңгі бөлігімен тартылған ернеудің арғы бетіне құлаған адам ұстай алатындай биіктікте бекітлген арқаны болады. Суда ескектері бар кемінде екі қайық қамтамасыз етіледі, оның ішінде біреуі понтон жанында болады. Понтонда адамдар қайыққа өтетін жерде қанаты бар қайырмалы көпіршелер мен шынжыр қоршауы бар ойықтар қамтамасыз етіледі.

199. Қайықтың жүк көтергіштігі мен бір мезгілде тасымалданатын адамдардың шекті саны қайық корпусында нақты көрсетіледі. Әрбір қайықта құтқару бұйымдары (шеңберлер, шарлар, ұштар), кемінде екі қармақ, бір қосалқы ескек, шөміш, екі шам болады. Қайыққа шамадан тыс жүк салуға болмайды.

200. Драгаға (балшық сорғышқа) электр энергиясы жағадағы бөлгіш құрылғысынан ескерту белгілерімен қоршалған жерде төселген, «айырдағы» немесе арқанға ілінген кабелмен беріледі.

Су бойымен кабель салдарға (қалтқыларға) төселеді.

Драгаға қапталған кабелдерді енгізу артқы діңгекке бекітілген жебенің көмегімен жүзеге асырылады. Кернеумен жұмыс істейтін жағадағы кабелдің орнын ауыстыруға, өту құрылғысыз оның бойымен өтуге, кабелдің үстін үймелеуге, оның бетіне мұзбен топырақтың қатуына жол беруге болмайды.

201. Құм мен эфелдерді тілік ернеуіне тасымалдау үшін ұлпа өткізгішпен жабдықталған драга (балшық сорғыш) жұмыс істеген кезде түнгі тәулік уақытында қалқыма ұлпа өткізгіш жарықтандырылады, ал оның бойымен биіктігі кемінде 1 м қанаттармен қоршалған көпіршелер орнатылады.

202. Драгалардағы (балшық сорғыштардағы) рама көтергіш шығыршықтар екі тежегішпен (жұмыс және сақтандырғыш), шөмішті рамасын қата көтеруді бастау туралы ескертетін дыбыс сигналын қайталайтын раманың асыра көтерілуінен қорғағышпен жабдықталады.

Малтатас конвейерінің конвейерді оның жалпы ұзындығы бойымен шұғыл тоқтату арқаншалары мен конвейердің негізгі және соңғы бөліктерінде орнатылған «Тоқта» деген түймесі, ал бағаналарда асыра көтергіштен соңынан ажыратқышы болады.

Көлбеу бұрышы 75° артық және биіктігі 3 м астам сатылар туннель түріндегі қоршаулармен жабдықталады, көлбеу бұрышы 75° кем сатылардың қанаты мен сырғанауды болдырмайтын риф қабатты жазық басқыштары болады.

203. Драгада (балшық сорғышта) су алу үшін авариялық автоматты қосылатын сорғылар орнатылады.

204. Понтонда сигналы басқару пультіне шығарылған судың бар екені жөнінде белгі беретін дабыл орнатылады. Судың ағуы туралы дабыл іске қосылған кезде ағысты анықтау және жою шаралары қабылданып, қазу жұмысы тоқтатылады. Қолдағы құралдармен зақымды қалпына келтіру мүмкін болмаған және драганың (балшық сорғыштың) жүзе алмау қаупі туындаған жағдайда бригада авариялық объектіден шығарылады.

205. Драгалар мен балшық сорғыштар жобаға сәйкес автоматты өрт сөндіру құралдарымен жарықтандырылады.

Өртке қарсы құбыр сорғыдан драганың (балшық сорғыштың) бойымен өтеді және өрт сөндіру жеңдерін қосу үшін өрт сөндіру крандарының жеткілікті саны болады.

Өртке қарсы қорғағыштардың, драгалардың (балшық сорғыштардың) жобаларында өрт сөндіру үшін қор ретінде барлық қолданыстағы су өткізгіш магистралдары мен ұлпа өткізгіштерді пайдалануды қарастыруға болады. Бұл ретте тұрақты ауыстыру орындарының құрылғысы қарастырылады.

Өрт сөндіру крандарынан шығатын судың қысым нормаланатын су шығынында 0,5 - 1,0 МПа (5-10 кгс/см2), ал құбырларда олардың төзімділігі шектеледі.

Өрт сөндіру жеңдерінің ұзындығы тіпті алыс орналасқан драгалардан (балшық сорғыштан) өрт ошағына су беруді қамтамасыз етеді.

Қысымы 1,0 МПа артық құбыр учаскелерінде өрт сөндіру кранының алдынан жеңілдету құрылғысы орнатылады.

Жылу берілмейтін үй-жайларда қысқы уақытта өрт сөндіру құбырлары құрғақ құбыр режимінде жарамды күйде ұсталады.

206. Майлау материалдары, көмір, қосалқы бөлшектер, өртке қарсы және құтқару құрал-сайманы драгалардың (балшық сорғыштардың) палубаларындағы жеке орындарында сақталады.

Майлау және жанғыш материалдарды сақтау орындары жобаға сәйкес автоматты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Сақтау орындарына еркін өту жолы қамтамасыз етіледі.

207. Шөмішті рамаға қызмет көрсету және шөміштен сынама алу берік қоршалған алаңда қауіпсіз жерде жүргізіледі.

Шөмішті рамадағы жөндеу немесе басқа да жұмыстарды сақтандыру белбеулерін пайдалан отырып, драга тоқтаған кезде жүргізуге болады. Сақтандыру белбеулерін шөмішті рама бойымен бекіту үшін арқан тартылады.

Драгамен жұмыс істеген кезде шөмішті рамада болуға, понтондағы ашық жер арқылы өтуге, қарпығыш шығыршықтардың мойынтіректерін жүріп тұрғанда майлауға, шөміштен томарларды, бұталар мен басқа да заттарды алуға, понтон ернеуі мен шөмішті рама арасындағы ойық жерге бөгде заттар түскен кезде шөмішті раманы көтеруге немесе түсіруге болмайды.

Драгалардың (балшық сорғыштардың) жұмысы күзгі-қысқы уақытта ұйымның техникалық басшысы бекіткен және жұмыс өндірісінің күрделі жағдайларын (төменгі температура, мұз басу және басқалары) ескере отырып, қауіпсіздік шараларын көздейтін іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

208. Мұзда жұмыс істеген кезде мынадай талаптар сақталады:

1) мұзды жинау бақылау тұлғасының қатысуымен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі;

2) машиналар мен тетіктердің жұмысын мұздың қалыңдығы мен оның төзімділік есебі мұқият тексерілгеннен кейін рұқсат наряды бойынша жүргізуге болады.

3) адамдар мен көліктің мұзбен жүруіне рұқсат берілген жерлер көрсеткіш белгілерімен белгіленеді;

4) мұзды жинау кезінде жұмыс орнында қайық, ұзындығы кемінде 30 м желілері бар құтқару шеңберлері болады;

5) мұз жинау жұмыстарына тартылған тұлғалар құтқару жилеттерін киеді және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережесін біледі.

209. Драгаларда (балшық сорғыштарда) құрылыс-монтаждау, жөндеу, такелаж және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде жүктерді көтеру және түсіру бойынша қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін тетіктер, құрылғылар мен бұйымдар қолданылады.

210. Балшық сорғыш якорының ұзындығы су айдынының шекті тереңдігіне тең, оған қалтқы белгімен бекітілген, қызыл түске боялған арқаны болады.

Драганы (балшық сорғышты) өрістеу кезінде тұрақты немесе папильонаж якорының қозғалу, тұрақты және папильонаж арқандарын бекіту дұрыстығы тексеріледі.

211. Адамдарға жүзу құралдарымен балшық сорғышқа ол жұмыс істеп тұрған кезде соратын топырақ өткізгіш жағынан жүзуге болмайды.

212. Драгада (балшық сорғышта) жұмыс істейтін телефон, селекторлық немесе драга (балшық сорғыш) мен поселке (кен көзі) арасында радио байланыс қамтамасыз етіледі.

213. Драгаға (балшық сорғышқа) кіру және шығу үшін қанаты (басқышы) бар қайырмалы көпіршелер орнатылады.

Басқышты жағаға салбыраңқы «қалқаншалары» жоқ кенжар ернеуіне жоспарланған орындарда түсіруге болады. Басқыштың жағадағы ұшы түсірілген күйде кемінде 2 м кенжар желісін жауып тұрады. Адамдары басқышты түсіруге және көтеруге болмайды.

214. Балшық сорғыш жұмыс істеп уақытта қопсытқышты жөндеуге және қайықтарды оның жебесінің астына қоюға болмайды.

6-тарау. Табиғи тастар мен ас тұзы кен орындарын қазу кезіндегі қосымша қауіпсіздік талаптары

1. Дара тас пен ірі блоктарды қазу
215. Дара тас пен ірі блоктарды қазу әрбір кемерді жоғарыдан төменге қарай рет-ретімен қаза отырып кемерлерде жүргізіледі. Кемерлерді шағын кемершелерге бөлуге болады.

216. Кемердің биіктігі тау-кен геологиялық жағдайларға, кесілген блоктың биіктігіне еселігіне (кесу қалыңдығын ескере отырып) жобамен анықталады және мынадай:

1) тастарды механикаландырып жинайтын тас кесу машиналары жұмыс істеген кезінде – 3 м;

2) қолмен жинау кезінде – 2,35 м;

3) гранит түріндегі қатты жыныстарды қолмен қазу және шағын механикалау құралдарын пайдалану кезінде – 6 м аспайды.

Ең биік кемерлермен қазу тиісті жабдықты, тетіктерді пайдалануды және қауіпсіз жұмыс жүргізу шараларын қарастыратын жоба бойынша жүргізіледі.

Көлденең енбемен жұмыс істеу кезінде кемер биіктігін есептік биіктікке қарсы, бірақ кесілетін бір блоктың биіктігінен асайтындай етіп арттыруға болады. Бұл ретте ең жоғарғы блокты немесе қабатты кемер жабынындағы жұмысшылар жинайды.

217. Монометрлер мен блоктардың, оларды қазындыдан алу кезіндегі өлшемдері қолданылатын технологиялық жабдық пен қауіпсіз жұмыс істеу шарттарын ескере отырып, жобаға негізделеді.

Блоктар мен монолиттерді бөлуді жобаға сәйкес кесу, тұтас сілтілік бұрғылау немесе оларды ретімен алып, сұлбасы бойынша бұрғылау арқылы жүзеге асыруға болады.

218. Тасты клин жұмысын пайдалана отырып қазу кезінде:

1) кемердің (кемершенің) биіктігі 1,5 м аспайды;

2) кемерде тасты қағып кіргізу жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі;

3) әрбір кенжар жұмысшысы үшін жұмыс фронты кемінде 10 м, ал тас жарғыштар арасындағы қашықтық кемінде 4 м болады;

4) блок үгіндіден жасалған жұмсақ негізге салынады.

219. Блокты (монолитті) қазындыдан алу немесе кесу реті оның өздігінен аударылуын болдырмайды. Кесе-көлденең тігінен кесу немесе алу соңынан жүргізіледі.

220. Кемердің (кемершенің) жұмыс алаңының ені есеппен анықталады және оларда бөлінген блоктардың жабдығының, материалдар қорының орналасуы мен ені кемінде 1 м еркін өту жолының болуын қамтамасыз етеді, бұл ретте жұмыс алаңының ең қысқа ені кемінде 3 м болады.

221. Кемерлерді қазу кезінде ені кемінде 0,2 сақтандыру бермалары, әрбір 15 м сайын кемер биіктігі, тігінен жұмсақ жыныстарда 30 м дейін, қатты және қаттылығы орташа жыныстарда жобада белгіленген карьер ернеуін қазудың жалпы бұрышын сақтай отырып қалдырылады.

222. Кемерлердің (кемершелердің) еңістерінің бұрышын 90° алуға болады.

223. Кен орындарын орсыз аршу кезінде сатымен жабдықталған жұмыс жүргізу объектісінен шығатын кемінде екі жол қарастырылады. Бұл ретте сатылардың біреуінің көлбеу бұрышы 40° аспайды.

224. Машина бірінші рет кірген кезде түзілетін клин тәріздес тастарды қолмен шабу кезінде жұмысшы жұмыс істеп тұрған машинадан кемінде 4 м қашықтықта тұрады.

225. Кемер еңісінде қолмен жұмыс істеу кезінде төсем ені кемінде 1 м көпіршелер орнатылады немесе жұмыс жебе мен жұмысшыларға арналған кабинасы бар көтергішті пайдалана отырып жүргізіледі.

226. Қолданылатын тас кесу машиналарының түрі мен үлгісі кен орындарының тау-кен техникалық жағдайларына сәйкес болады және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.

227. Мыналарға:

1) адамдарды машина органымен кесілетін ықтимал тас сынығы лақтырындысынан қорғау үшін сақтандырғыш құрылғыларымен жабдықталмаған тас кесу машиналарын пайдалануға;

2) электрмен қоректендіргіш автоматын ажыратпай және «Қоспаңыз, адамдар жұмыс істеп жатыр» деген жазуы бар тақтайшаны ілмей, тас кесу машиналарының араларын алуға және орнатуға;

3) ақауы бар тозаң ұстағыш немесе тозаң басу құрылғыларымен жұмыс істеуге;

4) бекіткіш бұрандаларды босатуға немесе оларды бекітуге, тас кесу машиналары жұмыс істеп тұрған уақытта кесетін бастиекті бұруға;

5) басқару пультінің есіктері ашық тұрған кезде тас кесу машиналарын іске қосуға болмайды.

228. Адамдардың жұмыс істеп тас кесу машиналарының қозғалыс бағытының алдында кемінде 10 м қашықтықта болуына жол берілмейді. Тас кесу машиналарының немесе арқанның жүк тасы блоктарының орнын ауыстырған кезде адамдар керілген арқандардан тыс болады.

229. Арқанды кесетін органы бар әрбір тас кесу машинасы:

1) іске қосу алдында берілетін дыбыс дабылымен;

2) кесу арқанының қозғалысын іске қосатын автоматты жүйемен;

3) арқан іркілген немесе үзілген жағдайда машинаны тоқтататын арқанды тарту шамасын автоматты бақылау және реттеу жүйесімен;

4) арқан үзілген кезде ықтимал лақтырындыны болдырмау үшін қорғағыш сабымен жабдықталады.

Арқан тартудың электр механикалық жүйелері реттеледі және тұрақты тарту күшін қамтамасыз етеді. Олардың ақауы болған жағдайда арқанды тас кесу машиналарының жұмысы тоқтатылады.

230. Арқанды тас кесу машиналарын пайдалану кезінде:

1) арқанды бір мезгілде қолмен басқарылатын кермені пайдалана және арқанның қозғалыс жетегін қоса отырып, тербеліс әдісімен іске қосуға, жұмыс арқанын іске қосуға қарсы әдіспен тоқтатуға;

2) жетек немесе бағыттағыш тегершіктерді мұз басқан кезде жұмыс істеуге;

3) кесу арқаны үшін ауытқыған шығыршықтардың орнына бөгде заттарды пайдалануға;

4) жетек тегершігін толығымен тоқтатып, арқанды ауыстыруға және арқаннан кермені алуға болмайды.

231. Жұмыс арқанын үздіксіз жіпке қосу тұтас немесе алмалы-салмалы металл қосқыш тығындарды пайдалана отырып, сығымдау әдісімен жүргізіледі. Геликоид арқанын қосу дәнекермен немесе тарамдары 3-6 м ұзындықта өріліп жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған кезде арқан тарту шамасы 250 кг аспайды.

232. Тас кесу машиналарында қолданылатын арқандардың сертификаттары болады және жұмыс жағдайларына сәйкес болады. Жетек арқандары аптасына бір реттен кешіктірілмей тексеріледі, бұл ретте есу адымының ұзындығындағы үзілген сымдардың саны арқанды сымнан жалпы санының 10 % аспайды.

233. Тас кесу машинасын іске қосу кезінде машинист кесу арқанының аймағында бөгде адамдардың, машина мен тетіктердің жоқ екеніне көз жеткізуі қажет. Арқанды ауыстыру органы бар жұмыс істеп тұрған арқанды немесе басқа да тас кесу машинасы арқанынан 10 м кем радиуста қызмет көрсетуші персоналдың немесе бөгде тұлғаның болуына жол берілмейді.

Тас кесу машинасының тасымалданатын басқару пульті арқанды ауыстыру органы бар жұмыс істеп тұрған арқанды немесе басқа да тас кесу машинасы арқанынан 10 м радиуста аймақтың шегінде орнатылады.

234. Жұмыстағы және қайта монтаждалатын тас өңдеу машиналары, тетіктер мен тартушы көлік құрылғылары жарамды күйде болады, жұмыс істейтін сигнал құрылғыларымен, тежегіштермен, қол жетімді қозғалатын бөлшектер мен жұмыс алаңдарының қоршауларымен жабдықталады, ақауы жоқ аспаптармен, бақылау-өлшеу аппаратурасымен, қорғайтын бұғаттағыштар кешенімен, ақауы жоқ тозаң ұстау құрылғыларымен жарақталады.

Барлық тас кесу және тас өңдеу станоктарының машинаның құрылымында қарастырылған аспапты суыту болмаған жағдайда олардың жұмыстан қорғағышы болады.

235. Тас кесу машинасынан қалатын барлық кесілмеген салбыраңқы тастар немесе олардың кесектері жойылады (шығарылады).

236. Тас кесу машиналарының қозғалысына арналған рельс жолдары сақтандырғыш тіректерімен аяқталады.

237. Бір мезгілде екі немесе одан көп тас кесу машиналары бір рельс жолында жұмыс істеген кезде, олардың арасындағы қашықтық кемінде 15 м болады. Бұл ретте тас кесу машиналары буферлермен жабдықталады.

238. Блоктардың, кенжар мен шикізат қоймасында кондицияланбаған тау-кен қазындысының орнын ауыстыру жұмыстары механикаландыру тәсілімен жүзеге асырылады.

Ұсақ дара жүктерді көтеру және орнын ауыстыру осы үшін арналған ыдыста жүргізіледі, бұл ретте жүктердің кейбір бөлшектерінің құлау мүмкіндігі болмайды.

239. Тас қатарының биіктігі 1,8 м аспайды, ал ірі блоктардан - 2,5 м. Қатарларды салу тәсілі оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

240. Тас кесу машинасымен кенжарда кесілген қабырға тасын түсіру (алу) жоғарғы қатарлардан жүргізіледі.

Кемер биіктігі 1,5 м аспаған жағдайда массасы 40 кг дейін тастарды қолмен жинауға болады. Кемер биіктігі 1,5 м артық болғанда тас жинау механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

Кенжардан ірі қабырға блоктарын қазу жүк қарпу бұйымдары мен тетіктерінің көмегімен жүргізіледі.

241. Ірі блокты кесу немесе өңдеу кезінде оның жұмысшы жағына қарай аударылуына қарсы шаралар қолданылады. Блоктарды өзіне қарай қолмен үймелеуге болмайды.

242. Ірі блоктарды тасымалдау кезінде соңғысы олардың машинадан аударылуын немесе құлауын болдырмайтындай етіп бекітіледі.

243. Тас кесу машиналарын тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес жылжыма бөлшектерде немесе трейлерде жүргізіледі.

244. Тас кесу машиналарын тасымалдау кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) жазық учаскелерде машинасы бар жылжыма бөлшектерді тасымалдау жылдамдығы 5 км/сағ аспайды, ал көлбеу учаскелерде - 0,5-тен 1 км/сағ дейін;

2) кесетін органдары ең төменге түсіріліп бекітіледі;

3) аралық жолмен өту бақылау тұлғасының басшылығымен жүзеге асырылады.

245. Төменгі кермелі машиналардың кемерден кемерге өздігінен өтуін технологиялық регламентке сәйкес жүргізуге болады.

246. Вагондарды тас кесу машинасының негізгі конвейерінен қолмен іске қосу кезінде дабыл мен таспаның қозғалыс жылдамдығы 1,5 м/мин аспайтын болған жағдайда жылжытуға болады.

Тас түсірушінің жұмыс орнында барлық машинаның қоректендіргішін толығымен өшіретін «Тоқта» деген авариялық түймесі болады.

247. Қабырға тасын конвейерлік қорап пен тас кесу машинасы арасындағы кенжар бойымен жеткізу үшін жылжыма таспа конвейерін пайдалану кезінде кемінде 1 м саңылау қамтамасыз етіледі.

248. Сыналанған тастарды босатуды арнайы бұйымдардың көмегімен жүргізуге болады. Бұл операцияны қолмен істеуге болмайды.

249. Жүктерді механикалық тиеу және түсіру кезінде жүргізуші мен басқа да қызмет көрсетуші тұлғаларға автомобильдің кабинасында немесе табанында тұруға, оны тексеруге немесе жөндеуге болмайды.

Көтеру тетігінің әрбір ажыратқышы электрқозғалтқыштарымен жабдықталған машиналарға арналған тіректен 50 мм және ерте қыздырылған қозғалтқышы бар машиналар үшін 200 мм қашықтықта жүгі жоқ жүк қарпитын органын тоқтатады.

Аса қауіпті тиеу-түсіру жұмыстарын істеген кезде (қос тартылыс күшімен көтеру кезінде) бақылау тұлғасы қатысады.

250. Үстіңгі кемердің жабыны оның сағасынан кемінде 2 м қашықтықта тас қалдықтарынан тазартылады.

Тас кесу машиналарын бағыттаушы жолдар көлденең немесе ағаш астарларды немесе тіреуіштерді пайдалана отырып, жоспарланған негізге тиісті көлбеу бұрышымен орнатылады. Тіреуіш ретінде кесілген тасты пайдалануға болады.

251. Тас кесу машиналарының рельс жолдары бір тектес рельстерден тұрады, жергілікті жерге бекіткіштерге қосылады және рельс жіктерінде электрлік қосқыштары болады.

252. Тасты өңдеудің технологиялық сызбалары жекелеген технологиялық үдерістерді орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және шикізаттың, жартылай дайын өнім мен дайын өнімдердің қарсы жүк тасқынын болдырмайды.

253. Өлшемдік қысым сатысымен және арқанмен тас кесу машиналарын қолдануды қарастыратын шығыр тасты өндірудің құрамды сызбаларында мынадай реттілік сақталады: тік технологиялық ұңғыманы бұрғылау, өлшемдік қысым сатысымен машинамен көлденең тіліп өту, арқанды тас кесу машинасымен кесе-көлденең және одан соң бойлай тік тілу.

254. Малтатас арқанды тас кесу машиналарын пайдалану кезінде арқанның жұмыс істемейтін бөлігі электр беру желілерінің күзетілетін аймағынан тыс, жұмыс істемейтін кемерлерде және жүк көтеру тетіктерінің әсер ету аймағынан тыс орналастырылады.

255. Термо газ ағысымен кесу және шығыр тасты өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде жанғыш сұйықтықтарға арналған ыдыстар жұмыс орнына 3 м қашықтықта және оттегі баллондарынан 5 м қашықтықта орналасады. Жанғыш сұйықтықтарға арналған ыдыстар көлемнің төрттен үш бөлігіне толтырылады.

Жанғыш сұйықтықтарға арналған ыдыстарды пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылы 29 қазанда № 189 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет