10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет21/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Қазақ тілі

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, сөзтіркестерін құраңыз.
  • Өзіңіз құраған сөз тіркестермен бірнеше сөйлемдер жазыңыз.
  • «2019 жыл – жастар жылы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
  • «Анықтаушы сөз + анықталушы сөз» формасындағы тіркестерге мәтіннен мысал келтіріңіз.
  • «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. . . . ». Толықтырыңыз. «Себебі», «өйткені», «олай ойлайтын себебім», «алайда», «менің ойымша», «мен . . . деп сенемін» тіркестерін қолданыңыз.
  • «Бәсекеге қабілетті ел қандай болуы керек?». Қалай ойлайсыз? Жазып келіңіз.

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

Кез келген елдің экономикасын дамыту үшін ғылым мен техниканы жетілдіру қажет. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да өзгеріп тұрады. Өнертабыс дегеніміз қазір бұрынғыдай күрделі дүние емес. Пайдалы және қарапайым өнертабыстар күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, жақсартады. Мысалы, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар, компьютерлер ой-өрісті, білімді кеңейтеді; теле-радио жаңалықтардан хабардар етеді және т.б. Әдетте, өнертабыстарды адамдар бір нәрсені жеңілдету немесе ыңғайлы ету мақсатында жасайды.

Адамзат көптеген дүниелер үшін өнертапқыштарға қарыздар, өйткені біз ойлап тапқан заттарды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Илизаров аппаратын ортопед хирург Гавриил Илизаров жасаған; Калашников автоматын Михаил Калашников, Мартен пешін Пьер Мартен, Морзе әліппесін Сэмюэль Морзе, cаксофонды Адольф Сакс ойлап тапқан және т.б

Қазіргі өнертапқыштар да осал емес. Бүгінгі компьютер, байланыс құралдары, электромобиль сияқты көптеген өнертабыстар – біздің замандастарымыздың табысы.

Отандық өнертапқыштарымыз да өздерінің үлестерін қосуда. Мысалы, қарағандылық өнертапқыш, ҚарМТУ профессоры, академик Сәнтай Жетесов «ППЖ-05 пистолет-пулеметін, СПЖ – сарбаздың қол зеңбірегін және «Нұротанк» атауын алған танкі жобасын жасаған. Ал өнертапқыш Нұрлан Төреханов жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігін арттыратын жарық беретін сәулелену таяғын ойлап тапқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет