1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар


Шөгінді бассейндер мен тұзды көлдерде ас тұзын өндіру



бет4/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#124622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Шөгінді бассейндер мен тұзды көлдерде ас тұзын өндіру
256. Қазу жүйесінің параметрлері (кемер еңісінің биіктігі мен бұрышы, қауіпсіздік бермаларының, сақтандырғыш кентіректердің ені және басқалары) жобамен анықталады. Кез келген жағдайда көлдегі тұз қабатын қазу кезіндегі кемердің биіктігі 8 м аспайды. Қазылатын кемер еңісінің бұрышы 75º аспайды.

Тұзды қабатты биіктігі 3 м дейін кемермен қазу кезінде кемер еңісінің бұрышын 90º етіп алуға болады.

257. Қазу жүйесінің параметрлері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен геологиялық орта мониторингінің нәтижелерін ескере отырып, тау-кен жұмыстарын дамытудың жылдық жоспарын құру кезінде нақтыланады.

258. Төселетін теміржолдарды, тұз комбайндары үшін жұмыс және тиеу жолдарын салу жобаға сәйкес болады.

Кемердің шетінен бастап тұз комбайны орналасатын теміржол шүлдігіне дейінгі қашықтық кемінде 2,3 м болады.

259. Көлдегі тұзды қабатты қарсы кенжармен қазу және трактордың көмегімен маневрлік жұмыс істеу кезінде кенжарлардың (сынықтар) арасындағы кентіректің ені кемінде 17 м болады. Маневрлік жұмыстарды локомотивтермен жүргізу кезінде - кемінде 14 м.

260. Тұзды көл аумағындағы барлық әсер етпейтін қазбалар (сынықтар), жұмыстары уақытша тоқтатылған қазбалар қоршалады және ескерту белгілерімен жарақталады.

261. Бассейннен және көлден ас тұзын өндіру кезінде байыту қалдықтарын жұмыс аймағының қазылған кеңістігіне лақтыруға болмайды.

262. Дизель-генераторлық қондырғысы басқа жабдықпен бірге бір вагонда жөнделген тұз комбайндарының жасанды желдеткіші болады.

263. Тұзды 3 м астам тереңдікте қазатын тұз комбайндары креномерлермен және көлбеудің ауыспалы бұрышына жету туралы хабарлайтын автоматты дабылы болады.

264. Тұз комбайны белгіленген шектен жоғары сынық жағына қарай қисайған кезде машинист тұз өндіру жұмысын тоқтатып, тұз комбайнын қауіпті аймақтан шығарады да, ол жөнінде бақылау тұлғасына хабарлайды.

265. Бір жұмыс жолында екі тұз комбайны жұмыс істеген кезде жұмыс және тиеу жолдары арасында орнатылатын диаметрі 200 мм қызыл түсті дисктің көмегімен әрбір тұз комбайнының жұмыс шегі көрсетіледі.

266. Тұзды көлде тұз комбайны мен басқа тұз өндіруші машиналардың рельс жолдарымен жүру механикалық тәсілмен жүргізіледі.

267. Көлік құралдары жүретін жолдың бойындағы тұзды көлдерде бір-бірінен жүргізушіге кез келген тәулік уақытында және кез келген ауа райында жақсы көрінетін қашықтықта баған белгілері орнатылады.

Көлден тұз шығару үшін қызмет көрсететін теміржол бойына баған белгілерін орнату қажет емес.

268. Тұз шығыр өндіру агрегаттарының араларын ауыстыру және орнату жұмысы технологиялық үдеріске сәйкес жүргізіледі.

269. Экскаваторлар тұзды көлде жұмыс істеген кезде шұңқырлар мен лайлы қабаттардың үлкен қосқыштары жоқ тегіс қабат учаскесінде орнатылады.

270. Тұз қатарының үстіңгі алаңы көлденең немесе 10º аспайтын көтергіштері мен көлбеулері болады.

271. Бассейндердің бас қоректендіру, орлары әрбір 20 м сайын ұзындық бойымен ені кемінде 0,8 м, қанаттары бар ауыспалы көпіршелермен жабдықталады.

Бассейндердің банкеттерімен (біліктерімен) жүруге болмайды.

272. Бассейннің тұз кәсіпшілігінде жиналатын адырының биіктігі:

1) жару жұмыстарын пайдаланбай механикалық күрек түріндегі бір шөмішті экскаваторлармен қазу кезінде - экскаватордың көсіп алу биіктігінен;

2) жару жұмыстарын пайдаланып механикалық күрек түріндегі бір шөмішті экскаваторлармен қазу кезінде - экскаваторлардың бір еселік көсіп алу биіктігінен;

3) қолмен қазу кезінде - 3 м аспайды.

273. Тұз төбесін қолмен қазу кезінде табиғи еңістің бұрышын сақтай отырып, «жерасты жолы» тәсілін пайдаланбай жұмысты жоғарыдан төменге қарай жүргізуге болады.

274. Тұз жинау комбайны жұмыс істеп тұрған кезде:

1) табанның алдыңғы жиегінен 10 м жақын комбайнның алдында жүруге;

2) комбайнда бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.

275. Тұз жинау комбайндары астында оның шөгуін болдырмайтын шараларды жүзеге асырмай реттеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге болмайды.

276. Тұз жинау комбайнның барлық электр сымдары металл құбырларға төселеді немесе тоттанбайтын жабынды кабелден жасалады.

277. Сорғы қондырғыларының сору құдықтары жабылады немесе барлық жағынан кемінде 1,2 м биіктікте қанаттармен қоршалады.

278. Ауырлық күші және жарықтандырғыш электр желілері тікелей бассейннің аумағында кабелдерден жасалады.

279. Кабелдерді тікелей бассейннің түбіне немесе тұзды көлдегі тұз қабатына төсеуге болмайды. Кабелдер тіректерге немесе «айыр» тіректерге төселеді.

280. Тиеу эстакадасы барлық жағынан биіктігі кемінде 1,2 м қанаттармен қоршалады.

Тиеу эстакадасына бөгде адамдардың өтуіне болмайды.

281. Тиеу эстакадасы бойымен орнатылған конвейер арқылы өту үшін әрбір 30 м сайын көпіршелер қанаттармен жабдықталады.

Өту көпіршелерінің ені кемінде 0,8 м болады.

282. Тиеу эстакадасының құрылымын тексеру айына бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі. Тексеру нәтижелері тиеу эстакадаларын тексеру кітабына жазылады.

283. Тұзды шығарумен және өндірумен байланысты тұлғалар тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей қайта медициналық тексерістен өтеді.

284. Тұзды өндіру, тиеу, түсіру, тасымалдау және қайта өңдеу орындарында қорғағыш арматурасы жоқ электр шамдарын пайдалануға болмайды.

285. Тұз өндіру машиналарында іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған орынжай отқа төзімді және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

286. Әрбір тұзды көл мен бассейннің айналасына, ені жобамен белгіленетін санитарлық аймақ орнатылады.



7-тарау. Технологиялық көлікті пайдалану

1. Теміржол көлігі
287. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінің жолы кең (1524 мм) технологиялық теміржол көлігінің жұмысы осы Талаппен және технологиялық регламентпен реттеледі.

288. Теміржолдарды салу, ұстау және жөндеу өнеркәсіптік кәсіпорындардың жолдары 1524 мм болатын теміржолдарды ағымдық ұстау және жөндеу бойынша нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

289. Барлық құрылыс, құрылғылар, жылжымалы құрам және жабдық жобалық құжаттамаға сәйкес болады, техникалық және пайдалану сипаттамалары бар паспорттары болады.

290. Жаңадан салынған және қайта жаңартылған теміржол құрылыстары мен құрылғылары техникалық құжаттама (техникалық-өкімші актілер, технологиялық регламенттер) бекітілгеннен және осы құрылыстар мен құрылғыларға қызмет көрсететін жұмысшылардың көрсетілген құжаттаманы білуі тексерілгеннен кейін тұрақты пайдалануға беріледі.

291. Локомотивтерді басқаруға локомотивтерді басқару құқығына теориялық емтихандар мен практикалық сынақтан өткен тұлғалар жіберіледі.

Локомотивті (электровозды, тепловозды) басқару құқығы осы кәсіпорында локомотив машинисінің көмекшісі ретінде кемінде 6 ай жұмыс өтілі бар тұлғаларға беріледі.

Мотовозды басқару құқығы тиісті емтихандарды тапсырған және кемінде бір ай тағылымдамадан өткен жағдайда автомобиль немесе трактор жүргізуші куәлігі бар, оқудан өткен тұлғаларға беріледі.

292. Жолдың үстіңгі құрылысы қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес болады. Балластсыз теміржолдарды пайдалануға болмайды. Жылжымалы жолдар үшін балласт ретінде балшық, өсімдік топырағы және осы сияқтылардан басқа, жергілікті материалдары қолдануға болады.

Жылжымалы жолдардың жіктерін қосатын бұрандалар саны кемінде төртеу болады.

293. Карьерлердегі жылжымалы теміржолдар шашырандылар мен қардан тазартылады, мерзім сайын олардың жобаға сәйкестігі аспаппен тексеріледі. Тазалау және тексеру тәртібін, мерзімдерін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

Карьерлердегі теміржолдар мен автожолдарды пайдалануға беруді, пайдалану мен жоюды бақылау үшін тау-кен жұмыстарының жоспарына енгізілген, ай сайын толтырылатын көлік коммуникацияларының кестесі әзірленеді.

294. Тиелген немесе тиеуге дайындаған жүктер жолдың жанына орналастырылады және құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп орнатылады.

Жүктер (жол жұмыстары үшін тиелетін балласттардан басқа) биіктігі 1200 мм дейін болғанда соңғы рельс бастиегінің сыртқы шегінен кемінде 2 м қашықтықта, ал биіктігі жоғары болғанда кемінде 2,5 м болады.

295. Жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп келтіретін бағыт көрсеткіштерді пайдалануға болмайды:

1) бағыттаушы ұштардың ажырауы;

2) ұштың алғашқы тартылыс күшіне қарсы өлшенетін рамалық рельстен 4 мм және одан артық кем болуы;

3) ұзындығы 200 мм астам ұштың-басын, 300 мм астам-қабылдау-жөнелту және 400 мм – тұрақты станция жолдарында сырлау;

4) ұштың рамалық рельске қатысты 2 мм және одан астам төмендеуі;

5) мынадай:

Р-50 түріндегі және жеңіл басты жолда 8 мм және одан аста, қабылдау-жөнелту жолдарында 10 мм және одан астам, тұрақты станция жолдарында 14 мм және одан астам құрайтын;

Р-65 түріндегі және ауыр – басты жолда 10 мм және одан астам, қабылдау-жөнелту жолдарында 12 мм және одан астам, тұрақты станция жолдарында 14 мм және одан астам құрайтын рамалық рельстердің тігінен тозуы;

6) өзекшенің ені 40 мм, басты жолдарда 6 мм астам, қабылдау-жөнелту жолдарында 8 мм және тұрақты станция жолдарында 10 мм қимадағы айқастырма өзекшелердің тігінен тозуы;

7) айқастырма өзекшесінің жұмыс канты мен контр рельс бастиегінің жұмыс шегі арасындағы қашықтық 1474 мм кем;

9) ұштың, рамалық рельстің, айқастырманың (өзекшенің, сағаның) немесе контр рельстің сынуы;

10) контр рельс бұрандасының қирауы, ұштардың түбіндегі бекіткіш бұрандалардың босауы.

296. Электрлік орталықтандырғышпен жабдықталған станциялар мен бекеттерде көрсеткіштер мен жолдарды қардан, жыныстан және басқасынан тазарту механикаландырылған тәсілмен автоматты түрде жүргізіледі. Қолмен тазартуды кемінде тұлға жүргізуі қажет, олардың біреуі сигнал берушінің міндеттерін орындайды және өзімен бірге қолмен сигнал беру жалаушалары, ал түнгі тәулік уақытында тұман және бұрқасын кезінде жағылған сигнал шамы болады.

297. Орталықтан бұғаттағыш жүйесі (бұдан әрі - ОБЖ) мен байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартылыс тогының, электр берілісінің әуе желілері мен найзағай оғының кедергі келтіретін және қауіпті әсерінен қорғалады. ОБЖ, автобұғаттағыш және байланыс құрылғыларын бақылау ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.

298. Қолмен қызмет көрсететін бағыт ауыстырғыштар жарықтандырылатын немесе жарықтандырылмайтын көрсеткіштермен жабдықталады. Бағыттарды жарықтандырылатын және жарықтандырылмайтын деп бөлу станцияның техникалық-өкімші актісінде белгіленеді.

299. Пойыздар қарқынды қозғалатын теміржол арқылы адамдар тұрақты жүретін орындарда түнгі тәулік мезгілінде жарықтандырылатын өту туннелдері, көпіршелер немесе жолдар орналасады.

Жолмен белгіленбеген орындардан өтуге болмайды.

300. Өту жолдарын салу қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерін ескере отырып жүргізіледі. Карьердің тұрақты теміржолдарында үлгі жолдар орналасады. Уақытша теміржолдардағы өту жолдары көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді және мыналар:

1) жолдың өту бөлігінің ені:

бір жолақты қозғалыс кезінде жүк көтергіштігі 10 т дейін автосамосвалдар үшін – кемінде 7,5 м, екі жолақты – кемінде 10 м;

жүк көтергіштігі 10 т астам автосамосвалдар үшін – 10-нан 22 м дейін;

2) жазық алаңы немесе 10 % дейін көлбеу;

3) кескін өзгерісі соңғы рельстен 5 м қашықтықта орналасады;

4) өту жолына жақын бойлық көлбеулер 50 % аспауы қажет;

5) тұтас төсем;

6) қиылысу бұрышы кемінде 45°;

7) үлгілік ескерту белгілері;

8) биіктігі байланыс жетегінің аспа биіктігінен 0,5 м кем емес электрлендірілген жолдар үшін габариттік қақпа болады;

9) өту жолының екі жағынан тежегіш жолының ұзындығынан кем болмайтындай қашықтықта локомотив машинисіне ысқырық беру туралы «С» деген сигналдық белгі орнатылады.

Барлық өту жолдарының электрлік жарықтандырғышы болады.

Өту жолдарын жіктеуді және оларды күзету тәртібін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

Автобұғаттышы бар учаскелердегі күзетілмейтін өту жолдары автоматты өту дабылмен жабдықталады.

301. Шлагбаумдардың қалыпты орны:

автоматтандырылған өту жолы – ашық;

автоматтандырылмаған – жабық.

Барлық күзетілетін өту жолдары жарықтандырылады және жақын орналасқан станцияның кезекшісімен немесе диспетчерімен тікелей телефон байланысы болады.

Тежегіш жолдың қашықтығында өту жолының екі жағынан локомотив машинисіне арналған ескерту белгілері орнатылады.

302. Өту жолдары арқылы ірі габаритті технологиялық жабдық пен габариттік емес жүктерді өткізу және жөнелту бақылау тұлғасының тексеруімен технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

303. Теміржолдарды электр желілерімен, байланыспен, мұнай құбырымен, су жолымен және басқа да жер бетіндегі және жер астындағы құрылғылармен қиылыстыруға байланысты барлық жұмыстар жұмысты ұйымдастыру тәртібіне (бұдан әрі – ЖҰТ) сәйкес жүргізіледі.

304. Жол бөгетінің құрылғылары (түсірілетін башмактар немесе тілшелер, бұрылыс бөренелері) олардың орны бөгелген жағдайда жылжымалы құрамның олар орналасқан жолдан шығуына жол бермейді.

305. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

Мыналарға:

1) жылжымалы құрамың жүруі үшін қауіпті жұмыс істеу орындарын сигналдармен қоршағанға дейін жұмысты бастауға;

2) жұмыс орнын қоршап тұрған сигналдарды олар әбден аяқталғанша, жолдың жағдайын, байланыс желісі мен габариттің сақталуын тексергенге дейін сигналдарды алуға болмайды.

Жылжымалы құрамның жүруі үшін қауіпті жолдардың учаскелеріндегі жұмыс орындары пойыздың келу-келмеуіне қарамастан, екі жағынан сигналдармен қоршалады.

Жол жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын ауысымның техникалық басшысы жұмысшыларға осы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу шарттары туралы нұсқау береді және пойыздар өткен кезде жұмысшылардың қайда баратын орындарын көрсетеді, станция кезекшісін ескертеді және онымен жұмыс жағдайын келіседі.

306. Станция жолдарында станция кезекшісінің келісімінсіз және жұмыс басшысының жолдарды, бағыт көрсеткіштерді, ОБЖ құрылғыларын, байланыс пен байланыс тораптарын тексеру журналына алдын ала жазба жүргізбей, тоқтату сигналымен қоршауды немесе жылдамдықты азайтуды қажет ететін жұмыстарды жүргізуге болмайды.

Кернеуді алуды және тоқтату сигналдарымен қоршауды немесе жылдамдықты азайтуды қажет ететін, бірақ жолдың тұтастығы мен жасанды құрылыстарды бұзбай, станцияның байланыс желілерінде жұмыс жүргізу кезінде жұмыстың басталуы және аяқталуы туралы жазбаны сол журналда жұмыс басшысының станция кезекшісіне беретін тіркелген телефонограммасымен ауыстыруға болады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыларды қолданысқа беруді жолдарды, бағыт көрсеткіштерді, ОБЖ құрылғыларын, байланыс пен байланыс тораптарын тексеру журналындағы жұмыс басшысының жазбасы немесе сол журналдағы жұмыс басшысының станция кезекшісіне беріп, тіркелген жұмыс басшысы тәулік ішінде қолын қойған телефонограмманың негізінде станция кезекшісі жүргізеді.

307. Жылжымалы құрам оның үздіксіз жұмыс істеуі мен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жарамды күйде ұсталады.

308. Барлық локомотивтер автоматты және қолмен тежегіштермен жабдықталады.

Вагон моторы, жылжымалы құрам және думпкарлар автоматты тежегішпен жабдықталады.

309. Жылжымалы құрамның автоматты тежегіші белгіленген тежегіш жолынан аспайтын қашықтықта шұғыл тежеген жағдайда пойыздың тоқтауына мүмкіндік беретін тежегіштің басылуын, тежегіштің жатықтығын, тежегіш магистралы ажыраған немесе үзілген жағдайда пойыздың тоқтауын қамтамасыз етеді.

Автоматты тежегіштер вагондардың тиелуіне және жолдың кескініне байланысты әр түрлі тежеу режимін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

310. Локомотивтер мен басқа да өздігінен жүретін машиналарды:

1) дыбыстық сигнал беру құрылғыларының;

2) өртке қарсы жабдықтың;

3) тежегіштер мен компрессорлардың;

4) локомотивтегі немесе машинистегі радио байланысының;

5) локомотивке бір машинист қызмет көрсеткен кезде қырағылықты бұғаттағыш құрылғысының;

6) авто шынжыр құрылғыларының;

7) құм беру жүйесінің;

8) прожектордың, буфер шамының, жарықтандырғыштың, бақылау-өлшеу аспаптарының;

9) жоғары вольты камераны қорғау бұғаттағышының;

10) қысқа тұйықталу тогынан, шамадан тыс жүктемеден және шамадан тыс кернеуден, дизелдің авариялық тоқтауынан қорғау құрылғысының;

11) бөлшектердің жолға құлауынан алдын ала сақтандыру құрылымдарының;

12) электр жабдығының қорғағыш қабатының;

13) дизелдің немесе дизелде бөтен дыбыс пайда болған кезде;

14) автотоқтау, жалпы пайдаланылатын жолға шығу құқы бар локомотив үшін автоматты локомотив дабылының ақауы болған жағдайда теміржолда пайдалануға болмайды.

Локомотивте екі компрессор болған жағдайда оны бір жарамды компрессормен пайдалануға болады.

311. Жылжымалы құрамды өздігінен жүруден (қозғалыстан) бекітпей жұмыс күйінде қалдыруға болмайды. Тежегіш құралдарын бекіту тәртібі мен саны теміржол станциясының техникалық-өкімші актімен (бұдан әрі – ТӨА) регламенттеледі.

312. Мынадай:

1) дөңгелек жұбының кез келген бөлігінде сызат;

2) арба белбеуінде немесе құйма арбасының бүйірінде сызат;

3) орнатылған арқалықтардың немесе көлденең байланыстың үзілуі;

4) баған немесе тайғанақ бұрандаманың үзілуі;

5) қабылдау аппараты авто шынжырының немесе авто шынжыр құрылғысының тартылыс қамытының үзілуі немесе сызат түсуі;

6) жота, бүйір, шүберін арқалықтарының немесе буфер бөренесінің қирауы немесе сызат алуы (көлденеңнен тік қабатқа шығатын);

7) тасымалданатын жүктердің сақталуы мен қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп келтіретін жарты вагондар мен хопперлердегі шанақтар , ілмек тетіктерінің ақауы;

8) ауыстыруды қажет жетектер, балқыған немесе сынған жетек мойынтіректері, жетек қақпағының болмауы;

9) арбаның екі жағынан сырғанақтар арасында 20 мм астам және жүк вагондарында 2 мм кем жиынтық саңылау сияқты ақаулықтардың біреуі болған жағдайда вагондарды пайдалануға болмайды.

Мынадай:

1) аударылмалы цилиндрінің (сызат, бекіткіштің босауы, ауаның шығуы);

2) аударылмалы және бойлық ернеуді ашатын тұтқа режимінің;

3) басқару крандарының;

4) белгіленген нормадан тыс ауасы шыққан, бірақ кез келген жағдайда минутына 50 кПа (0,5 атм) астам жүк түсіру магистралінің;

5) табан мен ернеу арасында 70 мм астам саңылау пайда болған кезде көтерілетін ернеулері бар думпкаларда иілген шанақ рамасының ақаулары бар думпкарларды пайдалануға болмайды.

313. Локомотив бригадасының құрамы мен олардың локомотивтерге қызмет көрсету тәртібін ұйымның техникалық басшысы локомотивтердің түрі мен жергілікті жұмыс жағдайына байланысты анықтайды.

Бір локомотив бригадасы электрлік және тепловозбен тартқан кезде бір кабинадан басқарылатын бірнеше локомотивтерге қызмет көрсетуіне болады.

Локомотивке машинистің пойызды жүргізу қабілетінен кенет айрылған жағдайда автоматты тоқтату құрылғылары болған кезде бір машинистің қызмет көрсетуіне болады.

314. Ашық тау-кен жұмысы объектісінің теміржолында пойыздардың қозғалу жылдамдығы қолданылатын жылжымалы құрамға, жоғарғы қабатқа және жолдың кескініне, жергілікті жағдайларға байланысты ұйымның теміржол көлігін пайдалану жөніндегі технологиялық регламентімен белгіленеді.

315. Аралықтар (станция аралық, бекет аралық) мен блок-учаскелерде бір пойыздың болуына жол беріледі.

316. Электрлендірілген жолдарда наряд бойынша кранмен жұмыс істеу мен байланыс желісінің құрылғылары ажыратылған жағдайлардан басқа жағдайларда тілшелері көтерілген крандардың қозғалуына жол берілмейді.

317. Теміржолдарды аталған жүкті көтеруге арналған құрылғылармен жабдықталмаған машиналармен және тетіктермен бөлшектеуге және төсеуге болмайды.

318. Рельс буындарын тиісті бекіткішсіз орнатылған алмалы-салмалы бірыңғай жабдығы бар теміржол платформасында тіректермен және шектеу шынжырларымен тасымалдауға жол берілмейді.

319. Кенжар және үйінді теміржолдары түнгі тәулік мезгілінде жарықтандырылатын немесе жарық түсіретін бояулармен сырланған, рельс соңынан кемінде 10 м қашықтықта бекітілген сақтандыру тіректерімен, қоршау сигналдарымен аяқталады.

320. Кенжар және үйінді жолдарының (тұйықтарының) жұмыс істемейтін бөлігінде крандарды, жол көрсеткіштер мен басқа да тетіктерді оларға жылжымалы құрамның өтуін немесе олардың жолдың жұмыс бөлігіне өтуін болдырмайтын құрылғылармен қоршамай қалдыруға болмайды.

Жылжымалы құрамның ұстап қалатын және сақтандырғыш тұйықтарына тұруына болмайды.

321. Пойыздың вагондарымен алдынан тежегіш алаңы немесе пойыздың кондуктор отыратын жағындағы ақауы жоқ табаны бар алдыңғы вагон болған жағдайда жүруіне болады.

Мамандандырылған технологиялық пойыздардың алдыңғы вагонда (думпкарда) тиісті дыбыс, ал түнгі тәулік мезгілінде жарық сигналы болған жағдайда кондукторсыз вагондарымен алдынан жүруіне болады. Бұл жағдайда тұрақтарда маневрлік жұмыс істеген кезде құрастырушы (маневр жетекшісі) міндетін осы мақсатта оқылған машинист көмекшісіне жүктеуге болады.

Аралыққа жүктерді тиеу және түсіру тұйығына кондукторсыз және дыбыс пен жарық сигналысыз вагондарымен алдынан жіберілетін шаруашылық пойызын шүлдік саны 12 аспайтын вагондардан (думпкарлардан) құрастыруға болады.

322. Вагондарды тиеу тиеудің паспортына сәйкес жүргізіледі. Бір жақты габариттен жоғары тиеуге, вагондардың жүк көтергішінен артық тиеуге болмайды.

323. Вагондардың құрам көлбеуде тоқтаған кезде пневматикалық қолмен тежегіш қолданылады және дөңгелектің астынан тежеу башмактары төселеді.

Тіркеуден ажыратылған вагондар олардың көлбеуге өздігінен жылжуынан сақтау үшін тежеледі.

324. Адамдарды тасымалдау үшін жүк пойыздарының құрамына вагондарды тіркеуге болмайды. Жол жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды технологиялық регламентке сәйкес осы мақсатқа арналған жөндеу пойызына тіркелген вагонда, жолда жүру машиналарында тасымалдауға болады.

325. Тиеу (түсіру) кезінде теміржол құрамдарын беру және қозғау экскаватор машинисінің немесе тиеу құрылғысы операторының рұқсат беретін сигналы бойынша жүргізіледі.

326. 60 % жетекші көлбеулерде жұмыс істеу кезінде жылжымалы құрам тез әсер ететін тежегіштермен (электр пневматикалық немесе басқа) жабдықталады. Көлбеуі 40-таң 60% дейінгі жолдардың учаскелеріндегі жылжымалы құрамның тартылыс және тежегіш есептерімен анықталатын жеткілікті тарту және оларды тежеу қамтамасыз етілген кезде жұмыс істеуіне болады.

327. 40-тан 60 % дейінгі көлбеулерде тез әсер ететін тежегіштермен жабдықталмаған шаруашылық пойыздарының технологиялық регламенттің талаптарын сақтай отырып, қосымша локомотивті пайдалана отырып жұмыс істеуіне жол беріледі.

328. Кейбір жағдайларда тартылыс агрегаттарын пайдалану кезінде 60 % дейінгі көлбеулерде қоса алғанда тиеуге, технологиялық регламентте белгіленген қауіпсіздік шараларын әзірлеу кезінде 40 % дейінгі көлбеулерде қоса алғанда түсіруге болады.

329. Станция жолдарында маневрлер станция кезекшісінің немесе маневр диспетчерінің, ал диспетчерлік орталықпен жабдықталған учаскелерде пойыз диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Жылжымалы құрамды жөндеу жолдарындағы маневрлер депо кезекшісінің немесе осы жолдарда маневрлеуді басқару тапсырылған басқа тұлғаның жеке нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Маневрлік жұмысты басқару аймағын шектеу, маневрлерді орындайтын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу станцияның техникалық-өкімші актісімен белгіленеді.


2. Автомобиль көлігі
330. Автомобиль жолдарының жоспары мен кескіні қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес болады.

Жолдарға арналған жер төсемі қатты топырақтан салынады. Төсеу үшін шымдар мен өсімдік қалдықтарын пайдалануға болмайды.

331. Карьер ішіндегі жолдардың өтетін жерінің ені мен бойлық көлбеулері автомобильдер мен автопойыздардың өлшемдері негізінде жобада белгіленеді.

Орға баратын уақытша жолдар олардың бойымен көлік жүрген кезде екі жағынан ені кемінде 1,5 м бос жол қалатындай етіп орнатылады.

332. Жолдың көлбеу ұзақ болған жағдайда (60 % астам) көлбеуі 20 % дейін, ұзындығы кемінде 50 м және ұзын көлбеу ұзындығынан әрбір 600 м сайын алаңдар орнатылады.

333. Автожолдардың жоспардағы радиусы қисық және көлденең көлбеулер қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарын ескере отырып қарастырылады.

Карьер ішіндегі және үйінді жолдарындағы ерекше ығыстырылған жағдайларда жоспардағы қисық радиустар шамасын бір автокөлік есебіне алдыңғы сыртқы дөңгелек бойынша көлік құралдары бұрылыстарының кемінде екі құрылымдық радиустары мен жартылай тіркемелері бар жетектерге кемінде құрылымдық радиустары өлшемінде қабылдауға болады.

334. Карьердің контуры ішіндегі автомобиль жолының өтетін бөлігі (кенжар жолынан басқа) ықтимал құлау призмасынан жыныстық білігімен немесе қорғағыш қабырғаларымен қоршалады. Жыныс білігінің биіктігі карьерде пайдаланылатын автокөлікте жүк көтергіштігі бойынша ең үлкен дөңгелектің диаметрінің жартысынан кем емес қабылданады. Жыныс білігінің басы арқылы өткізілген тік шүлдік құлау призмасынан тыс орналасады.

Жыныс білігінің ішкі сағасынан (қорғаныш қабырғасынан) бастап өту бөлігіне дейінгі қашықтық карьерде пайдаланылатын жүк көтергіштігі ең үлкен автомобильдің дөңгелегінің диаметрінен кемінде 0,5 болады.

335. Қысқы уақытта автожолдар қар мен мұздан тазартылады және құм, шлак, ұсақ тас төселеді немесе арнайы құраммен өңделеді.

336. Әрбір автомобильдің оның техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтитын техникалық паспорты болады. Пайдаланылатын карьер автомобильдері:

1) өрт сөндіру құралдарымен;

2) авариялық тоқтату белгілерімен;

3) медициналық сөмкемен;

4) дөңгелектің астынан төсеу үшін тіректермен (башмактармен);

5) артқа қарай қозғалған кезде дыбыстық үзік сигналымен;

6) ЖЛ астынан шанақ көтергішті бұғаттау (дабылымен) құрылғысымен (жүк көтергіштігі 30 және одан астам автосамосвалдар үшін);

7) артқы жағын көрсететін екі айнамен;

8) байланыс құралдарымен жинақталады.

Егер автомобильдердің қозғалыс қауіпсіздігін, автокөлікті пайдалану технологиясында қарастырылған басқа да жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық агрегаттары мен тораптары техникалық жарамды күйде болып, жанармай қоры мен дайындаушы зауыт қарастырған аспаптар жинағы болған жағдайда оларды желіге жіберуге болады.

Май мен суды қыздыру үшін ашық отты (дәнекерлеу шамдарын, алауларды және басқаларын) пайдалануға болмайды.

Осы мақсаттағы ашық тау-кен жұмыстары машина тұрағы орындарында тұрақты бу жылыту бекеттерімен қамтамасыз етіледі.

Жүргізушілердің өздерімен бірге автомобиль жүргізу құқығын беретін құжаты болады.

Дизель-электр трансмиссиясы бар автокөліктерді басқаратын жүргізушілердің электр қауіпсіздігі бойынша II төмен емес біліктілік тобы болады.

337. Күрделі жөндеу жүргізу кезінде және дайындаушы зауыттың (тізбе бойынша) көрсеткен мерзімінде кезекті пайдалану барысында қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін үлкен көлемді автосамосвалдардың тораптарының, бөлшектері мен агрегаттарының ақауын дефектоскопиялау жүргізіледі.

338. Карьер жолындағы автомобильдердің, автомобиль мен трактор пойыздарының жылдамдығы мен тәртібін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

Жүк көтергіштігі 27 т және одан астам ақауы бар автосамосвалдарды буксирлеу тягачтармен жүзеге асырылады. Ақауы бар автосамосвалдарды жолдың жиегінде қалдыруға болмайды.

Автосамосвалды авариялық қатардан шыққан жағдайда автомобилді екі жағынан ескерту белгілерімен қоршаған кезде ғана жолдың жиегінде қысқа мерзімге қалдыруға болады.

339. Технологиялық жолдардағы қозғалыс қолданыстағы жолда жүру ережесінде қарастырылған жол белгілерімен реттеледі.

Басқа ұйымдардың автомобильдерінің, тракторларының, тягачтарының, жүк тиегіштерінің, жүк көтеру машиналары мен басқаларының тау-кен үйіндісі аймағына бір рет өтуі (машинист) жүргізушісі журналға жазып нұсқаулықтан өткеннен кейін объектіні пайдаланушы ұйым әкімшілігінің рұқсатымен жүргізіледі.

340. Автосамосвалдардың техникалық жай-күйін, жолда жүру ережесінің сақталуын бақылауды ұйымның бақылау тұлғасы, ал автокөлікті мердігер ұйым пайдаланған кезде мердігер ұйымның бақылау тұлғасы қамтамасыз етеді.

341. Желіге шығару және гаражға оралу кезінде жүргізушілер мен бақылау тұлғалары техникалық регламентте белгіленген тәртіпте және көлемде автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін рейс алдында және рейстен кейін бақылауды қамтамасыз етеді.

342. Технологиялық жолдарда автомобильдердің бір-бірін қуып озып жүрулеріне болмайды.

Техникалық қозғалыс жылдамдығы әр түрлі автомобильдерді пайдалану кезінде қауіпсіз қозғалыс жағдайлары қамтамасыз етілген кезде озып жүруге болады.

343. Тау-кен қазындысын автомобильге (автопойызға) экскаваторларға тиеу кезінде төмендегі шарттар орындалады:

1) тиеу үшін кезекте тұрған автомобиль (автопойыз) экскаватордың шөміші жұмыс істеп радиустан тыс орналасады және экскаватордың машинисі рұқсат беру сигналын бергеннен кейін ғана тиеуге қойылады;

2) тиеу үшін келген автомобиль экскаватордың машинисі көретін шекте орналасады;

3) тиеу үшін келген автомобиль тежеледі;

4) автомобиль шанағына тиеу артынан немесе жанынан жүргізіледі, экскаватор шөмішін автомобильдің немесе трактордың кабинасы үстімен қозғалтуға болмайды;

5) жүкті түсіру биіктігі мүмкін болатын шегінен аз болады және барлық жағдайда 3 м аспайды;

6) жүк тиелген автомобиль (автопойыз) жүк түсіру бекетіне экскаватор машинисінің рұқсат беру сигналынан кейін жіберіледі.

Автомобильді бір жақты, габариттен жоғары, белгіленген жүк көтергіштен асырып тиеуге болмайды.

344. Ашық тау-кен жұмыстарында пайдалануға арналған автосамосвал кабинасы жүк тиеу кезіндегі жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғағыш қалқаншамен жабылады.

Қорғағыш қалғанша болмаған жағдайда автомобиль жүргізушісі жүк тиеу кезінде кабинадан шығады және экскаватор (жүк тиегіш) шөмішінің ең үлкен жұмыс істеу радиусынан тыс болады.

345. Желіде жұмыс істеген кезде:

1) автомобильдің шанағын көтеріп жүруіне;

2) экскаватор машинисінің сигналсыз экскаватордың астында кез келген маневрлеу жұмысын жүргізуге;

3) электр беру желілерінің астынан тоқтауға, жөндеуге және жүк түсіруге;

4) тиеу бекетіне 30 м астам қашықтықта артқы жағымен жүруге (ор қазу жұмыстарынан басқа);

5) тиеу паспорты бұзылған жағдайда қозғалуға (бір жақты тиеу, 10% артық тиеу);

6) сақтандырғыш жабындарсыз жерге төселген кабельдер арқылы өтуге;

7) кабинада бөгде адамдарды тасымалдауға;

8) шанақ әбден көтерілгенше немесе түсірілгенше автомобиль кабинасынан шығуға;

9) автомобильдің еңісте немесе дөңде тоқтауына болмайды. Автомобиль техникалық ақаулық салдарынан дөңде немесе еңісте тоқтаған жағдайда жүргізуші автомобильдің өздігінен қозғалуын болдырмау шараларын қолданады;

10) жақын орналасқан рельстен кемінде 5 м қашықтықта теміржол бойымен жүруге;

11) қозғалтқышты іске қосу құрылғысының ақауы бар автомобильді пайдалануға болмайды.

Барлық жағдайда автомобиль артымен жүрген кезде үздіксіз дыбыс сигналы беріледі.

346. Шанақты жабысқан және қатып қалған тау-кен қазындысынан тазарту механикалық немесе өзге де құралдарды пайдалана отырып, арнайы бөлінген орында жүргізіледі.

347. Дөңгелек жөндеу жұмыстары тетіктермен және қоршаулармен жарықтандырылған орынжайларда немесе учаскелерде жүзеге асырылады. Дөңгелек жөндеу жұмыстарын орындайтын тұлғалар оқудан және нұсқаулықтан өтеді.

348. Тиеу-түсіру бекеттерінің тиеу құралдарын, автомобильдерді, автопойыздарды, бульдозерлерді және технологияға жұмылдырылған басқа да техника мен жабдықты маневрлеуге арналған фронты болады.

Машиналардың артымен жүруін шектеу үшін жүк түсіру алаңдарының биіктігі кемінде 0,7 м сақтандырғыш қабырғасы (білігі) болады.

349. Барлық жүк тиеу орындары, вираждар, күрделі тайғанақ құламалар, карьер ішіндегі жолдар түнгі тәулік мезгілінде жарықтандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет