10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет13/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Қазақ тілі

 

Театр және кино өнері

Өнерлі өрге жүзер.

Мақал.

 Қазақ халқы – өнер сүйген, оны ерекше қастерлеген халық. Ерте кезде-ақ қазақ даласында ән мен күй, өлең мен айтыс, сәулет пен зергерлік өнерлері мықтап дамыған. Театр, көркемсурет және кино өнерлері кейінгі жылдары ғана өрістей бастады.

1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш драма театры ашылды. Оның беташары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы болды.

Кино өнері қазақ жеріне отызыншы жылдары ғана келді. Б.Майлин, Ғ. Мүсірепов, В.С.Ивановтың бірігіп жазған «Аманкелді» фильмі 1938 жылы экранға шықты.

Қазақ музыка мәдениетінің өсіп, дамуына күш жұмсаған академик А.Жұбанов, композиторлар М.Төлебаев, Қ.Қожамияров, Ғ.Жұбанова, Л.Хамиди, әншілер – КСРО Халық әртістері – Р.Абдуллин, К.Байсейітова, Р.Бағланова, Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, т.б.

Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамыды. Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, Қазақтың хор капелласы, симфония оркестрі, Қазақтың классикалық балеті, т.б. жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда қазақ елінде театр өнері де, кино өнері де өте жақсы дамыған. Бүгінде отандастарымыз соңғы шыққан туындыларға жоғары баға беруде. «Батыр Баян», «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Құнанбай», т.б. фильмдер халық жақсы қабылдаған туындылар болды.

Біздің қаламызда С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, К.С.Станиславский атындағы орыс драма театры, музыкалық комедия театры, «Сарыарқа» кинотеатры, т.б. бар.

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: өнер сүйген, қастерлеген, зергерлік өнер, күш жұмсаған, туынды, баға беруде, қабылдаған, жаужүрек.
  • Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
  • Жалпылау есімдіктерін еске түсіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
  • Сұрақтарға жауап беріңіз:
  • Кино мен театрдың өмірдегі ролі қандай?
  • Қазақтың ұлттық музыка аспаптарын атаңыз.
  • Қазақтың тұңғыш драма театры қашан ашылды?
  • Алғаш қойылған пьеса қандай пьеса?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет