Қазіргі таңда БАҚ-тың жаңа жағдайда қалыптасуы мен жұмыс iстеуiне саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, құқықтық негiздер ықпал етуде, оның бәрі үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi. Қазақстан халқының алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр. БАҚ таратқан ақпарат сенімді, дәл болуы міндетті. Өйткені, халық ең алдымен ақпарат құралдары таратқан хабарларға сенеді. Сондықтан, мәлімет алынған дерек көздері нақты көрсетіліп, сілтемелер жасалуы тиіс. Сілтеменің ресми, құзырлы орынға немесе қозғалып отырған мәселе бойынша жауапты, жан-жақты мағлұматы бар тұлғаға жасалғаны абзал. Жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Тапсырмалар: - Мәтінді оқыңыз.
- Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
- Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.
- БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметі туралы не білесіз?
- Бүгінгі БАҚ-тың қоғамдық рөлі қандай?
- Ақпарат көздеріне сілтеме берілуі туралы пікіріңіз.
- Қазір ең беделді бұқаралық ақпарат құралы не деп ойлайсыз және неліктен?
- Сіз өзіңізге мәлім ақпаратты БАҚ-тың қай түрімен таратар едіңіз?
Көлік – аса маңызды сала. Бұл сала жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асырады, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастырады. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік қатынасы әсіресе дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Кейбір елдерде адамның, малдың күшімен жүк тасу әлі де бар. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлде жоқ. Сол сияқты, Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдарында, Кариб теңізі маңайындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ. Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді: өндірістік ішкі көлік және көпшілік пайдаланатын көлік. Өндірістік ішкі көлік белгілі бір кәсіпорынға қызмет. Ал көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, т.б.) бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрлері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |