10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна


Ұлы мәртебелі уақыт Уақыт алтыннан қымбат



бет12/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Қазақ тілі

Ұлы мәртебелі уақыт

Уақыт алтыннан қымбат.

Мақал.

 Адам уақытқа тәуелді. Адамның еңбегі, қызметі, жасаған өмірі – бәрі уақытпен өлшенеді. Жетістікке жеткен адам тек еңбекқор, жауапты адам ғана емес, ол - уақытын тиімді пайдаланған адам.

Барлық адамға, қарапайым адамға да, патшаға да тәулігіне 24 сағат қана уақыт беріледі. Осы 24 сағатты кім қалай жаратады? Ол сол адамның өзіне байланысты. Қазақ халқында «жақсыменен өткізген жарты күнің жаманның өтіп кеткен өміріндей» деген сөз бар. Дұрыс айтылған. Адам, біріншіден, өз күнін дұрыс жоспарлай білуі керек. Екіншіден, жақсы адамдармен көбірек араласуы қажет. Жақсы адамның қасында жүрсең, үйренерің көп болады.

Адамның барлығы дүниеге сәби, пәк күйінде келеді. Туылған нәрестелердің барлығы періште. Жылдар өтеді, отбасы, мектеп, ересектер өмірі, қартаю. Бірақ қарт адамның барлығы бір емес. Барлығы бірдей дана, елге сыйлы адам емес. Неге? Қателік қай жерден кетті?

Кей сұрақтардың шешімін табу қиын. Кей қайғыны көтеру мүмкін емес. Қасыңдағы адамдар кей қиындықты жеңуге көмектесе алмайтын кездер болады. Осындай сәттердегі жалғыз емші – уақыт. Я, уақыт-емші. Бұл уақыттың тағы бір қасиеті.

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: тәуелді, өлшенеді, еңбекқор, жауапты, тиімді, қарапайым, тәулік, жаратады, жоспарлай білу, араласу, пәк, періште, қателік, шешім, қайғы, емші, қасиет.
  • Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
  • Бірінші абзацты қайта оқып, толықтырыңыз. Белгілі адамдар өмірінен мысалдар келтіріңіз.
  • Мәтіндегі септік жалғауларының қолданысына назар аударыңыз.
  • Берілген құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыз. Мағыналық түрлерін еске түсіріңіз:
  • Адам уақытқа тәуелді, өйткені . . .
  • Студент уақытты тиімді пайдаланса, . . .
  • Адамның барлығы дүниеге сәби, пәк күйінде келеді, алайда . . .
  • Өзіңдегіні бағалай білмесең, . . .
  • Уақыты бар адам ең бай адам, өйткені . . .


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет